Қазақ-өткенді қадірлеген,жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана халық.Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы: отбасы,әулет,ауыл,ата-ру,тайпа,топ,одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып, елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым. Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп,бір де шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап,қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ, ғұн, түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес,ақыл-парасат күшімен де,ұрпақ тәрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, «кісі» болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап, бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.Қазақтың тәрбиелеу ілімі қалыптасып, дамып,іске асу барысында талай ұлық ұстаздар туып шықты, әулет мектебінің сан түрі пайда болды. Бұл мектептердің бас ұстаздары ана мен дана,ата мен әже,әке мен шеше,аға мен көке,дос пен таныс,жеңге мен жезде сияқты ұлағатты ұстаздар есімі,іс-әрекеті ел есінде,халық жадында мәңгі сақталған. Ұлы Даланың ұлық ұстаздарының ақыл парасаты мен тәжірибесі негіз-інде: «Көшпелі тұрмысқа сәйкескен,киізтуырдықтыларға (қазақ, қырғыз,монгол) ортақ жас ұрпақты оқытып білім беретін,тәрбиелеп үлгі өнеге көрсететін,еңбек пен өнерге баулитын,өмірге дайындайтын, өздеріне ғана тән (Үйрету-баулу) оқу білім жүйесі қалыптасқан.
Қазақтың түп тұқияны жұмыр Жерге келіп ғұмыр кешкеннен бері: «Тән-Тәңірден,Тәрбие-өзімізден»-деген қағиданы басшылық етіп,«Кісілік» мұратты шамшырақ болдырып, ұрпағын өмірге дайындап,тәлім-тәрбиелік кең тынысты, орасан аумақты,заңғар мақсатты,іс-шара,қимыл-әрекет,жұмыс-шаруа жүргізу, ұйымдастыру, өткізу нәтижесінде: «Бала бақшадағы гүлің,оны тәрбиелеу үлкен ғылым» деген даналық қорытындыға келген. Иә,Қазақ танымында:-тәрбиелеу әрі өнер,әрі ілім. Түбі бір,бар қазақ отау тігіп, орда көтеріп, тамырын тереңге жайып өсіп-өне отырып,бір шаңыраққа топтасып әулеттік тұғыр,тектік бастау-Қарашаңырақ мектебін дүниеге әкелді.Оның бас ұстаздары Дана Аналар мен Дана Аталар болды.Ол дамып жетілу барысында Дана мектебіне ұласып оның барлық түрі мен тармағы,саласы мен бұтағы , бөлшегі мен бөлігі,тарауы мен бөлімі ұйыса келіп-Әулет мектебіне айналды. Қазақ қауымында осы негізде пайда болған, әлмисақтан бері, әлеуметтік және әулеттік деп аталатын екі топтағы мектеп болған-ды.Әулеттік мектеп-жеке отбасынан бастап, әулет, ауыл,тайпаға дейінгі адамдарға ортақ, жарық дүниеге жаңа келген сәбиден бастап, қарттарға дейін қатысатын,қазаққа тән (түрік тектес халықтардың барлығында ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі болғанымен арасында аздап айырмашылық бар),сан ғасыр бойында қызмет жасаған,күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан, келешекте де болатын,ұлт өкілін қалыптастыратын шынбайлы нұсқа, ерекше тәлім-тәрбиелік орта. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ,кең байтақ өлкемізде буыннан –буынға жалғасып,инабаттылық, ұяттылық, әдептілік, көргендік, мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып жатқан. Міне, сол қымбат,асыл қасиеттердің бәрі отбасы,ошақ қасында бүршік атып,бұтақ жайған.
Отбасы – қоғамның негізі болып табылады. Өйткені қоғамды құратын адамзат атаулы отбасында өсіп-өрбиді, тұлға болып қалыптасады. Қоғамдық әлеует, қоғамдық ақыл-ой биігі өз тамырвн осы ұядан тартады, ұлттың діні де осы жанұя. Қоғамды жекелеген адамдар, жеке тұлғалар құрайды, яғни салауатты қоғамның негізі қуатты өнегелі, рухани мықты отбасы болып табылады. Отбасы – отанымыздың ошағы. Өйткені адам ең алғаш дүниеге шыр етіп келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті мектебі. Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасындағы бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат, ынтымақтастығы бар.Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б. болатыны сияқты әр отбасы болмыс тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрамына зор мән беріп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын ашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. Отан – отбасынан басталады деген сөздің мәні де осында. Отбасы келесідей төрт сипаттамасы бар күрделі құрылым болып табылады, ол қоғамның шағын əлеуметтік тобы; жеке тұрмысты ұйымдастырудың аса маңызды түрі; ерлі- зайыптылық одақ; ерлі-зайыптылардың туыстармен, яғни бірге тұратын жəне ортақ шаруашылық жүргізетін ата-аналармен, аға-інілермен, əпке-сіңлілермен, ата-əжелермен жəне басқа да туысқандармен, көптарапты қарым-қатынастары. Бала өмірдің алғашқы сабақтарын отбасында алады. Оның ең алғаш ұстаздары мен тəрбиешілері əке мен шеше. Бала үшін отбасындағы күнделікті қуанышты сəттер мен реніштер, сəттіліктер мен сəтсіздіктер — мейірімділік пен сезімталдықты, адамдарға деген қайырымдылық сезімдерін қалыптастыратын бастаулар болып табылатыны ежелден-ақ дəлелденген. Отбасында баланың бойында адалдық пен зұлымдық, адамгершілік өлшемдері, еңбекке бейімділіктің бастапқы сабақтары туралы алғашқы ұғымдар қалыптасады. Өмірлік жоспарлар мен адамның идеалдары да дəл осы отбасында қалыптасады.
Отбасында білім-тәрбие беру,баулудың ерекше түрі-қастерлі тұлғалардың,дана ұстаздардың ауызша айтқан ақыл-кеңестері,денелей өздері көрсеткен үлгі өнегесінен тұратын дәріс топтамалары жеткілікті. Мәселен Түрік мәдениетінде, Анахарсис,Йолықтегін мен Тоныкөктен,Қорқыт,Қашқари мен Баласағұннан басталатын даналықты ұрпақтан-ұрпаққа арасын үзбей жеткізу дәстүрі жалғасып келеді.Кәзіргі түрік тілдерінде,әдетте, «оқытушы ұстаз» деген ұғымның қастерлі мағынасын «ұстаз»(парсы) және «мұғалім»(араб) деген ұғымдар береді.Көне түрік тілінде «Хипат(халпат)» деген ұғым болған оның мәні «білімді жеткізуші»,ал кейінгі кезеңде «бақшы»(монғолдар күні бүгін мұғалім дегенді-багш деседі) деген сөз қолданыста болған.Білім мен тәрбиенің белгілі түсінігін,топшыланған ойын жас ұрпаққа ауызша жеткізудің өзіндік артықшылығы да болған сияқты.Жол жөнекей басқаның қалауынша жамбасына басып,өзгертуіне мүмкіндік болмаған. Мысалы,Қорқыт атаның айтқан даналық сөздері: «Ұл атаның-ері,екі көзінің бірі», «Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.Самай шашы ағарған баба көрікті.Ақ сүтіне тойғыза емізген ана көрікті.Өнегелі бала көрікті.»Бұлар әр ниеттегі адамдарға кезіккенімен ана-мына деп,өз мүдде, көзқарасына сәйкестіріп алатын,шешіре-тарих емес, өнер емес,ой-түйін емес.Қазақтың осы бір білім-тәрбие (баулу) мектебінің негізін қалаған «ұстаз-дана» оқуы өмірде неше түрлі мазмұнға ие болып өзгеріп отырса да бізге оның ұзын ырғасы бұлжымай жеткен.
Киізтуырдықтылардың баулу жүйесінде, отбасы – адамзат ұрпағы үшін еш нәрсемен салыстыруға жатпайтын алтын діңгек,қасиетті өмірлік мектеп. Мектеп деп баланың (ересектердің) ақыл-парасаты мен ой-өрісін жетілдіретін тәлім-тәрбие алатын орданы , ошақты, ұжымды айтамыз. Мәселен өмірлік мектепке отбасы, ошақ қасы, той мереке,ойын сауық алаңы,медіресе-мектеп,еңбек мейрамы, ақындар айтысы ,кітапхана, музей,жастардың техникалық үйірме өткізетін немесе спорттық жаттығулар жасайтын ордалары,спорт алаңдары бәр-бәрі жатады.Қазақта мұндай мектептер көп болған,кәзір де жұмыстап жатқандары баршылық: Ақсақалдар мектебі, Қарашаңырақ мектебі, әжелер мектебі,ана мектебі,жеңге жезде мектебі,т.б. Барлығына қойылатын талап мынау: балалардың, жастардың,ересектердің ақыл-парасаты мен ой-өрісін жетілдіруге, оларға дене және патриоттық, сондай-ақ, жалпы тәлім-тәрбие беруге асқын мүмкіндік жасалған, қайырымдылық пен мейірімділікке малшынған,жағдайлы жәй-күйдің толық болуы.Ол-мәжбүрлеп білім беріп, тәрбиелейтін орын емес. Жәй-күйі, мүмкіндігі- шәкірттің өзбетімен ізденіп білім алып, тәрбиеленуіне жағдайы толық болуы тиіс. Ондай «мектептерде» кейде ұстаз да болмайды. (Шәкірттер қаласа , әрине қасынан табылады ғой!) Жұмыр Жерде ондай мектептер көп болмаса да жұмыстап тұр. Ыбырай атамыз: «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп, сонау заманда айтып көрсетіп,ескертіп түйіндеген екен.Атамыздың айтқаны осы заманға дәл келіп тұр.
Баулу ілімінде тәрбиелеу дегенді біздің осы күнгі түсінігімізден бөлекше сипаттайды.Ол бойынша:ізгілікті іс-әрекет,ниет,көмек –тікелей жүргізілген татымды тәрбие.Оның орны тым бөлек. Қазақтың тәрбиелеу ілімінде алтын әріппен жазлған қағида мынау: «Тәрбиенің пәрменділігі мектептің, жанұяның, әлеуметтік ортаның балаға,жалпы жасқа мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру туралы қаншалықты қамқорлық жасалуына байланысты.»Қамқорлық шанақты,пәс болса, тәрбие нәтижесіз, жұтаң не көлгір келеді. Фараби бабамыз: «…тәрбиелеу дегеніміз қамқорлық жасау»- десе ата бабамыз тәрбиелеуді –баулау –деген.Баулау-баптау,жәй-күйін келтіру.Жасөспірімдер биязы әдеп, жібек мінез игеретіндей,көкірек көзі ашылатындай олардың жәй-күйін келтіріп, қамқорлық жасап аяласаң еңбегің далаға кетпейді. Ізгілік педагогикасының ұлттық мәні осында жатыр.
Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердің, атқа мініп қол бастаған батырлардың, ұлтын ұйытып ел бастаған көсемдердің, ақыл — парасатымен даналығы арқылы әлемге танылған ғұламалардың барлығы дерлік — қазақ дәстүріндегі ұлттық тәрбиенің жемісі. Қаныш атаның сөзімен айтқанда «оқымаған академик әжелер мен аталардың» алдын көріп, үлгі өнегесін алып, біліміне қанығып, Ана және Дана мектептерін бітірген, Дала консерваториясын тамамдаған өнер иелері, Жыраулық және Ақындық академиясының түлектері; философ — жырау, әнші — ақын, сері — сал, т. б. қазақтың ақылман ойшылдары, әулие абыздары, көріпкел білгіштері, бақсы — бәлгері, адамтанушы сыншылары, шипагер — тәуіптері, тарихшы — шежірешілері, дін күтіп, жалпақ жұртқа иман таратқан пірлері бәрі — бәрі — Қазақ Педагогикасынан нәр алған, оның ұлт өкілін қалыптастыру қазанында қайнап пісіп, өңделген, шыңдалған — КІСІЛЕР. Олардың тәрбиелік үлгі өнегелері, білімдері тым терең, шексіз аумақты, өте асыл қазына.
ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тәрбие құралдарын толық пайдалана алмаса да,өңірлік,рулық ,ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тәрбиелеп келді. Шаруа отбасында тәрбие,үлгі өнеге көрсету іс-әрекеті, әулет пен тайпаның,рудың шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тәрбие тағылымдарының аясы атам заманнан қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының ауқымында, ғұрып-салтының шеңберінде жүзеге асырылатын.Ұлттық тәрбие құралдары өз жүйесін құрай отырып,тұрмыс салтында тұрақты әрекет етуші дәйекке айналған. Осы аумақта,тәлім тәрбиелік ұланғайыр тәжірибе қорытылып,Ұлы даланың ұлық ұстаздарының зерделеуі нәтижесінде-қазақтың отбасылық педагогикасы қалыптасуына негіз болған,үлкен білім қоры жинақталған.Оны осы заманғы зерттеушілер- « Әулет педагогикасы»- деп атап жүр.Қазақтың тәлім-тәрбиелік ілім-бідімі тек әулеттік педагогикамен шектелмейді.Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының, өз таным шанағында зерделенген талай ілімдер бар. Мысалы:Қазақтың батырлыққа,ерлікке баулу ілімі, Әл-Фарабидің парасатты адам ілімі (Х ғасыр),Жүсіп Баласағүнидің жәуанмәртілік ілімі((Х1 ғасыр), Ясауидің хәл ілімі (ХІІ-ХІІІ ғасыр), Абайдың толық адам ілімі (ХІХ ғасыр соңы), Шәкәрімнің ар ғылымы (ХХ ғасыр басында).М.Жұмабаевтың тәрбиелеу ұлттық ілімі, М.Ж.Көпейұлының түгел адам ілімі, Ү.Ақыт қажының иманжүзді адам ілімі,имандылыққа баулу қазақ ілімі, т.б. Бұларға қазақтың әлеуметтік мектептерінің тәжірибесін қосыңыз. Мысалы, А.Байтұрсыновтың айтқан: «Қазақтың ескі жырларынан, ескі сөздерінен батыр болғандарды қалай баулып батыр қып өсіргендерін көреміз,батырлар басқалардың балаларын қалай баулып өсіргенін көреміз. Мәселен, Шыңғыс ханды жасында баулыған Шолақ қол батыр тас атудан бастап, садақ пен құс атуға дейін баулыған. Адам арқасына мініп қару қылудан бастап, ат арқасында қару қылуға дейін баулыған.О заманда би болғандар би мектебінде баулынған, яғни биге атшы болып, бірге жүріп, бірге тұрып, бітірген істердің ішінде бірге болып, баулынып, би болған. Үйрету бастапқы кезде қайда да болса, «БАУЛУ» түрде болған.»)-би мектебінің пеагогикасы бір төбе. М.Жолдасбековтың айтқан: «Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің екі үлкен айшықты мектебі бар тәрізді.Бірі-өмір,заман жайын терең толғанатын шешендік, фәлсафалық, данышпандық мектеп.Мұның аты сақталып бізге жеткен түпкі атасы Асанқайғы,одан бұл өнер ғасырлар аттап Абайдың қолына тиді. Екіншісі-өле-өлгенше көмейі күмбірлеп жағы талмайтын дария-даңғыл жыраулар мектебі»-мен,шешендер,сал-серілер мектебінің педагогикасы-өте аумақты мұра. Күллі түркі жұртына жазу-сызу үйретіп, ұстаздық еткен бақсылар мектебін айналып өтумен жүргеніміз болмаса, ол мектептерде үлкен тәлім-тәрбиелік өнеге мен білім бар..(Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан). Бақсыларды қойдай қырған Әмір Темір мен Өзбек хан олардың ізін де қалдырмай таптаған. Мар,хипат, бәдізші,багш аталып келген,жұртқа жазу сызу үйреткен, мектеп ашқан бақсылардың жойылуы,қазақты «сауатсыз, жабайы,надан халық» атандырған.Ал,мешіт-медіресе,діни мектеп-тердің педагогикасын «жатырқап» қалтырып жүргеніміз болмаса оның да педагогикасы бар,тәлім-тәрбиелік үрдісі жеткілікті.Осы бір үлкен баулу,ұқтырып үйрету,жаттықырып дағдыланлыгу педагогикалық іс-әрекет жүйесін қалыптастыру нәтижесінде қазақ халқы,өмірге толық адам-кемел кісі дайындап,заман талабын қанағаттандырып келгені белгілі.Бүгіңгі таңда,бұл жүйенің бізге берері барма,одан аларымызды алып,пайдаға асыра алдық па?Тіптен,ол жүйенің мән мазмұнын дұрыстап тани алдық па?Біздің бүгінгі таңда,отбасында,мектептерде,әлеуметтік ортада,қауымда жүргізіп жатқан баулу бағытындағы тәрбиелік іс-әрекетіміз,қазақтың дәстүрлі тәрбиесіне қаншалықты қабысып,заманға сай ұласып, ұлғайып,зорайып кете алды ма?Бұл сауалдарға тұщымды жауап беру тым күрделі.Тоқ етері- бәрін бастадық та, тастадық.Бұл жерде,баулу жүйесінің бір қыры-ұрпақты адамшылыққа баулу немесе кісі қалыптастыру жолына,амал-айласына,құрал-тетігіне көз тастап,көңіл аудара отырып,аға үрпақтың бүгінгі жастар тәрбиесіне көңілі толмай,реніш білдруінің бір себебіне уәж айталық. ( «Бүгінгі жастардың тәрбиесі уысымыздан шығып кетті»,
«жастар-жұмыссыз,өнерсіз,жалған шоулардың жетегіне еріп,бос дауырғып,ата-анаға масыл болып, жалқаулыққа салынып,дөрекі, қатыгез,қыршаңқы,төзімсіз, сотқар жанға айналды»- дегенді,қара халықтан бастап,лауазымды тұлғалардың өзі айтып, жазып,дабыл қағып,әлеуметке жар салып жүр).Адамшылыққа баулудың түпкі мұраты -кемел кісі қалыптастыру болып табылады.Кемел кісі қалыптасутыру іс-әрекеті ұзақ уақыт бойында,ыждаһаттылықпен жүргізілген педагогикалық кешенді процесстің нәтижесінде жүзеге асады.Ол бірнеше кезеңдер мен белестерді басып өтіп,дамудың сан-салалы сатыларын бастан кешіріп,түпкі мұратына жету жолында алдына ашық айқын мақсаттар қояды.Осы мақсаттың алғашқысы-«иманды ұл,ибалы қыз» тәрбиелеу болмақ.Иманды ұл,ибалы қыз балалық шағында(3-15 жас аралығында)мына үш адами сапаны игеруге тиіс.

Бірінші.Жаратушыдан берілген ақыл-парасаты молығып,нұрлануы шарт.Көкірек көзі ашылу басталып,ақыл көзі айқындала түсу керек.Бұл оқу-тоқу болмаса,оның интеллектуалдық дамуы жасалмаса иманды ұл,ибалы қыз қалыптаспайды. Осы заманғы ғылымның анықтауы бойынша Адам интеллектісінің 40-50% бес жаста, 60-70% жеті жаста, 9 жаста 92%-ға дейін және 15 жаста толық қалыптасады.Қазақта осы жастағы балалардың интеллектісін қалыптастыратын арнаулы ойын-ойынщық,тақпақ,жаңылтпаш,жұмбақ(оның өзі бес бағытта),ертегі,есеп,әңгіме бар екен. Бұларды жинақтап, іріктеп, зерделеп, отбасында,балабақшада,мектепте оқытып үйретіп,пайдаға асыру-шылар да бар.
Екінші.Кемел кісі қалыптастыру қазақ ілімінде адамның әрбір даму кезеңінде, жасының ерекшелігіне сай игертуге тиісті биязы әдеп,жібек мінез дағдылары бар олардың игерілу дәрежесіне қоятын талап,игерілу дәрежесін сынау амал-айласы өте айқын болған оны бақылап байқап,сынап тексеріп отыратын жүйелі безбендеу әрекетін қатаң ретпен жүзеге асыратын. Айталық,бала 3-13 жас аралығында биязы әдепке жаттықпаса,жібек мінез игермесе,дағдыланбаса әдепті өз бетімен ізденіп,қалауы бойынша кез-келген ұлттың әдебін бойына сіңіреді. Оны қайыра түзеу қиынға соғады.Әдеп пен мінез «қайта тәрбиелеуге оңай көнбейтін»әлем.Осыдан талай келеңсіз-дікті бастан кешіріп келеміз. Әлі де,секем ала қойған жоқпыз.Соңы қайырлы болсын делік.
Үшінші.Кемел кісі қалыптастырудың ең елеулі бір заңдылығы : баулу іс-әрекеті-бір ізді, сабақтас әрі жүйелі болу керек.Осы заманғы отбасында,балабақшада,мектептегі тәрбиелеу ісінде жүйелілік жоқ.Әр сатылы мектептің әр сыныбына аталмыш оқу жылында биязы әдеппен жібек мінездің қандай үлгілерін ұқтырып үйретіп,келесі сатысында қандайын үйретуге тиісті екені белгісіз, жоспарсыз,бағытсыз,есепсіз күн кешуде.Үйретіп ұқтырғанымыздың қаншасы қай оқушының бойына қаншалықты сіңгеніне бағам жасауға тіптен дәрменсізбіз. Солай бола тұра, «биязы әдеп-адамшылық айнасы», «жібек мінез-бақытқа жету бастамасы»-деп сарнаймыз.Бұған айтатын сылтауымыз- тәрбие нәтижесі ұзақ уақыттан кейін білінеді,дер кезінде оның дәрежесін анықтау мүмкін емес»-деген пікір.Ал,тәрбиесіздіктің нәтижесіне табан астында тап боламыз.
Аталған педагогикалық басқару тетігі жұмыс істемегенінен болып, тәрбие сыңар жақтанып, көлгірленіп,жұтағандықтан жастар тәрбиесі уыстан шыққаны рас.Ең қиын жағдай,бүгінгі таңда,отбасы тәрбиелеу функциясын атқаруға шама-шарқы жетпей қалған.Балалары жан бағып,дұрыс тамақтанып,киініп,ел қатарлы тіршілік етуге мүмкіндік жасай алмайтын отбасылардың саны молайған(600 мыңға таяу).Мұның басты себебі-олардың дәулеті сарқылып,ырысы суалған.Жанғызбасты,ажырасқан отбасылардың саны жылдан-жылға көбейген. Отбасы құндылықтарын дамыту,жас отбасына игерту,оны дамытып басқаруға мемлекеттен қоятын басқару,бақылау ,ықпал ету тетігі жетілмеген.Аталмыш заңдылықтар мен қағидалардың ескерілмей тәрбие жалаң ұранмен,даурыққан айқай-шумен араласып,көпірме адамгершілік ілімдерге бой алдырудың салдарынан осындай халге жеттік.

Қобдабай Қабдыразақұлы,
ғалым, жазушы