Губашева Алмагул Атантайқызы,
БҚО, Орал қаласы,
№46 «Ақжайық» бөбекжайының тәрбиешісі
Жаңа жылға арналған мерекелік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар әуен ырғағымен билеп кіреді.
Балалар хормен: Құтты болсын Жаңа жыл!
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Келе жатқан доңыз жылы бәріңізге бақыт, шаттық әкелсін.
Жүргізуші: Балалар, бүгін сендер сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер, ал бүгін қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші:Балалар, ортамыздағы әсем не?
Жүргізуші: Шыршамыздың шамдары жанбай қалыпты, бұл шырша жай шырша емес сиқырлы шырша, ән тыңдаса шамдары жанады екен, ән айтамыз ба?
Ән: «Жаңа жыл келді»
Жүргізуші: Міне, қараңдаршы, шыршамыз ән тыңдағасын шамдары жанып, ажарланып кетті.
Осы кезде әндетіп билеп, қарақшылар кіреді
Шыршаның түбіне жантаяды
1-қарақшы:Бүгін біз байлыққа кенелдік, қандай керемет күн, дорба толы алтындар.
2-қарақшы:Достым, сен ана шалды не істедің? Қолындағы дорбасын бермеймін, балаларға арналған дейді, мен бірақ қарамадым тартып алдым да қызымен екеуін байлап тастадым.
3-қарақшы: Мен де қарап қалмадым, үстіндегі шапанын шешіп алдым, керемет жып-жылы екен.
1-қарақшы: Достар, мынау неғылған шырша, алтын-күміске малынып алыпты, байлық деп осыны айт.
2-қарақшы: «Іздегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылар» деген осы екен-ау.
3-қарақшы Неғып тұрмыз, дорбамызға салайық. Қарақшылар тұрып, дорбаларын ашып жатқанда, жүргізуші келеді
Жүргізуші:-Әй сендер кімсіңдер, неге шыршаға тиісіп жатсыңдар?
1-қарақшы: Ха-ха-ха, бізді танымай қалдың ба? Біз қарақшылармыз, ештеңеден қорықпайтын батырлармыз. Бізге кедергі жасасаң, біз сені де ормандағы шал мен қызының қасына апарып байлап тастаймыз.Солай емес пе, достар. Ха-ха-ха!
2-қарақшы: Капитан дұрыс айтады, байлап тастаймыз.
3-қарақшы: Мен апарып байлап тастайын .
Жүргізуші: Сендердің бұл істерің дұрыс емес, бүгін үлкен мереке Жаңа жылды тойлауға балалар келіп отыр. Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып, шыршаны айналып, өз өнерлерін көрсетіп сыйлық алмақшы.
1-қарақшы: Ха-ха-ха, мына балалар ән айта ма, би билей ала ма, тақпақ айта ала ма? Жоқ, жоқ, жоқ, мен сенбеймін, сендер сенесіңдер ме?
Үшеуі бірге күледі.
Жүргізуші: Жарайды, ендеше балалар өз өнерлерін көрсетсін, ұнаса орманға байлап кеткен Аяз атамыз бен Ақшақарымызды өзімізге қайтарасыңдар, шыршамызға тиіспейсіңдер, келістік пе?
1-қарақшы: Жарайды тамашалайық, келістік.
Ән: «Ай да, Елочка»
Тақпақтар: Жанель,Санжар, Имран, Фатима, Адилжан, Аянат.
Би: «Барби»
Қарақшылар жылай бастайды.
1-қарақшы: Ай-ай-ай, біздің бұл ісіміз дұрыс емес екен, бүгіннен бастап біз ешкімге тиіспейміз,ұрламаймыз, тонамаймыз.Кешіріңдер, балалар, біз Аяз ата мен Ақшақардан кешірім сұрап, босатып сендерге жіберейік.
2-қарақшы: Кешіріңдер ,балалар, біз енді мұндай әрекетке бармаймыз.
Жүргізуші: жарайды біз кешіреміз, сендер тездетіп бізге Аяз ата мен Ақшақарды жіберіңдер.Ал балалар, біз кешімізді жалғастырайық. Аяз ата мен немересі келгенше ертегі әлеміне саяхаттап, қонақтарға ертегіден көрініс қойып берейік.
Көрініс: «Дала хайуанаттары»
Жүргізуші: Балалар, сендер бір дыбыс естідіңдер ме?
Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата:
Құтты болсын,балалар,
Келген жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп ұл-қыздарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да,
Үлкен болып қалыпты.
Ал сендер мені таныдыңдар ма?
Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт-жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Жүргізуші:Қош келдіңіздер. Аяз ата Ақшақар алыс жолдан шаршап келген боларсыздар, біздің балалардың сіздерге арнаған өнерлері бар, тамашалаңыз.
Әсем әні де, биі бар,
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Аяз ата»
Балалардың сізге арнаған тақпақтарын тыңдаңыз.
Тақпақтар: Аяжан, Эмиль, Амина, Нұрдан, Расул,Алуа,Джангир.
Біздің ұлдарымыздың билерін тамашалайық.
Би «Снеговик» .
Жүргізуші: Аяз ата, біздің балалар ағылшынша да ән айта алады.
Ән: «Хэллоу санта»
Жүргізуші:Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Тақпақтар: Даниал, Амир, Макар,Әдемі, Раушан,Амира
Би: «Моана»
Жүргізуші:Жаңа жылға арналған тақпақтарға кезек берейік.
Тақпақтар: Диас, Омар, Айару, Нұрай, Қайсар, Эмирхан.
Жүргізуші:Айта берсек таусылмас,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Кел одан да халайық,
Ойын ойнайық жаңа бір.
Жүргізуші:Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Би билейміз бұралып.
Би «Папуасы»
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, сіздер біздің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, мен ұмытып барады екем (сыйлықтар үлестіріледі).
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерің қандай әдемі,солай емеспе қызым?Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!
Бәрі: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.Осындай керемет өтуіне атсалысып жүрген ата-аналар, әріптестер, сіздерге көп-көп рахмет!Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш әкелсін.
.