Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кенелердің пайда болу жолдары, адамға ауру туғызатын түрлерін және ауылшаруашылығына тигізетін зияны жөнінде оқушыларға үйрету,білімін тексеру,қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік Білім алушыларды дұрыс шешім табуға үйрету, дербестік пен жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім алушыларды ұжымдық жұмыс жасай білуге баулу, тұжырымдау, логикалық сұрақтар арқылы ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық жағдайларда шешім қабылдауға көмек көрсету, оқушыларды өздігінен білім алу дағдыларын, аналитикалық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың типі: құрамдас
Сабақтың түрі: теориялық
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап,әңгіме түсіндіру,
СТО –бағдарламасының элементтері.
(жұмбақтас, қатені тап, сен – маған, мен – саған,
тірек белгілер), интербелсенді әдіс, түсіндіру,
сұрақ-жауап, баяндау, ойын элементтері ,
сызбалар, бейнеролик , кеспе қағаздары, лекция
элементтері, ребус.
Сабақтың көрнекілігі: муляждар, плакаттар, түрлі- түсті суреттер,
кенелер атласы, интерактивті
тақта, кенелер препараттары, магнитті тақта,
магниттер, кенелер тудыратын аурулар
плакаттары, кене құрылысы плакаттары, дәрі –
дәрмектер анотациясы, тест сұрақтары, интербелсенді тақта.
Пән аралық байланыс: ветеринария негіздері, зоология, латын тілі және т.б
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру,дәрісхана тазалығына,оқушылырдың сабаққа дайындығына назар аудару.
«Көңіл – күйді анықтау» психологиялық дайындық (смайлик таратылып, сол арқылы топты үшке бөлдім).
- 1. Білімділер
- Тапқырлар
- Алғырлар
«Сен білесің бе?» ойыны үй тапсырмасын сұрау:
- Энтомология дегеніміз не?
- Жәндіктердің денесі неше бөліктен тұрады?
- Жұмыртқаның пісіп – жетілуін не деп атаймыз?
- Қос қанаттылардың ұзын мұртты тек тармағына қандай тұқымдастар жатады?
- Бөгелек балаңқұрттары қоздыратын аурулар қандай?
- Гиподерматоз сипаттамасы
- Энтомоздар дегеніміз не?
- Жәндіктердің ішкі құрылысы қандай?
- Энтомоздарға қолданылатын препараттар?
- Қандай инсектицидтер білесіздер?
«Жұмбақтас» ойыны — көрсетілген суреттерде жасырың сұрақтарға жауап берді
(флипчарт арқылы)
Жануарлардың қанын қай Энтомоздарды жоюга арналған
жынысты маса сорады ? инсектицидтерді атаңыз
Қай аурудың клиникалық Қойдың таңауына, маңдай және
белгілеріне жатады? бастын қосалқы қуыстарына
еніп , сол қуыстардын клегей
қабығын қабындыратын аур
Шыбындарға қандай шара жүргізіледі?
- Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру:
( СТО – бағдарламасының элементтері )
Тақырыбы: Кенелер – инвазиялық аурулар тасымалдаушылары
Сабақтың мақсаты: Кенелердің пайда болу жолдары, жануарларға ауру туғызатын түрлерін және ауылшаруашылығына тигізетін зияны жөнінде айту, дауалау шараларын үйрету, білімін тексеру, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, қызығушылығын арттыру.
- Жаңа сабақтын материалдарын баяндау.
- Кене құрылысы және түрлері
- Кене тудыратын аурулар
- Даулау шаралары және емі
3.1 Арахнология (Аrасһnоlоgіа) — өрмекші тәрізділер туралы ғылым (аrасһnе — өрмекші, lоgоs — ілім деген грек сөздерінен тұрады). Буынаяқтылар Аrасһnоidеа тобы, Аrtһrороdа (буын аяқтылар) топтамасына жатады. Жануарлар дүниесі ішінде буынаяқтылар өзінің көп түрлілігімен оқшауланады. Олардың жер шарында 1,5 млн-дай түрі бар. Әсіресе, жәндіктер барлық буынаяқтылардың 90%-ын құрайды.
Буынаяқтылардың симметриялы денесі бунақтардан құралған және хитинді қатты қабыршықпен қоршалған. Хитин қабыршығы полисахаридтерден тұрады. Қабыршақтың әр жерінде қалқаншалары (склерит) және оларды бір-біріне жалғастырып тұрған жарғақшалары бар. Сыртқы қабыршық қаңқа қызметін де атқарады.
Өрмекші тәрізділердің басы кеудесімен бірігіп, бас-кеуде бөлімін түзейді. Ал, кенелердің денесі біртұтас. Буынаяқтылардың аяқтары буындардан құралады. Өрмекші тәрізділерде 4 жұп аяқтары бар
Кене құрылысы
Кене түрлері
Кененің даму сатысы
3.2. Кене тудыратын аурулар
3.3. Дауалау шаралары
- Жаңа сабақты студенттер материалдарын талқылай отырып,түсіндіру,
толықтыру.
СЕРГІТУ СӘТІ: «Қызығушылығын ояту» ойыны – берілген сұрақтарының тұсынан дұрыс жауаптарын тапты.
Кенені зерттейтін ғылым Биотоп
Кененің неше жұп аяғы бар Акарология
Денесінің алдыңғы жағындағы 11
тұмсығы
Буынаяқтылардың мекендейтін жері Гнатосома
Кенелердің ұрғашылары қанша
жұмыртқа салады 4
Кене неше айға дейн аштыққа шыдайды 3-15 мың
«Қатені тап» ойыны берілген суреттер бойынша артық суретті алып тастады.
«Ребус» берілген суреттерден құпия сөзді немесе сұрақтарды тапты.
Жаңа сабақты пысықтау.
«Жылдам» ойыны – берілген әріптер кестесінен жылдам барынша көп сөздер тапты.
П | К | Е | Ө | Х | Д | Ф | Е | Р |
С | А | Н | Р | С | Е | М | Т | Д |
О | І | Е | М | Қ | Н | И | Ф | И |
Р | Ш | К | Е | О | Б | Э | А | Ц |
О | Х | И | Т | Т | З | А | Р | А |
П | С | Г | И | Ы | О | К | А | Ө |
Т | Х | О | Н | Р | Т | З | С | Ұ |
О | О | Р | Е | О | П | О | Қ | Қ |
З | Т | О | Д | Е | К | Т | Р | О |
«Тірек сызбалар» ойыны — «Арахнология», «Инсектицидтер», «Кене» сөздеріне ассоциация құрды.
Арахнология Кене
Инсетицидтер
«Жартыны тап» ойыны – берілген кеспе буын әріптерден құрап сөздерді табу.
«Инсерт» стратегиясы бойынша студенттер дәптермен жұмыс жасады.
«Бұрыннан білемін», «Мен үшін жаңалық», «Тереңірек білгім келеді», «Үйрендім»
- Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып, студенттерді бағаладым
- Сабақты қорытындылау.
- Үйге тапсырма беру:
А) Кене тудыратын аурулар туралы оқу
М.С.Сабаншиев «Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары», Алматы, 2011 155-163 беттер
Б) Жұмыс дәптеріне кене құрылысын суреттін салу.
В) Дәптерге жаңа сабақтың терминдерін, латынша аттарын жазу.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Шевцов А.А., Смирнов В.И., Павлова Н.В. «Паразитология», Москва, 1985
- «Паразитология и инвазионные болезни с/х животных», М: Агропромиздат,1986
- И.М.Ганиев, А.А.Аливердиев «Атлас иксодоидных клещей», Москва, 1968
- М.С.Сабаншиев «Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары», Алматы, 2011
Караманова Ляйла Камалбекқызы
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық
техникалық жоғары колледжі
«Ветеринария» мамандығының арнайы пән оқытушысы