Home » Мақалалар » Келешектің кілтін кімге табызтаймыз!

Келешектің кілтін кімге табызтаймыз!

  Кітапхана – оқырмандар үшін

                                                                                     «рух» сарайының кілті

 

Кітап – адамзаттың жан сарайына арналған дүние. Кітап оқу арқылы көкейдегі сауалға жауап табумен қатар, жаныңның да, тәніңнің де руханияттық дәрежесін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Дүниеде қандай да бір білім шыңына шыққан, не болмаса, өз биігін бағындырған адам болса, оның ең алғашқы баспалдағы кітаппен басталып, сол баспалдақтың шарықтау шегінде де сол қымбат қазынамыз –  кітаптың тұрғандығы бес енеден белгілі.

Заңа заман жаңаша көзқарасты, жаңа технологияны қажет етеді. Бүгінгі таңда мобильді технология ақпаратқа қолжетімді сан есе жылдамдатты. Жыл сайын кітапханалардың да жұмыс аясы кеңейіп келеді. Қашан да нағыз білімнің қайнар көзі болып қала беретін кітапхана қызметін пайдаланушылардың сұраныстары күрделеніп, бұрынғыдан да мазмұнды өзгеріске ұшырады.

Кітапханада электрондық ақпарат, электрондық ресурстар, электрондық кітапханалар құру бағытында да біраз жаңғыртылулар жүргізіліп жатыр. Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану – кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырмандар санын толықтырып, рухани құндылықтарымызды қолжетімді етіп пайдалануына игі ықпалы болары анық. Заман талабы да осыны міндеттейді.

Қазіргі таңда біраз жерлерден жаңсақ пікірлер естіп жатамыз, естіп алып, терең ойға бататынымыз да анық. «Қазіргі жастар кітап оқымайды, кітапханаға аяқ баспайды. Қазірігі жастардың өресі  «копировать» пен «вставитьке» ғана жетеді деген сияқты  мардымсыз пікірлер қайда барсаң да кесе көлденең бола қалады. Енді ғана жалын шашқалы тұрған жастарымыздың алдын осы сынды сыңаржақ пікірлер орай беретін болса, әлбетте сол ойымыз жүзеге аспасына кім кепіл. Жастарды күншілдеуден аулақ болып, керісінше демеу бергеніміз абзал. Қай кітапханаға болмасын бас сұқсаңыз аға буын өкілдері мен жастардың қатарын көптеп көресіз. Тіпті кейде үлкен қарияларды көргенде қуанып тақалатынымыз тағы бар. Жастардың жаңа заман талабына сай өмір сүруі әріне бізді қуантады. Сондай-ақ заман ағымына байланысты электрондық оқулықтардың да саны артып келе жатыр. Ғаламтор желісіндегі кітаптарды да жерден алып, жерге салып жататын жағдаяттарға жиірек ұшырасып жатамыз. Ғаламтор ол – уақыттың тиімділігі мен түйінденіп жүруіміздің ыңғайлы тәсілі екенін де естен шығармағанымыз абзал.

Қандай заман болмасын қазақ жұртшылығының көштен қалмай жүргендігі – әрбір қазақ деп жүректері соғатын жандардың қуанышы, мерейі емес пе?! Өзімізге өзімізден басқа сын айтушыларды көп байқай қоймаймыз.  Олай болса, «таза жүректен таза сөз шығады», «жақсының жақсылығын айт нұры тассын» демекші, жүректерімізді кірбіңге толтырмалық.

 

Көркем Машақбаева

Қызылорда қаласы,

№23 Ж.Қизатов атындағы

мектеп-лицейінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.