Home » Балабақша » Кедергілер әлемінде

Кедергілер әлемінде

Білім саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Сабақтың мақсаты: Кедергілерден өтуге үйрету

Міндеттері: — Ойын жүзінде белсенділікке, икемділікке, шапшаңдылыққа үйрету.

— Ертегіге деген қызығушылықтарын дамыту.

— Адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелеу

Құрал-жабдықтар: ысқырғыш,  гимнастикалық орындық, доға, төбешік жотасы, интерактивтік тақта, доптар, үлкен доптар

Билингвалды компонент: кедергі, препятсвие, let

Сабақ барысы:

-Сапқа тұру. Амандасу.

Жетекші: Балалар жаңа мен бала бақшаға келгенде бір флешка тауып алдым. Кәнекей, тыңдап көрейікші.

Үнтаспа:  (Балалар, мен көжегімді орманда жоғалтып алдым, маған тауып алуға көмектесіңіздерші). Балалар, қоян көжегін жоғалтып алыпты. Көмектесеміз бе?

Балалар: Ия.

Жеткші:  Біз орманда абайлап жүруіміз керек. Сендер орман ережесін білесіңдер ме? (Карточкамен белгілерді көрсету)

Жетекші: Қазір біз денемізді шынықтырып алу үшін би залына аттанамыз. Балалар сендер би билегенді жақсы көресіңдерме? Кәне бір сәт көзімізді жұмайық. Өзімізді би залында тұрғанымызды елестетеміз.

—  Сапта тұру;

—  Аяқтың ұшымен жүру;

— Аяқтың өкшесімен жүру;

— Жартылай отыру;

— Толық отыру;

— Жай жүру;

— Жүгіру;

— Үш колоннаға бөліну

Ж.Д.Ж (экранға қарап билеу)

 

Енді орманға аттанамыз. (Бір саппен тұрып, шаңғы тәрізді жүру) Орманға кіру.

Залда бір ағаш тұрады. ( Ағаштың жанынан карточкаларды тауып алады).

Жетекші: Балалар, қараңдаршы, мына орман сыйқырлы екен. Біздің алдымызда әр түрлі кедергілер бар екен. (балаларға карточкаларды көрсету).

Екі сапқа тұрып кедергілерден өту.

— Бөрене үстінен еңбектеп өту (гимнастикалық орындықтан жүру)

— Ағаштың астынан абайлап өту  (доға)

— Тастың үстінен секіріп өту (қатты модульдерден секіру)

— Жотадан сырғанап түсу. (жұмсақ модульдер)

— Балалар жақсылап қараңдаршы, көжек мүлдем көрінбейді! Енді не істейміз? Мүмкін орнымызды ауыстырып, кедергілерден қайтадан өтеміз.(қайтадан кедергілерден өту)

Жетекші:  Балалар, қараңдаршы, біздің көжегіміз көрінбейме екен?

Арлан: Төмпешіктің артында біреу жатқан сияқты(төмпешіктің артында көжек-ойыншық жатады)

Жетекші: Міне Көжек, сен қайдасын. Біз сені іздедік. Ал кәне балалар көжекпен ойын ойнайықшы.

Ойын: Көп қимылды ойын «Қасқырлар мен лақтар»,  аз қимылды ойын «аяқпен допты бір-біріне беру»

Жетекші: Балалар сапқа тұрамыз, орманнан шығуға дайындаламыз… Балалар дыбыс шығатын сияқты. Тыңдап көрейікші…

(Экраннан қоян шығады): — Балалар, менің көжегімді тауып алғандарына рахмет.

Жетекші: Қоян біз көжекті тапқанымызды естіпті. Қазір біз ағаштың түбіне көжегімізді отырғызамыз, ал қоян келіп алып кетеді.

Жетекші: Ал, балалар, біз сендермен бүгін көп жұмыс атқардық, біздің қолдарымыз шаршады, аяқтарымыз шаршады. Енді дем алайық (ортаға шеңбер құрып, гүл жасау)

Сапқа тұру. Қорытынды

Жетекші: Балалар бүгін  не істедік? Қандай қиыншылықтар болды? (балалардың жауаптары) .

 

МАКУЛЖАНОВА Салтанат Сагатовна,

Павлодар қаласы

№33 сәбилер бақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.