Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ғылым саласындағы басқару процестерін оңтайландыру мақсатында министрлік тарапынан қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Министрлікпен ҚР Президенті Әкімшілігі, Есеп комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінен келіп түскен ұсынымдар жиналды. Жалпы ҚР БҒМ ғылым саласын гранттық қаржыландыру жүйесіне нормативтік және заңнамалық өзгерістер енгізу қажет екендігімен келіседі. Аталмыш жұмыстың жаңа бағыттары өткен жылы ғылыми қауымдастықпен кең талқыланып, қолдау тапқан болатын.
Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.
Әділдік пен тәуелсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар ғылыми жобаларды қаржыландыру конкурсына қатысушылар тарапынан мүдделер қайшылығын болдырмау мақсатында Рахымжан Нурсеитов Ұлттық ғылыми кеңес құрамына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі өкілдерін және қажет болса, ҚР прокуратура органдары мен Есеп комитетін қосу туралы ұсыныс жасады. Өйткені Ұлттық ғылыми кеңес туралы қолданыстағы ереже оған мүмкіндік береді.
Ғылым комитеті Ұлттық ғылыми кеңес, ғалымдардың өздері, шешімдеріне не министрлік, не Ғылым комитеті әсер ете алмайтын, қаржыландыру алған жобалар бойынша күмәнді шешімдер қабылдады деп санамайды.
Ғылым комитеті барлық ғалымдарға жобалар бойынша ғылыми жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты тұрақты түрде қоғамға беріп тұруды ұсынады.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі