Home » Ашық сабақтар » Касымова Съезгул Салимовна. Құстарды қорғай білейік

Касымова Съезгул Салимовна. Құстарды қорғай білейік

Мақсаты:

Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп-баптауға, аялауға, оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін толықтыру, құстарға деген сүйіспеншілік сезімге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту.Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.

Көрнекіліктер:  құстар бейнеленген атрибуттар, құстар жайлы

диафильм, үнтаспа, ойындар,  үш қорапша, тапсырмалар, түрлі-түсті қағаздар, желім, ермексаз.

Оқу қызмет барысы:Үш тілде амандасады.

«Жылулық шеңбер» «Жүректен жүрекке». Балалар бір-біріне жүректі табыстап, лебіздерін айтады.

Тәрбиеші:-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Балалар:- Қазір жылдың қыс мезгілі

-Қыста қандай құбылыстар болады?

-Боран, аяз болады, қар жауады.

-Қыста қандай ойындар ойналады?

-Коньки, шаңғы тебеді, аққала жасайды, шанамен сырғанайды.

Билингвальді компонент: қыс-зима-winte, құстар-птицы-birds.

Жарайсыңдар, балалар, бәрін дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгінгі оқу қызметіміз құстар туралы болмақ. Біз құстарға қамқор болуға тиіспіз.

-Балалар құстардың түрлері өте көп, олар: дала, үй, қыстап қалатын, жылы даққа ұшып кететін болып бөлінеді. Қыстап қалатын құстар: сауысқан, қарға, торғай, көгершін. Ал жылы жаққа ұшып кететін құстар: қарлығаш, аққу, тырна.

Жылы жаққа ұшып кететін құстар олар суыққа шыдамсыз келеді, жәндіктермен қоректенетін болғандықтан, уақытша жылы жақта мекендейді, кейін біздің жаққа оралады, ал қыстап қалатын құстардың мамықтары қалың, қауырсындары қорғайды, тұмсықтары мен тырнақтары мықты болады.

Әуенмен Қар ханшайымы келеді:

Балалар амандасады.

Қар ханшайымы:-Сәлеметсіңдерме, балалар мен сендерден көмек сұрай келдім. Маған көмектесесіңдер ме?

Балалар:көмектесеміз.

Тәрбиеші: -Қандай көмек керек сізге?

Қар ханшайымы: Менің патшалығымда құстардың түрлері өте көп-ақ, сол бір торғайым қарны ашып, әлсіреп жүргенді соны байқап қойған түлкі ұрлап кеткен.

-Жарайды, ендеше балалар Қар ханшайымына көмектесейік.

-Ал олай болса менің патшалығыма жолға шығайық, бәріміз көзімізді жұмамыз, орнымыздан айналамыз. Міне балалар, менің патшалығым осы, қош келдіңдер. Міне қараңдар түлкі сиқырлы ағаш басына хат іліп кеткен. Ашып оқиды:

1-тапсырма

Әуенді үнтаспа –жұмбақтар

Құстардың дауыстарын ажырату.

Қар ханшайымы: Өте жақсы, сендер ақылды балалар екенсіңдер.

Мына тапсырманы жақсы орындадық, келесі ағашқа кеттік, тағы көздерімізді жұмамыз.

2-тапсырма:

Тақпақтар айту.

Қарға, қарға қарғалар

Қар үстінде жорғалар      Ерқанат

Боран соқса қар соғар

Бұтаға қонар қарғалар

 

Үйге кірші торғайым

Мен аяздан қорғайын         Дильназ

Жем шашайын, жегейсің

Үйшік жасап берейін.

Ал енді келесі ағашқа құстар құсап қанаттарымызды қағып барайық.

Түлкі отырады.

  • Біз сенің барлық тапсырмаларыңды орындадық, ал енді торғайымды қайтар.

Түлкі: -Жоқ

Сонда балалар түлкіге тыйым сөздер айтады:

Құсқа тас лақтырма

Құстың жұмыртқасын жарма

Құсты атуға болмайды

Құстың ұясын бұзба

Құстың балапанына тиіспе!

Кешіріңдер балалар, мен өз қателігімді түсіндім. Мен сендерге торғайды қайтарамын, бірақ соңғы шартым бар, мен торғайға тамақ бермедім, оған жемсауыт дайындап, жемдеуге.

Балалар:-Жарайды біз келісеміз.

Тәрбиеші:-Жақсы балалар түлкінің соңғы тапсырмасын орындайық.

Балалар түрлі түсті қағаздан,қайшы пайдаланып,желімдеп,жемсауыт дайындайды.

Тәрбиеші:

-Балалар, жарайсыңдар, енді түлкімен бірге сергіту сәтін орындайық , шаршаған боларсыңдар. Таспадан слайд қосылады, балалар қимылмен қайталайды.

Түлкі балалардан кешірім сұрап, сыйлыққа жемсауыт беріледі. Қар ханшайымға торғайды қайтарады.

Рахмет сендерге балалар, мен енді ешқашан құстарға тиіспеймін-деп, түлкі кетеді.

Сау болыңдар, балалар!

Қар ханшайымы:-Балаларым сендер маған көмектеспегенде мен түлкіден торғайымды ала алмас едім, сендерге көп рахмет.

Ризашылығын білдіріп,қоштасады.

Сау болыңыздар, балалар!

Тәрбиеші:-Балалар, сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, аяқтай келе маған айтыңыздаршы. Сендерге несімен ұнады оқу қызметі? Кім келді, қандай тапсырмалар орындадыңдар?

Балалар оқу барысының ұнағандарын айтады. Құстарға әрдайым қамқор болу қажеттігін түсіндіреді.

Енді, балалар қонақтармен қоштасайық, үш тілде қоштасады.

 

 

 

Касымова Съезгул Салимовна,
БҚО, Орал қаласы
№49 «Ақ ниет» бөбекжайы
МКҚК тәрбиешісі

                                                

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.