Куренкеева Мария Бозтаевна
Ақкөл орта мектебінің
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі,
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылы
И. Крылов. Шегiртке мен құмырсқа
Мақсаты | Ертегінің мазмұнымен таныстыру арқылы көркем сөздер туралы мағлұмат беріп, сөйлеу тілінде атқаратын қызметін байқату | |
Жалпы мақсат | Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру. | |
Күтілетін нәтиже | Ертегінің тәрбиелік мәнін ашады, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға береді, топ ішіндегі белсенділігі артады. | |
7 модульдің қолданылуы | АКТ, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. | |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | «Ой шақыру», «Автор орындығы», «Ойлан бірік-бөліс, талқыла», «Егер де мен…» | |
Қолданылатын ресурстар | маркерлер, слайд, тақта, стикерлер, ноутбук | |
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг | Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, жапырақ түстері арқылы топқа бөлу Алтын ереже туралы айту. Әр топқа бағалау парағын таратып беру.
Психологиялық дайындық. | Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды. Топ ішінде тәртіп ережелері талданып, сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады. Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады. Көңіл-күйлері көтеріледі. |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Қызығушылық тарын ояту | Миға шабуыл
| Жалпы сыныпқа өткен тақырып бойынша сұрақтар тарату, үйге берілген тапсырманы топ бойынша сұрау | І топ.Орман көрінісі ІІ топ. Тиіннің қысқа дайындығы ІІІтоп. Борсықтың тіршілігі |
Түсіну | Ой шақыру Жұмбақ шешу | Кейіпкерлерді ажырату. Мысал туралы түсінік беру. | Суретпен жұмыс жүргізеді «Автор орындығы» әдісі арқылы қосымша мәліметтер айтады. |
Қолдану | Зерттеу жұмысы Суреттен көрсете отырып постер арқылы | Әр топқа тапсырма беріледі, сол тапсырманы суреттер арқылы көрсетеді, нәтижесін постерге салады. І топ. Құмырсқа ІІ топ. Шегіртке ІІІ топ. Сипаттау | Жеке ойланады, топ болып біріге жұмыс жасайды, басқа топтарға бөліседі. |
Сергіту сәті | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау | Қимылдарын өлең шумағымен келтіреді. | |
Талдау | Шығармашылық тапсырма | І топ – өлең ұйқасын табады ІІтоп – өлеңді мәнерлеп оқиды ІІІ топ — «Сыңарын тап» | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту |
Жинақтау | «Ойлан, жұптас, топтас, ортаға сал»
Әр топқа тапсырма беру
«Егер де мен»
Венн диаграммасы
Ой түйіндеу | Топтарға жаңа тақырып бойынша тапсырмалар таратып, ортаға әр топтан шығартып айтқызу І топ. Шегірткенің жазғы тіршілігі Шегірткенің қысқы тіршілігі ІІ топ. Құмырсқаның жазғы тіршілігі Құмырсқаның қысқы тіршілігі ІІІ топ. Синоним сөздер табу Топ мүшелеріне сұрақ
І топ. Салыстырады ІІ топ. Сурет бояиды ІІІ топ. Шегірткеге хат жазады Жақтаушы Даттаушы Қорғаушы Егер сен Шегірткенің орнында болсаң не істер едің? Шегіртке сияқты қиналмас үшін: —————— -Жалқау болмаймыз -Әрқашан еңбектенеміз -Сабақты жақсы оқу -Өз-өзіңе ыңғайлы жағдай жасау | Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап береді
Оқушылар өз ойларын жинақтап, түйінді ой шығарады. Мысалы: «Қыстың қамын жаз ойла» |
Бағалау | Өзін-өзі бағалау (2 мин) Бағдарша, бағалау парақшалары | Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату | Өзін өзі топпен бағалайды |
Рефлексия | Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |