«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуіміз керек»
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне ену отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр оқытушының мақсаты екені анық.
Білім беру жүйесі алдындағы міндет технология өзгерістеріне бейімделе алатын атқарушы тұлғаны қалыптастыру. Білім берудің болашақ мұраты ойлауға, үйретуге негізделуі тиіс. Ойлау әдістері мен амалдарын сапалы түрде игеруге көшу – оқу үрдісіндегі өте маңызды кезең. Жаңа технология негізі – ізгілендіру және демократияландыру.
«Информатика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» бағдарламасына негізделген сабақтар оқушыларды жан-жақты және тереңірек ашуға, оларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге, оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Мұндай сабақтарды өту барысында сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытуға баса назар аударамын.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушы өзін-өзі еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейтеді. Кейде өзгеге көмектессе, кейде өзіне көптің көмегі қажет болады.
«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу»бұл бағдарлама 60 түрлі стратегилардан: әдістерден тұрады. Мақсаты — шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Мұғалімнің міндеті — баланың шығармашылық қабілетін дамыту, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке, топпен, жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы:
-әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады;
-жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады;
— қызығушылығын оятады;
-сұрақ қойып, өз ойын еркін айтады;
— мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.
Халық даналығындағы мына бір ұлағатты сөзді әрбір ұстаз өмірлік ұраны етіп қалыптастырар болса, біздің елде сауатсыз шәкірт болмайды «Бір жылдығын ойлаған егін егеді, он жылдығын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылдығын ойлаған ұрпағын тәрбиелейді». Осы сөзді ұран ете отырып, мен өз сабақтарымда жаңа әдіс — тәсілдерді, соның ішінде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын жиі қолданамын.
Сын тұрғысынан ойлауға дамыту модулінде мен келесідей: «Қос жазба күнделігі», «Fishbone», «Автор орындығы», «Блум түймедағы», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Жіңіше-жуан сұрақтар», «Білемін. Білдім. Білгім келеді», «Венн диаграммасы», «Ашық хат»және т.б. әдіс-тәсілдерді қолданамын.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. «Сыни ойлау» анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі – ол шығармашылық немесе көкейкесті ойлау. Сонымен сыни тұрғыдан ойлау үш бөліктен тұрады: Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек. Мысалы: оқушылар мұғалімнің айтқанын жаттанды түрде қайтып айтып беруі мүмкін.
Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін өздері шешетін болады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек.
1.Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай оны үнемі алға жылжуға деген талап тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.
2.Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау
3.Өзін-өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру.
Жалпы әр сабақ психологиялық дайындықтан басталады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, өздерін сабаққа дайындап алады.
Сын тұрғысынан оқыту технологиясын тәжірибемде қолданғанымда мынандай қорытынды жасауға болады: оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйреніп жатыр, еркін сөйлеуге, ой бөлісуге тырысып жүр, ізденеді, берілетін шығармашылық тапсырмаларды орындауға тырысады. Және байқағаным балалардың сөздік қорлары кеңейді. Мысалы, оқушылар өз достарын туған күнімен құттықтағанда өте жақсы-жақсы тілектер айтып жатады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында: -белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды: — мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға үйренді; — бір-біріне құрметпен қарауға үйренді; — бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды; — өзін жеке дара тұлға ретінде тани біліді; — өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға үйренді; — өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға үйренді; — достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге талпынады;
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Сабақта жаңа технология элементтерін қолдану
2.Қазақстан мектебі, №12, 2010 ж
3.Интернет желісі.
4.С.Мирсеитова, Ә. Іргебаева «Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері».
5.С.Стил, С.Крутис «Сын тұрғысынан ойлай технологиясы»
Жолжан Ақмарал Болатбайқызы,
Астана қаласы № 59 мектеп-лицейінің
информатика пәні мұғалімі