Home » Жаңалықтар » Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасына  шығарылғанына 30 жыл толуы

Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасына  шығарылғанына 30 жыл толуы

Биылғы  жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Ауған соғысының  қанды қырғынынан аман – есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында  жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған Қазақстандық орден-медалдармен марапатталды.

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Соғыстың аяқталғанына 15 ақпанда 30 жыл толады.

Қарапайым халық сәуір төңкерісінің жеңісін қуанып қарсы алды. Өйткені, ауған халқы өз өмірлерінде оң өзгеріс күтіп, ол өзгерістерге осындай төңкерістің нәтижесінде қол жеткіземіз деп үміттенді.

Революцияның алғашқы айлары революциялық бағыт елеулі түрде бұрмалаушылыққа ұрынып, қателіктер мен селкеуліктер елдегі оң процестің дамуын едәуір күрделенідіріп жіберді, революцияға бүйрегі бұратын одақтастарды үркітіп алды, сөйтіп, олардың көпшілігі революцияның жауына айналды». Кеңес әскерлерінің кейбір бөлімдерін енгізу, оларды елдің оңтүстігіне орналастыру, Ауғанстан Демократиялық Республи­касына, достық ниеттегі Ауғанстан халқына интернационалдық көмек көр­сету мақсатында, сонымен қатар, кейбір мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып, оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды”, – деп айтылды.

Жетісу ауданы №177 жалпы білім беретін мектеп бойынша «Кеңес әскерлері шектелген контингентінің  Ауғанстан Демократиялық  Республикасынан шығарылғанына  30 жыл толуына орай»  бір айлық жоспар құрылды.

Іс шаралардың мақсаты: Ауған соғысында қаза болған кеңес әскерлерін еске алу, олардың жасаған ерліктерін ұмытпау, жастарды  отансүйгіштікке баулу, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Мектеп директоры Тұрсын Танатұлы айлықтың ашылуына қатысып, соғыста қаза болған әскерлерді бір минут еске алу шарасынан бастады.   АӘД пәні мұғалімі Шелмек Асылбектің жетекшілігімен  10 сынып оқушылары Алматы қаласы Құрлық әскерлері академиясына барып қайтты. Мектеп тәлімгері Ш.Н.Бейсенбекова 5 сынып оқушыларымен «Бейбітшілік –әлемде»  деген ұранмен шаттық шеңберін құрып, бір – біріне деген ізгі тілектерін білдірді. Ардагерлеріміз туралы әңгімелеген әрбір ерліктері оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, Отан сүйгіштікке баулитыны сөзсіз.

 

                            Шинасилова Назым Толегеновна

 Алматы қаласы,  Жетісу ауданы,

№177 ЖББМ   ағылшын тілі пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.