«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» кітапханасында Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының қабылданғанының 22 – жылдығына арналған «Ата заң – кемел келешектің кепілі = Конституция — гарант будущего» тақырыбында жаңа кітап-суретті көрме дайындалды.
Біздің Конституция — Қазақстанның демократиялық дамуының мықты іргетасы, мемлекеттің әлеуметтік-саяси тұрақтылығының кепілі. ҚР Конституциясымен байланысты барлық өзгерістерді көрме материалдарынан көруге болады. 1926 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясынан 2017 жылы 10 наурызында Н.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен қосымшалар туралы» заңына дейін, сонымен қатар, көрмеде Қазақстанның рәміздеріне арналған кітаптар, конституциялық құқық оқулықтары, ҚР Конституциясы туралы талқылау мақалалары, мектеп пен кітапханаларда патриоттық іс-шалалар өткізуге арналған әдістемелік материалдар, суретті материалдар, инфографика қойылған. Көрме филиал оқытушылары, тыңдаушылары үшін және облыс мұғалімдері үшін дайындалған.
Тыңдармандар назарын өзіне аударатын тағы да бір көрме бар! Филиал кітапханасында сертификатталған мұғалімдердің «Жарқын белес» «Заманауи сабақ: оқыту мен оқудағы жаңа әдістер = Современный урок: новые подходы в преподавании и учении» көрмесі өз жұмысын әрі қарай жалғастыруда. 1 кыркүйек, дәстүрлі Білім Күні қарсаңында көрмеге облыс педагогтары үшін өзекті және қажет материалдар қойылған. Бұл жерге заманауи сабақты өткізу және ұйымдастыру технологиялары бойынша әдістемелік кітаптар, «Тренер-Еducation» журналдары және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» оқытушылары дайындаған үздік жұмыстар қойылған. Аталған көрмені виртуалды форматта біздің orley-kost.kz сайтында да қарауға болады. Танысуға шақырамыз!
Л.А.Федас, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының кітапхана бастығы