Home » Ашық сабақтар »  Колледжге барсам ба екен?

 Колледжге барсам ба екен?

                                                                 

                                                                                                   

                                                                                                                

                                                         

                                                                                      

 

                                                    

Сабақтың мақсаты: Арнайы орта білім жөнінде мағлұмат қалыптастыру, оқуға, білімге баулу.

Сабақтың міндеті: — оқушыларды өз пікірлерін еркін жеткізуге дағдыландыру;

— функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

— зейін қойып тындау, өнегелі білім алу;

— пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Күтілетін нәтиже: — үш тілді меңгерудің қажеттілігін ұғынады;

-колледж туралы толық мағлұмат алады.

Сабақтың көрнекілегі: интербелсенді тақта, постер, түрлі маркерлер, бағалау парағы, кері байланыс парағы.

Модуль: АКТ, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, ОүБ, ОБ, сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту

Сабақтың барысы:

І. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.

  1. Психологиялық ахуал: Сәлемдесу. Сабақта жемісті жұмыс жасауға бағыттау. Топтарға бөліп отырғызу.

Қазақ тілінде. Мұғалім үштілдіктің қажеттігі туралы түсінік береді. Оқушылар ойларын ортаға салады.

«…Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің

негізі, үштілдікті Елдің бәсекеге

қабілеттілігің басты шарты ретінде

 дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.

Біз – Үлкен ел — Үлкен отбасымыз»

(Патриоттық акт «Мәңгілік ел» 26.04.2016ж.) 

  1. Қызығушылықты ояту:Орыс тілінде. «Бәрі өзінің қолында» атты бейне ролик арқылы мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады. Оқушылар қазақ, орыс тілінде өз ойларын, түйінді пікірлерін айтады.

ІІ. Операциялық орындаушылық кезеңі.

  1. Қазақ тілінде.Мұғалім сабақтың тақырыбымен таныстырады. Сабақ мақсатын айқындай алатын жағдай туғызады.

«Ізгілік білімменен алынар,

       «Бар ізгілік білімменен алынар,

            Білімменен аспанға жол салынар»

                                                                                                    Ж.Баласағун

 

 «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай әрі күшті болуымыз керек»

                                                                                                         А.Байтұрсынов

Оқушылар адам өмірінде білімнің маңыздылығы жайлы айтады, жергілікті колледждер туралы білетін мәліметтерді ортаға салады.

  1. Мәтінмен жұмыс. Колледж туралы мәлімет мәтіннің қазақ тілінде беріледі. Оқушылар мазмұнын орыс тілінде түсіндіреді.
  2. 3. Топтық жұмыс. Қазақ тілінде мұғалім оқушыларды 3 топқа жергілікті үш колледж туралы мәтіндер таратылып беріледі. Тапсырма: Берілген мәтіндер арқылы колледж мамандықтарының маңызын айтып беру (постермен жұмыс жасау).

1-топ: Аграрлық техникалық колледжі;

2-топ: Арқалық политехникалық колледжі;

3-топ: Н.Құлжанова атындағы гуманитарлық колледжі.

  1. 4. Ағылшын тілінде.Сөздік жұмысы. Мұғалім колледж мамандық атауларын үш тілде айтуын тапсырады. Оқушылар ағылшын тілінде диалог құрастырады.
  2. Дәптермен жұмыс. Қазақ тілінде. Грамматикалық тапсырма.

1-топ: Берілген сөздерді сөз құрамына талдау. Техникалық, үштілдік, колледждердің, білімін, білімділіктен.

2-топ: Синтаксистік талдау жасау. Қазақстанда колледждер бір мың тоғыз жүз тоқсаныншы жылдардың басында пайда болды.

3-топ: Фонетикалық талдау жасау. Білім, колледж.

  1. Тест.
  2. Жуан және жіңішке дауыстысы бар сөзді табыңыз.

А) Бұлақ

В) Ғалым

С) Сұрақ

Д) Мәселе

Е) Кітап

  1. Ашық буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Ой

В) Жас

С) Ал

Д) Апа

Е) Бас

  1. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.

А) Оқулық

В) Сыныбым

С) Дәптерлер

Д) Екібастұз

  1. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

А) Сабақтас құрмалас сөйлем

В) Жай сөйлем

С) Салалас құрмалас сөйлем

Д) Аралас құрмалас сөйлем

ІІІ. Рефлексиялық бағалау кезеңі.

Қазақ тілінде. Оқушылар стикер арқылы сабақтың тақырыбы бойынша өз пікірлерін білдіреді. Топ басшылары бағалау парағын толтырып, бағатүсінік береді.

ІҮ. Қорытынды.

Ү. Үйге: Эссе жазу. Колледжге барсам ба екен?

 

    Сәуле Толегенқызы Биманова

                                                                                                    Арқалық қаласы,

                                                                                                                       Қостанай облысы       

                                                         М.Әуезов атындағы №5 орта мектебінің

                                                                                      қазақ тілі пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.