Home » Ашық сабақтар » Кайранбаева Жумагайша. Сиқырлы сандар

Кайранбаева Жумагайша. Сиқырлы сандар

Кайранбаева  Жумагайша  Бельгибаевна
  ШҚО Семей қаласы
«Жанында  интернаты бар
№ 42 жалпы білім беретін орта мектеп»
КММ логопед – дефектолог

 

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың геометриялық пішіндер,

түстер мен сандар туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түстер

мен пішіндерді дұрыс атап, топтастыра білуге, сандарды ретімен орналастыруға, сандарды бір-бірінен ажырата білуге, сурет арқылы есептер

шығаруға үйрету.

Түзету мақсаты: Сурет арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, ойын арқылы логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

 

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Көрнекілігі: Қыс мезгілінің көрінісі, мазмұнды суреттер, үлестірмелі топшамалар.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақ бастамас бұрын қане, есімізге түсіріп жіберейік қазір жылдың қай мезгілі?

Қыста күн қандай болады?

Қыста не жауады?

Қыста адамдар қалай киінеді?

— Жарайсыңдар, балақайлар.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сиқырлы сандар». Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Онда әр түрлі тапсырмалар беріледі, соны дұрыс орындаған үшін сендерді мен жұлдызшалармен бағалаймын.

Тапсырма №1:«Таныс пішіндерді атап, белгіле» деп аталады. Сурет беріледі, суреттен геометриялық пінішдерді табу. Әр пішіндерді атап, санап белгілеу қажет.Тапсырма №2: «Топтастыру» деп аталады. Мұнда түрлі суреттер беріледі. Сол суреттегі заттарды атап, оларды үлкен мен кіші заттарды тауып бір-бірін сызық арқылы қосасыңдар.

Тапсырма№3: Сандармен жұмыс деп аталады. Берілген сандарды ретімен орналастырып, санау.

1 2 3 4 5 6

Сергіту сәті.

1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

 

Айнаға қарап дыбыстарды айту Ш, Қ, Ж, Ұ, Ғ, Ү,Ы,З

 

Қорытынды

Біз қандай тапсырманы орындадық?

санадық, есеп шығардық

 

— Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.