Home » Ашық сабақтар » Калмағанбетова Науша. Ұшақ

Калмағанбетова Науша. Ұшақ

Калмағанбетова Науша
«Kinder surprise» балабақшасы тәрбиеші

Мақсаты: екі бірдей бөлшектен тұратын затты мүсіндеуді үйрету, есу тәсілдері арқылы ұшақты мүсіндеуге үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ермексазды көз мөлшерімен теңдей етіп бөлігу жаттықтыру. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Қажетті құрал жабдықтар: ұшақ, ермексаз, тақтайша, сүлгі.

Билингвальды компонент: ұшақ-самолет, ойыншық- игрушка, тікұшақ-вертолет, ұшқыш-летчик.

Барысы:

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайықшы.

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Тәрбиеші

-Балалар, бүгін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Оның жауабын табу керек.

Жұмбақ:

Құстан аунымайды

Көкте зулайды. (ұшақ)

-Ол не балалар?

-Ол ұшақ.

Осы кезде үн таспадан ұшақтың дауысы естіледі. Балалардың назарын ұшаққа аудару. Балалар біздің тобымызға ұшақ келіп қонды. Ұшақ дыбысы қандай екен балалар? Қане бәріміз бірге ұшақтың дыбысың дыбыстайық. Бәріміз (Р-р-р-р)

-Ұшақ қайда ұшады екен?

-Аспанда ұшады.

-Бізге ұшақ не үшін қажет?

-Ұшақпен адамдар  басқа қалаға ұшып барады.

Суреттермен жұмыс: ұшақтардың түрлерімен таныстыру.

Ұшқыш жайында әңгімелеу.

-Енді ермексаздан ұшақтың мүсінін жасайық.

1.Ұшақтың денесінің пішіні (сопақша)

  1. Ұшақтың қанаттары ( үшбұрышқа ұқсайды)

Үлгі суретпен  таныстыру

Мынау ұшақ, мынау екі қанаты, мынау тұмсығы.

Сергіту сәті

Қане қанат жазайық,

Ұшақ болып ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

Балалар алдарыңдағы ермексазбен ұшақты мүсіндеп жасаймыз. Бірінші мен көрсетемін содан кейін бәріміз бірге жасаймыз. Бір үлкен сопақша жасайық.Енді қанатың жасау үшін кішкене сопақшалар жасап екі қанатын қосамыз.Балалардың жұмысын қадағалау.

Билингвальді компонент:  ұшақ-самолет, тікұшақ-вертолет, ұшқыш-летчик.

Сөздік жұмыс: ұшақтың екі қанаты болады. Ұшақты мүсіндеуді аяқтау.

-Жарайсыңдар, балалар. Сендер өте әдемі жұмыс жасадыңдар.

-Балалар біз ермексаздан не жасадық ?

-Ұшақ қандай болады?

-Тікұшақ қандай болады?

-Ұшақтар неге ұқсайды?

-Кім өскенде ұшқыш болады?

Дид.ойын: «Ұшты-ұшты»

Мақсаты: ұшатын және ұшпайтын заттарды ажырата білуге үйрету.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Балаларды мақтап, мадақтау.

Балалар бағытталған сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.