Home » Сценарийлер » Кдрсихова М.К. Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш

Кдрсихова М.К. Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш

Ойынға қатысушылар: «Айгөлек» және «Балдырған» топтары
Көрнекіліктері: Сайыс тақырыбы, жар қағаздары, эмблема.
Керекті құралдар: киглилер, шеңберлер, боулинг доптары, доптар.
Өтілетін орыны: Спорт зал
Барысы:
Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге ?!
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!
Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ең — таңба ?! – деп ақындарымыз жырлаған екен.
«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» деп атап көрсетті.


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, балалар және қонақтар бүгінгі біздің «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Бүгінгі сайысқа қатысатын сайыскерлерді ортаға шақырайық.
1 топ «Балауса» тобы
2 топ «Балдырған»  тобы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.
Сөз кезегін «Балауса» балабақшасының директоры Амал Қазиқанқызына береміз.
Сайысты бастамас бұрын әділқазы алқсымен  таныстырып өтейін. Команда екіге бөлінеді, эмблемалары, команда атаулары болады. Сайыстың мазмұны 6 бөлімнен тұрады.

  1. «Таныстыру»
  2. «Өз туыңды тік»
  3. «Допты ұяшыққа салу»
  4. «Пирамиданы құрастыру»
  5. «Викториналық сұрақтар»

6.«Отан  туралы мақал – мәтел айту»
Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт – сапар!

  1. «Таныстыру»

Ойын шарты: Әр топ атын, ұранын таныстыру.

  1. «Өз туыңды тік»

Ойын шарты: команда мүшелері кедергілер арасымен жүгіріп, соңғы ойыншы қолындағы туды тігіп келеді.

  1. «Допты ұяшыққа салу»

Ойын шарты:  балалар қолындағы доптарды ұяшыққа салу.

  1. «Пирамиданы құрастыру»
    Ойын шарты: Құрастырылған пирамидамен таныстыру. Оны шашып тастау балалар бір – бірлеп келіп пирамиданы жинайды. Бірінші жинап болған топ жеңіске жетеді.
  1. «Викториналық сұрақтар»

Ойын шарты: Сұраққа жауап беру.

  1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
    2. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
    4. Қазақстанның астанасы қай қала?
    5. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
    6. ҚР туында не бейнеленген?

6.«Отан  туралы мақал – мәтел айту»
Ойын шарты: Отан  туралы топ болып мақал – мәтел айту. Қай топ көп айтады сол жеңіске жетеді.
Қорытынды: Құрметті сайысқа қатысушы балалар  сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сіздерге алғысымыз шексіз екенін айта отырып, сөзді әділ қазы алқасына беремін. Әділ қазы алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Командаларды алғыс хаттармен марапаттау.

 

Кдрсихова М.К,
«Балауса» балабақшасы МКҚК
дене тәрбиесінің нұсқаушысы,
Мұнайшы ауылы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.