Home » Мақалалар » Колледж көрсеткіші көңіл қуантады

Колледж көрсеткіші көңіл қуантады

Батыс Қазақстан облысы білімге құштар жастармен елге әйгілі болған ерекше өңір. Қай саланы алып қарасаң да ондағы оқу орындары жергілікті жерлерге маман-кадрлерді дайындауда өздерінің ерекшеліктерімен айшықталынып келеді. Солардың қатарында өзім сегіз жылдай еңбек етіп келе жатырған Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің бар болғаны мені қатты қуантады.

Жақында Орал қаласында жұмысшы мамандықтарын даярлайтын колледж студенттері арасында «World Skills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты оздырылған болатын. Онда жоғары деңгейде ұйымдастырылған сол чемпионатқа облыс көлеміндегі барлық колледж студенттері қатысып, болашақ мамандықтары хақында өз бақтарын сынады.

Сайыс деңгейі өте жоғары болды. Оған біздің ауданнан Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі студенттері арасынан бес студент қатысып, болашақ мамандықтары хақында шеберліктерін байқатты.

Жүйріктен жүйрік озатын жарыс барысында сынға түскен студенттерден нағыз шеберлер суырылып алға шықса, біздің колледжден үміткер болып қатысқан колледждің екінші курсында оқитын өзімнің төл студентім Райымбек Өмірзақов «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша жеңімпаздар қатарына ілігіп, қола жүлдені қанжығаға байлады.

Өңірлік чемпионаттың талабы бойынша қатысқан студенттер үш модуль бойынша металдан қаңқа тұрғызып, гипс картон тақтайшасын орнатып және сылақ жұмыстарын орындады. Біз, өңірлік чемпионаттың үздік үштігінен табылып, жүлдегерлер қатарынан көрінген Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің студенті Райымбек Өмірзақовқа Жалпақтал колледжінің барлық ұжымы атынан көптің қолы жете бермейтін жүлдесімен шын жүректен құттықтап, оның алдағы жарқын болашағына толағай табыстар тілейміз.
Жұмысшы мамандығын даярлау барысында Жалпақтал колледж атағы республика көлеміне танылып, жүлдегерлер қатарын көбейте берсін!

Хайруллин Арман Маликович,
БҚО, Орал қаласы, Казталов ауданы
Жалпақтал аграрлық және салалық
технологиялар колледжі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.