Home » Баяндамалар » Кожахметова Акбопе Ауесхановна

Кожахметова Акбопе Ауесхановна

Кожахметова Акбопе Ауесхановна,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
мемлекеттік арнаулы (коррекциялық)
№33 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының
тәрбиешісі

Халық педагогикасын шығармашылық саласында қолдану арқылы балалардың патриоттық сезімін арттыру

 

Жоспар:
І.Кіріспе
А) Этнопедагогика – ежелден келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы.
II.Негізгі бөлім
А) Халық педагогикасының негізгі қасиетті мақсаты
Ә)Халық даналығының тәрбиелік мәні
Б) Ұлттық өнеріміздің бір саласы – ою
В) Топта халық педагогикасын шығармашылық саласында қолдану тәсілдері.
ІІІ. Қорытынды
Халық педагогикасы тосыннан келген жаңалық емес. Ғалымдар тұжырымына сүйенсек, халық педагогикасы ғылым емес. Қай халықтың тәлімгерлік тәжірибесі болмасын, ол адамзат атаулыға ортақ. «Этно» деген грек сөзі дәл осы мағынада «халық» деген мағынаны білдіреді. Халық педагогикасындағы ақыл ой, идея қай халықтың болсын тыныс тіршілігімен, шаруашылық – кәсібімен таныстырып дәріптейді.
Қазіргі тәрбие негізінде халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы, үмітпен қанағаттандыратын сарқылмас қазынасы ұлттық тәрбие жарық жұлдыздай жарқырайды. Ұлттық тәрбиеде халық өзінің болашағына арнаған, асыл жүректе сақтаған тәрбиенің даналық шуақтары, әрбір халықтың өзіне тән эталондық адамгершілік қасиеттері жатыр.
Этностық халықтық тәрбие – әрбір баланың жүрегінің кілтін тауып тәрбиелеу, дәлірек айтсақ жылы сөзбен түсіндіру, үлгі көрсету жамандықтан тиым салу, иландыру.
Этнопедагогика баланы шыдамдылыққа, төзімділікке, қиыншылықты қажымай жеңіп, еңсені түсірмей жоғары ұстап, адамдықтың белгісін жоғалтпауға тәрбиелейді.
Этнопедагогиканың ең биік шыңы – адамгершілік тәрбие тағылымының кең өрісі – халық даналығы. Көңілге түйген әрбір ойдың, жақсы пікірдің тиянақты өзегін түсіндіретін халықтық тағылымның келісті көрініс шешендік сөздерде де түйінделген. Осылардан түйген, адамгершілікпен үндесер әрбір ойдың жасампаз қағидаларын тәлім – тәрбиеде ата – аналардың кәдеге жарата білуі аса маңызды іс.
Ежелден балажан қазақ халқы баланы «жүректің миуасы» болашағым деп қарайды, көңілдің гүлі көздің нұры деп түсінеді, отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі, адамгершіліктің айғағы деп санайды.
Сондықтан да балаға зор игі үміт артып, арманын ұрпағына аманат қып тапсырады.
Ендеше халықтық тәрбие келешекке үміт артып,балалықпен ұштастыра білген. Халық педагогикасының негізгі қасиетті мақсаты «жақсылыққа жақсылық» дегендей өз ұрпағына ізгі ұлттық тәрбие беру, ел жұрт алдында сенімді ақтай білетін азаматты тәрбиелеу. «Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі», ұяда талап қоюшылықпен өскен бала бүкіл әлемге жол тартады. Халық педагогикасының тағы бір игілікті өзегі аға ұрпақ жас ұрпақты баулуда, балаға кешегінің күнімен қарау емес, бүгінгінің биігінен үңілу. Адамға өткен дәуір тарихы – алтын сабақ. Жеті атасын білмеген жетесіздің белгісі.
Ақылың болса ақылға ер
Ақылың болмаса нақылға ер – деп қазақ атам бекер айтпаған болар. «Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елдің малын жейді»- деген. Ендеше ата – бабаның даналық сөзін әбден меңгеріп, киелі түйінін, қасиетті дәстүрді әрі қарай жалғастыру басты мақсаттардың бірегейі.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ұлы мұрағаттарымызға бағытталған «Қазақстан — 2030» стратегиясы осы болашақ ұрпақ тәрбиесі болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасырға лайықты тәрбиелеу. Ата – анадан мұра болып келе жатқан ізгі адамгершілік иманды тәрбиенің тұнық таза суымен сусындатуды талап етеді.
Отанын сүйгіштік әлемдік деңгейдегі білімді игеру, азаматтықтың орасан қасиеті эталондарын яғни маманды әсерлі тәрбиелеу деп білгеніміз жөн.Жас ұрпақтың ой – өрісі, ұлттық психологиясы, оның патриоттық, интернационалдық, сезімі ана тілі арқылы қалыптасатындықтан ,балабақшада ұлы ғұламаларымыздың еңбектерін таныстыруды дамытуымыз керек. Мәдениеті, рухани байлығы құрметтеліп шалқыған халықтың үні әлемге естіледі.
Ақыл тозбайтын
Білім таусылмайтын кен
Ай түнде керек
Ақыл күнде керек – дегендей болашақтың стратегиялық бағдарламасында анық көрсетілген. Межедегідей оқуда үлкен табыстарға жету үшін дүниежүзілік – экономикалық ғылым мен техникалық қағидаларды шешуге қабілетті, білікті маманды даярлау қажет. Әлемдік ұстаз атанған Платонның ұл тәрбиелеп, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз — деген қанатты сөзі біздің жастар тәрбиесі жайлы айтқандай.
Адам санасының қалыптасуында анық нақтылы іс әрекеті мен мамандығы, дәстүрі мен салт санасы, әдет – ғұрпы, әлеуметтік ортасы ықпал етеді. Адам психологиясының қалыптасуында ынтымақтастық пен еңбек әрекетінің орны ерекше.
Еждиһатсыз, мехнатсыз
Табылмас ғылым сарасы – деп ұлы ұстаз Абай айтқандай ғылым жолы оңай да жеңіл де емес. Өз болашағын үлкен жауапкершілікпен тәрбиелеген адам ғана бақытқа жол ашады. Сондай – ақ
Құсты самғататын қанат
Адамды самғататын талант – дегендей, адамның жеке басының алға өзі ұмтылғаны нағыз жемісті қадам болмақ дегенді айтады.
Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері ата- бабадан өшпес өнеге, өмірлік мұра болып келе жатқан, баланы бағып қағып, өсіріп азамат етіп шығару мәселесі тұрғысынан жинақталған тәрбие жөніндегі іс – тәжірибесі. Терең мағынасына үңілсек, ол адамды зерттеу, жан – жақты білу, адамдық болмысын анықтау.
Халық педагогикасының қағидалары ұрпақтан ұрпаққа жалғаса отырып, бірте – бірте сұрыпталып, қордаланған, бай тәжірибесімен кемелденіп, «Халық айтса қалт айтпайды» дегендей дәрежеге жетіп үнемі дамып келеді.
Кезінде өзін – өзі ақтаған, өмірде нақты нәтижесін көрсеткен халық педагогикасының кейбір тәуір жақтары кейінгі кезге дейін ұмытыла да бастаған еді. Жаңару заманы қоғамдағы ірі өзгерістермен бірге ұлттық сананы халықтық қадыр қасиетімізді, әдет – ғұрып, салт дәстүрімізді, психологиялық, табиғи, тарихи, эстетикалық, даралық белгілерімізді жандандыруымызға жол ашты. Қабілетті, дарынды қазақ халқының сан ғасыр бойы жасаған қайталанбас, дербес әдеби әуендік, сәндік қолданбалы өнердің мұралардың қағазға түспегендіктен ұмытылған, жоғалғаны да бар. Сонау скиф – сақтар дәуірінен басталған бірнеше мың ғасырлық тарихы бар. Еділден Алтайға дейінгі кең байтақ жерді алып жатқан дархан халықтың ұшан теңіз мәдени, әдеби қазынасының біздің заманымызға жеткендері- теңіз тамшысындай ғана ауыз әдебиеті,сәндік өнер туындылары мен музыкалық мұралар ғана. Халық іші – ақыл ой мұрасының қайнар көзі. Халықтың өмірлік тәжірибеден түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары мен тұжырымдары, ұқыптылықпен сақтаған әдет – ғұрыптары, салт дәстүрлері даналық асыл ойлары, тәрбие шежіресі болып қалыптасқан.
Халық педагогикасы – халық ауыз әдебиетінде, ақын жыраулардың шығармаларында, халықтық тәрбие дәстүрлерінде,отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен мерекелері, музыкалық туындылары, бейнелеу өнері, қолөнер шығармаларында тәрбиелік мәнде көрініс тапқан. Осының бәрі баланың дұрыс өсуіне, тәрбиелі адам болуына бағытталған. Халық педагогикасының негізгі мақсаты ең алдымен – нағыз адамды тәрбиелеу болып табылады. Яғни, баланы Отанын,елін,жерін сүйетін,бауырмашыл, жолдастыққа адал, ата- анасын құрметтейтін сыпайы азамат етіп тәрбиелеу.
Сондықтан халық педагогикасы арқылы тәрбиелеуді ең алдымен отбасынан және балабақшадан бастаған жөн.
— Балалардың мінез құлқын, тәртібін, жақсы әдеті мен дағдысын, адамгершілік дәрежесіне сай қалыптастыруда халық ауыз әдебиетінің жанрларын қолдану.
— Балалардың отбасына ,Отанға деген сүйіспеншілігін артыру мақсатында оқу іс – әрекеттерді іріктеу.
— Сәндік қолданбалы, бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстырудың тиімді жолдарын қарастыру.
Сан қырлы ұлттық өнеріміздің бір саласы ою өрнектер дер едік. Үңіле білгенге бұл өнердің тылсым сырлары жетерлік. Ою өрнек – ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, халықтың өткен тарихы, рухани – материалдық өмірінің айнасы.
Жаныңа ләззат сыйлайтын эстетикалық мәні зор бұл өнердің адам баласына берері мол.
Десек те, сол ұлы өнеріміз тасада қалып бара жатқандай көрінеді. Кезінде халық өмірінің негізгі бөлшегіне айналған ою – өрнек түрлерін көпшілігіміз тани бермейміз. Мәселен, тұмарша көне дәуірден тіл көзден, кесір кесапаттан сақтайтын киелі ұғым болып қалыптасқан бұйым. Тұмарша ою – өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Кілем бұйымдарының жиегінде, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.Қазақтың ою – өрнектері төрт түрге бөлінеді: өсімдік тектес, жануарлар, геометриялық формада, космогендік (астрологиялық). Бұлардың әрқайсысының өзінің белгілі бір мағынасы бар.
Мүйіз — қазақ оюының негізгі және ең көне мәнері. Ою өрнектің бұл элеиенті мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою өрнегі кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында пайдаланылады. Ілі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерлерінде түрлі мәнерде қолданылады«Гүл» ою – өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып он екі жапырақты ою – өрнекке дейін кездеседі. Кесте тіккенде және киім кешектердің жағасына, қалтасына және жиектеріне салады.
Қазақ қолөнерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі бояу түрлері бар. Олар: қызыл, көк, сары, жасыл, ақ, қара. Бұл бояулардың сол сияқты символдық мәніде бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символОю – өрнектің таралуы қолөнер, тұрмыс заттарының өркендеуіне байланысты. Олардың жаму процестеріне халықтың әлеуметтік сана сезімінің, болмыс тіршілігінің жанданып, мәдениеттің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруына да әсері болады. Сонымен қатар ою – өрнектің өркендеуіне ата бабаларымыздың сезімдік, талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, туған жердің қасиетті топырағы мен тоғай, тауларының құлпырған реңк түрлері, шикізат байлықтары да қатты ықпал етті. Ұлтқа тән өзіндік ою – өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алды. Пішу, үлгі алу және басқа материалға көшіріп әсемдеу, жолдары дамыды. Кілемге, киімге, сырмаққа, ыдысқа, қару жараққа, үй жиһаздарына арналған ою түрлері қалыптасқан. Олай болса, ою – өрнек бүгінгі тіршілік өмірімізге дайын күйінде келмеген. Ою – өрнек адам баласының ақыл ойларының толып толқуы мен жүрегінің лүпілінен өзін айнала қоршаған ортадан туған образдар.
Гүлдің,жапырақтың, жан жануарлардың бейнелері сол қалпында берілмей, көшірілмей, образдар арқылы ою – өрнекке айналып, халыққа ерекше мәнерімен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл халықтың білімінің, шеберлігінің өсіп, ою – өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, данышпандығы.Біздің «Балдәурен — 1» тобында тізім бойынша 14 бала бар. Балалардың барлығы шығармашылық саласындағы сурет, жапсыру, мүсіндеу оқу іс – әрекеттерін жақсы көреді. Әрбір жаңа оқу іс әрекет – жаңа, тың тақырып оларға қуаныш. Өйткені олар әр берілген тапсырманы ынталанып, талпынып, қызығушылықпен орындайды.
Топта балдырғандарға сазбалшықпен, қайшымен ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауды үйретіп, олардың алғашқы қолөнерлік үлгілерінен көрме ұйымдастырылдыМенің алға қойған мақсатым – әр ұйымдастырылған оқу іс әрекетімде балалардың ұлттық өнердің сән және қолөнер түріне деген сүйіспеншіліктерін, көркемдік эстетикалық талғамын дамыту, халықтың тұрмыс салт дәстүріне қызығушылықтарын ояту,шығармашылық ойлау қабілеттерін, мақал мәтелдер арқылы тілдерін байыту болып табылады. Бейнелеу өнерінің жаңа тәсілдерімен таныстырып, оны меңгере білуге, ептілікке, сыйластыққа баулуға, Отанын сүйгіштік, бір – біріне қамқорлық жасау дағдыларына тәрбиелеуге арналған және бағытталған.Мысалыға ер адамның ұлттық киімін шапанын, бас киімін, ою – өрнектермен безендіру арқылы балалардың мәдени эстетикалық рухы дамиды. Ал сәукелені, текеметті, камзолды ұлттық ою – өрнектермен безендіру, салу арқылы балалардың танымы кеңейіп, елге, Отанға, бір біріне деген сүйіспеншілігі артады.
Мүсіндеу оқу іс әрекетінде домбыраны,сырғаны мүсіндеу арқылы бүлдіршіндеріміздің ұлттық рухы, патриоттық сезімі артып, дамиЖапсыруда әр ойылған оюдың сырын, мәнісін, жарасымдылығын түсіндіріп отырамын.Тәрбиеші ретінде мен өз тарапымнан және де балалар бір-біріне оң баға беріп отырады. Өйткені мақтау, мадақтау, марапаттау арқылы баланың шығармашылыққа деген ынтасы артып отырады.Елжандылық, ерлік тақырыбын жырлағанда, Отанға туған мекені мен өскен ортаңа деген сүйіспеншілік жүрегінде бірге лүпілдеп тұрады.Бұлай болатын себебі: Ұлы Отан мен кіші отау – сені бүкіл тағдырың, жаратылысың, жан сырың, бұларсыз сен жоқсың. Ендеше өзіңнің шағын отауыңа, шаңырағы биік үлкен Отаныңа, елің мен жеріңе, туған жер топырағына, өскен ортаңа, айнала өмірге, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік және адамдар арсындағы қарым қатынас мәңгі сөнбес махаббат, адамзат атаулының бәріне ортақ. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыз биіктен көрінгей құрметті әріптестер!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.