5-сәуір күні Қарағанды қаласында Қарағанды облысының білім беруді дамыту орталығы және Қарағанды гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Адами капиталды дамыту негізі ретінде қоғамдық сананы жаңғырту» VІ-облыстық ғылыми-практикалық конференция аясында «Алаш қозғалысы: АЛАШ ИДЕЯСЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БЕРІК ТҰҒЫРЫ» тақырыбында оқытушылар мен студенттер үшін облыстық ғылыми – танымдық конференция және Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттер арасында облыстық эссе байқауы өтті.
Игі шараның мақсаты — Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату. Алаш қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын, оның көшбасшыларының саяси-құқықтық, демократиялық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын, тұжырымдарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеп, зерттеу. Өскелең ұрпақтың шығармашылық-танымдық қабілеті мен зияткерлік әлеуетінің дамуына ықпал ету.
Жиналғандар «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын зерттеуді, «Алаш» ұлттық идеясының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясымен тарихи сабақтастығын анықтауды, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаладағы ұлттық код және латын әліпбиіне көшудегі мақсаттың мәнін ашуды, Ұлттық рух пен тәуелсіз сана қалыптастыруда Алаш идеясының орнын айқындауды міндет еткен.
Аталған іс-шараға 42-ден астам Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысуға өтініш берсе, 100-ден астам оқытушылармен студенттер белсенді түрде қатысты.
Конференцияның пленарлық отырысын ашқан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры Әміров Есжан Сарманқұлұлы «АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ҚАЗЫНАСЫ КЕЛЕР ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ» туралы баяндама жасады.
«Барлық қатысушыларға конференция материалдарының электронндық жинағы және Алғыс хаттар тапсырылды. Эссе байқауының қатысушыларына сертификаттар тапсырылып, байқаудың жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»