Кожамуратова Токжан Ажимукановна,
Астана қаласы, №84 мектеп-лицейі,
музыка пәнінің мұғалімі
Жарқыра, Жайна, Астана!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Кез-келген композитордың, жекелеген тұлғалардың шығармаларын танып білу. Музыка өнерінің туу, даму ерекшеліктеріне байланысты ұғындыру. Композиторлар шығармаларына түсінік беру.
Тәрбиелік:
Халқымыздың музыка өнеріне оқушылардың сүйіспенгшілігін оята отырып, әсемдікке, сұлулыққа деген сезімдерін дамыту, халқымыздың музыкалық өнерінен эстетикалық ләззат алуға тәрбиелеу,
Дамытушылық: Қазіргі заман талабына сай оқушылардың эстетикалық талабын дамыту
Сабақтың түрі: аралас, сабақтан тыс
Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, логикалық кроссворд шешу, әнді жалғастыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, фломастерлер.
Пәнаралық байланыс: Еңбек, сурет, дене шынықтыру, математика.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу
Өткенге оралу
Кезеңдермен таныстыру
Сабақтың барысы:
I Еске түсірейік (өткенді қайталау)
II Біз патриотпыз! (Астананың 20 жылдығына орай сұрақтар, ән айту)
III Музыкалық сауаттылық (ноталарды қол қимылдары арқылы көрсету)
IV менің музыка әлемім (әуен арқылы суреттеу)
Мұғалімнің сөзі: Өнер атаулының ішіндегі қалың көпшілікке ең жақыны музыка болса керек.себебі, ол ана әлдиінен бастап, адамнын бүкіл өмірімен жалғасып жатады Адамның музыкасыз бірде – бір сәті жоқ. Дүние есігін ашқан сәби тіршілікке деген құлшынысын өзінің іңгәлаумен білдіруге, о дүниелік болған жермен қоштасқан кейінгілер жоқтау арқылы зарын сыртқа шығарады.
Ән – күйсіз той – думанның өтпейтіні белгілі музыка еріккенің ермегі немесе жай дыбыстардың тізбегі емес, ол қоғамдық құбылыс. Міне сол себепті бүгінгі тақырып «Өмірдің өзі – ән мен жыр».
I Сұрақтар.
1. аспаптық музыка
• Ішекті музыкалық аспаптарды ата
• Домбыраның құрылысы
• Күй жанры туралы не білесің?
2.Вокалдық музыка
• Қазақтың добыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрді қалай атайды? (дәстүрлі ән айту өнері)
• әнді дұрыс айтудың негізгі ережелері
• хор өнері
4.Заманауи музыка
• Эстрада немесе эстрадамен ән айту («Жеңіл музыка, әсем ән, сиқырлы би, әзіл-оспақ, өлең қоса оқылып қатар жүретін көп жанрлы күрделі өнер)
5. Күйшілік өнер
• Күй атасы (Құрманғазы)
• Сыбызғы аспабының атасы (Сармалай)
• Жыр алыбы (Жамбыл Жабаев)
Мұғалім: Музыка – сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркем өнердің бір түрі. Музыка адамның ішкі жан дүниесін жадыратуға, нәзік сезімдерін оятуға, қоғамдық мақсаттарды дәріптеуге, жалпы өмірдің мән-мағынасын түсініп-білуге көмектеседі. Музыка — әсем дыбыстар тілімен сөйлейтін, сезімге құрылған күрделі өнер. Ол түрлі жанрларға, ұлттық, тарихи, жекеше стильдерге, түрлі музыкалық тілдерге бөлінеді.музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ, асыл ойлары, арман-мақстаты, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы – қасіреті мен түрлі сезім иірімдері бейнеленеді.
Кез-келген пәнді алайық, Мысалы: суретші киім үлгісінің суретін салды делік, тігінші салынған киім үлгісін тікті делік, дайындаушы би қимылдарын үйретті делік, барлығы үйлескен би қимылына не жетпейді?
-Музыка
-Әрине музыка жетпейді.
II Біз патриотпыз! (Астананың 20 жылдығына орай сұрақтар, ән айту)
• ҚР Астанасы қашан құрылды?
• Астананың қандай көшелерін білесің?
• ЭКСПО көрмесіне неше Мемлекет келді?
• Тәуелсіз мемлекетімізге неше жыл?
• Өз Отандарына байланысты қандай әндер білесіңдер?
1. Роза Әлқожаның «Атамекен» әнін орындау
2. Астанаға арнау ( А. Жорабаеваның орындауында)
3. Астана Бота Бейсенованың әнін орындау
III. Әнді жалғастыр:
Мұғалім кез-келген сабақта өтілген әннен үзінді қояды да, кез-келген жерінен тоқтады, ал оқушылар жалғастырады.
Әнді жалғастырып отырған баланың қолына ноталар беріліп отырады.
Қай оқушы көп нота түрлерін жинаса, сол оқушы жеңімпаз атанады.
IV. Сабақты қорытындылау:
Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен сабақты аяқтау.