Қазіргі бүкіл әлем «Төртінші революция дәуіріне» қадам басты. Ұзақ мерзімді мақсаттарға жету жолында елімізде саяси, экономикалық, рухани және әлеуметтік жаңғырулар қолға алынды. Таяу жылдарда қолға алуды қажет ететін: «Латын әліпбиіне көшу», «Үш тілде білім беру», «Цифрлы Қазақстан», «Туған жер», «Қазақстанның рухани жәдігерлері», «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» т.б жобалары аясында нақты жұмыстар атқарылуда.
Елбасы Н.Назарбаевтың соңғы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі шын мәнінде көпшіліктің көкейіндегісін дөп басқан тарихи құжат болды. Бастамалар аясында ұсынылған бағдарламалар мен іс-шаралар елдің тұрмыс жағдайын көтерері сөзсіз. Атап айтсам, жоғары білім алудың сапасы мен қолжетімділігін көтеру бастамасы қаншама жастарды тығырықтан шығаруға зор мүмкіндік. Елбасы ұсынған жастарды техника саласындағы мамандықтарға тарту ол ел экономикасын арттырудың бірден-бір көзі.
Бес әлеуметтік бастама-қоғамда қызу талқыға түсіп, орындалуы үлкен нәтиже күтіретін бағдарлама. Оның әр тармағының іске асуы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың одан әрі оңалуына, білім, инфрақұрылым, тұрғын үй құрылысы, кәсіпкерлік салаларының тың серпіліспен дамуына оң әсер береді.
Елбасы үндеуінің үшінші бастамасы: «Жоғары білім алудың қолжетімділігімен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бастамасында, әдеттегідей жастарға деген қамқорлық, олардың болашағына үміт арта отырып, ерекше көңіл бөлінген. Мемлекет басшысы: -«Біз әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет»-деп атап өтті. Бұл игі бастаманы ұрпақ өсіріп отырған ата-аналар, үйлерінен жырақта жүріп білім алып жатқан студенттер қауымы қуанышпен қабылдады.
2018-2019 оқу жылдарында 20 мың қосымша грант, оның ішінде 11 мыңы техникалық мамандықтарға арналады, бұл дегеніміз жастардың толыққанды білім алуына деген үлкен қолдау.
Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мәселелері бойынша Сыр өңірінде жұмыс сапарында болған ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев аймақта-физика-математика мектебінің ашылатынын құптай отырып, өз сөзінде:- «Алдағы уақытта адам роботпен бәсекеге түсетін күн келеді. Ол үшін осы бастан білім беруіміз керек. Информатика пәнін үшінші сыныптан бастап оқытылатын болды. Жоғары оқу орындары мен колледждер негізінен гуманитарлық бағытта береді, техникалық бағытта мамандық алу аз. Осыған байланысты техникалық білім беру айрықша қолға алынуда»,-деп атап көрсетті.
Жақында өткен «Жас Отан» жастар қанатының IV съезінде президент жастарды жан-жақты дамуға-спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерін үйренуге, Отандық және әлемдік әдебиеттердің бай мұрасын танып-білуге, ең бастысы әлемдік деңгейдегі кәсіби маман болуға шақырды.
Бүгінгі күні Елбасының қолдауы мен қамқорлығы арқасында білім саласын үлкен бетбұрыс жасалып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Солардың бір айғағы Сыр өңірінде өзіндік орыны қалыптасқан іргелі білім шаңырақтарының бірі «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің оқытушылары да болашақ маманының білім кеңістігінде кәсіби білім алуына өз үлестерін қосуда. Нарықтық қоғамның зор сұранысына ие кәсіби құзіретті, бәсекеге қабілетті маман даярлауда колледж қызметі 12 мамандықты қамтиды. Оқытушылардың барлығы- жоғары білімді мамандар және олардың базалық білімдері колледждегі мамандықтар біліктілігіне сәйкес келеді. Соңғы жылдардағы табыстары үшін бұл оқу орны аймақтың «Үздік колледж» байқауының жеңімпазы, облыстық техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының үздігі, Қазақстанның ең үздік көпсапалы колледждерінің әрбір пән оқытушылары еліміздегі қазіргі кезеңдегі білім беруді дамытудың ерекшеліктерін ескере отырып; жастардың ұлттық санасын, саяси сауаттылығын оятуда, жан-жақты жарасымды дамыған, жаңашыл, бастамашыл, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда аянбай еңбек етуде.
Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, білім сапасын жетілдіруде оқытушыларды үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруда ағылшын тілінде даярлауға мақсатында арнайы курстар жүргізілуде.
Оқу процесі жаңа инновациялық технологиялар: модульдік және дуалды оқыту жүйелері бойынша жүргізіледі. Алдағы жаңа оқу жылында колледжімізде бірнеше жаратылыстану пәндері, техникалық пәндерді ағылшынша жүргізу жоспарланып отыр. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілетін іс-шараларды орындауға оқу орнының мүмкіндігі мол. Осы мақсатта колледжде соңғы үлгідегі «Студенттік IT орталығы», «WEB DESIGN», «CABINET LAPTOP» дәрісханалары интернет желісіне қосылып, видеоқұрылғылармен жабдықталған. Білім алушылар жоғары колледждің білім беру стратегиясындағы маңызды бағыт, бизнес-инкубаторлар желісін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шетелдің жетекші оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен, республикамыздың белгілі кәсіптік-техникалық білім ордаларымен іскерлік байланыс, ірі кәсіпорындармен, трансұлттық корпорациялармен бірлескен жобалар жүргізу жолға қойылуда. Бұл жобалардың басты мақсаты — өңірге қажетті, болашағы зор жаңашыл мамандар даярлау. Оқу орнының материалдық-техникалық базасы да жыл санап жаңаланып, жаңғырып келеді. Колледж диплом таратумен емес, терең білім берумен, сапалы маман даярлаумен айналысады. Білім алушылардың сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі, әлеуметтік жағдайы үнемі қадағалауда болады. Алыс елді мекендерден келген студенттер жатақханамен қамтылып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуде жаңа үлгідегі спорт кешені, кітап қоры жеткілікті кітапханасы, студенттер сарайында арнайы үйірмелер жүргізіледі.
Қазіргі заман – инновацияның дәуірі, идеялардың бәсекеге түскен уақыты. Бұл өз кезегінде білім алушылардың өз бойындағы қабілетін жетілдіруге, санасында сілкініс туғызуға, өз мүмкіндіктерін пайдаланып, елдің дамуына үлес қосуына жол ашатын болады.
Қазақ елін әлемге таныту, дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында ұлттық кодты дәріптей отырып, рухани мұрамызды жаңғырту идеясын дамытуға өз үлесімізді қосатын уақыт келіп жетті.
Ғ.Ә. Әнесов,
«Абылай хан» атындағы жоғары колледжі
«Арнайы және жалпы пәндер» бөлімінің меңгерушісі,
Қызылорда қаласы