Биылғы жыл «Жастар жылына» арналып, түрлі жобалар, жоспарлар елімізде жүргізілуде. Жастардың білім алуына, жұмысқа орналасуына, баспаналы болуына көбірек жағдай жасалмақ. Нақты қандай шаралар ұйымдастырылады, қандай мүмкіндіктер қарастырылмақ деген сауалдардың жауабын іздеп көрдік. Елордамыздағы тұғыры биік білім мен тәрбие ордасы- №63 «Әсем-Ай» балабақшасында «Жастар жылында» өткізілетін шараларды әзірлеп те қойыпты. Қаңтар, ақпан айларында «Жастар жылының» ашылу рәсімін ұйымдастырып, балабақша жастарына жобаларды таныстырды. Наурыз айында №63 «Әсем-Ай» балабақшасы Байботанова Аида Жумановна бастаған ұжым жастарды киелі Түркістан еліне тарихи жерлермен таныстыру жобасымен алып шықты . Осыған дейін де Аида Жумановна ұжымды балабақша колледж , университет біріккен өзара экологиялық сабақтастықты байланыстырып, «Жас маман-жарқын болашақ» жарысын өткізген болатын. Жастар жылының мақсаты – жастардың алдына бәрін қап-қабымен төгіп тастау емес. Оларға барынша мүмкіндік жасау, түйінді мәселелерін шешуге атсалысу. Мағжан Жұмабаев жырлағандай: «Түркістан-екі дүние есігі ғой, Түркістан-ер түріктің бесігі ғой »деген екен. Аталмыш өңірге балабақшамыздың жас педагогтары, өздерінің рухани құндылықтарын байыту барысында киелі де тарихи орынға баруды мақсат етті. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ал бағдарламаның мәні неде? Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді. «Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді».
Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы киелі жерлердің бірі — Үкаша ата қабірі орналасқан кесене. Оның мазары Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым жерде Бабайқорған ауылының солтүстігінде орналасқан. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана қазір көптеген туристерді қызықтырып отыр. Сондай-ақ, Арыстанбаб кесенесі де өзінің тарихилығымен талай өңірге ат басын бұрған азаматтардың жүрегінде орын алатыны анық. Туған жеріңнің тарихын білмей, болашақты көре алмайсың деген рас екен. Туған жерге деген сүйіспеншілікті жас буынға дарыту-біздің міндетіміз. Киелі Түркістан өңірінен алған әсерлерін ұжымымыз еш ұмытпайтыны хақ. Туған жерімізді ардақтай білейік, ағайын!
Акниязова Ж.Б.,
№63 «Әсем-Ай» балабақшасының әдіскері