Сынып: 8
Сабақтың мақсаты: Халат тігіп үйрену, матадан бұйым пішу жөнінде теориялық білім беру.
Білімділік: Үлгі бойынша киім пішіп үйренуді жетілдіру, технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасай білу.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, халат тігу технологиясын меңгерту, тігіс түрлерін тіге білуді жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, ұқыптылыққа, ептілікке баулу, өз бетінше жұмысты орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сарамандық.
Сабақтың түрі: теориялық, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: үлгі, кесте, карточкалар, нұсқау картасы.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, үлгі, мата, түйреуіштер, қайшы, бор (пішуге арналған), ине, жіп.
Пәнаралық байланыс: сызу, геометрия, математика.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Жоқ оқушыларды белгілеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Өткен сабақты қайталау.
Өткен сабақты “Көшбасшы” ойыны бойынша ұяшықты таңдап сұраққа жауап беру арқылы қайталатамын.
Стиль, сән ж\е костюм | 5 | 10 | 15 |
Модельдеу | 5 | 10 | 15 |
Жалпы сұрақ | 5 | 10 | 15 |
Стиль, сән және костюм.
Стильдің қандай түрлерін білесің? (Киімде бірнеше- классикалық, спорттық, фольклорлық стильдер болады)
Сән, костюм, стиль сөзіне анықтама бер?
(Сән (мода) латын сөзі өлшем, әдіс, іс-әрекет түрі, мағынасы ол уақытша келісімді-сәнді киіне білу деген ұғым береді.
Стиль (грекше балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша) сөзі әдебиет пен өнерде автордың, туындының мәнерін, мазмұнын, идеялық көркемдік ерекшеліктерін білдіреді.
Костюм – белгілі бір ұлттың, әртүрлі қоғамдық топтардың, дәуірдің тұрақты киім үлгісі.
Киім түрлерін ата
(Киім арналуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: күнделікті киім, үй киімі, спорттық киім, салтанаттарға арналған киім)
Модельдеу
- Модельдеу дегеніміз не?
- Кеуде бүкпесін бел сызығына қалай ауыстырады?
- Жеңді қалай модельдейді?
Жалпы сұрақ бойынша: 1) Әжеме өң берген
Жиегін көмкерген
Етегі желкендей
Киім еді ол нендей? (кимешек)
2) Екі басы дөңгелек,
Екі ұшы сүйір,
Қиғанша үйір. (қайшы)
3) Ердің атын….. (еңбек шығарар)
- Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызда біз жеңіл халатты пішіп үйренеміз. Халатты пішпес бұрын ең алдымен мата таңдалып алынады. Ені 90 см-лік материалдан иық бұйымдарын тігу үшін мына формуланы қолданады. Бұ*2+Жұ+15-20см, ал ені 150 см-лік мата болса, Бұ+Жұ+15-20
Киімді пішу белгілі бір ережелер мен талаптарға сүйеніп орындалады:
Бөлшектерді жаю. Матаға бөлшектерді матаның еніне, ондағы суреттердің бағытына, бөлшек санына, сондай-ақ бұйым фасонына байланысты әртүрлі етіп жайып қойып шығады.
Пішу алдында матаның өңі мен терістеме жағын ажыратып, ақауларын тексеріп, түгінің жату бағытын және суреттерінің бағытын анықтап алу керек.
Сурет бөліктерінің (жолақ, төртбұрыштардың) тігістікке сәйкес келуін қадағалап отыру керек.
Матаға пішімдерді үлкен негізгі бөлшектерден, яғни алдыңғы бой, артқы бой, жеңнен бастап жайып қойып шығады. Матаны үнемдеп пайдалану үшін ұсақ бөлшектерді арасына қойған дұрыс. Жаға, қаттама, қалта бөлшектерін шақтап көруден кейін, өлшемдері анықталған соң пішеді.
Матаның терістеме жағына бор немесе сабынмен бөлшек контурларын дәл және анық етіп сызып шығады. Содан қосымшаларға арналған сызықтар жүргізіледі. Жаға мен белбеу бөлшектері екі бөлшектен тұратынын ескеру керек. Иық бұйымдарын арналған тігіс қосымшалары мынадай болуы керек: иық тігісі -1,5см; бүйір тігісі-1,5-2,0 см; иініш тігісі -1,0-1,5 см; мойындық — 0,7-1,0см; Жаға тігісі -0,7-1,0см; қолтық ойындысы тігісі -1,5см; жең түбі тігісі -1,5см; бұйым етегі тігісі-1,5-4,0см. Халаттың алдыңғы өңірі түймеленетін болғандықтан, өңір қайырмаға 4-10 см-ге шейін қосымша қалдырылады.
Дәптермен жұмыс:
Оқушыларға иық бұйымдары бөлшектерін пішу нұсқау картасын мазмұнымен таныстырып, таратып беремін. Нұсқау картаны дәптерлеріне көшіріп жазып алады.
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Қауіпсіздік ережесі (тақтада қауіпсіздік белгісі пайда болады (!), жұмбақтар жазылады, жұмбақтың шешуіне қарай қауіпсіздік ережесі қайталанады).
Тап-тап, тап жорға,
Табаны жоқ боз жорға,
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе таптырмас. (Ине)
Екі пышақ бірлесіп,
Кесіп-пішіп береді.
Екеуі бірге жүрмесе
Жоқ қой бізге керегі. (Қайшы)
Сарамандық жұмыс:
Сарамандық жұмыс барысында оқушылар өздері дайындаған үлгілерін пайдалана отырып, жеңіл халатты пішіп үйренеді. Жұмыс барысында оқушыларды бақылап, қателері болса түзетіп, ағымды нұсқау беріп жүремін.
Қорытынды
Сабақты оқушыларға карточка таратып беру арқылы қорытындылаймын.
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді.
Бағалау
- Оқушыларға бірін-біріне бағалату.
- Сарамандық жұмыстарды салыстырып бағалау.
- Үйге тапсырма. Аяқталмаған жұмыстар болса аяқтау.
Кусайнова Жанагул Казбековна,
ЖББ№16 лингвистикалық бағыттағы
орта мектебі КММ,
Технология пәні мұғалімі,
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы