Home » Ашық сабақтар » Италия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

Италия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

       М.А.Асқар
№2 Әлихан Бөкейханов
атындағы жалпы орта мектеп
тарих және география пәнінің мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы

 

Сынып: 11 «А»Күні:  15.12.2016 ж.Пәні:  География
Сабақтың тақырыбы:26. Италия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

 

Сабақтың мақсаты:

(мақсаттары)

  Италия  мемлекетінің  экономикалық-географиялық  орны мен табиғат  жағдайлары, ресурстарының  өзіндік  ерекшелігі  және

халқы  туралы ақпарат  алу.

 

Күтілетін нәтиже:  Италия  мемлекетінің  экономикалық-географиялық орнының ерекшелігі ,табиғат  жағдайлары мен   ресурстары, халқы   жөнінде  өзіндік  пікір  білдіре  алу дағдысы қалыптасады. Сонымен  қатар өзіндік  ізденіс, өзін-өзі реттеу, пікірін  еркін  айта алуына қол жеткізу,бірін- бірі құрметтеуге, бағалай білуге үйрену.

 

Түйінді идеялар:     Қазақстан  мен  Италияның  арасындағы  өзара  достықтың

болуы -мемлекеттің  дамуы  үшін  өте  маңызды.

Кіріктірілген 

модульдер:

 

 

 

 

Оқыту мен  оқудағы  жаңа  әдіс-тәсілдер

-Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету

-Оқыту  мен оқуда  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану

-Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:Әдісі: «Мозаика»,  «Ассосация» (Миға  шабуыл),     «Интервью», «Джигсо»,

«Ия  және  жоқ», «Инсерт»,  «Матрица» әдістері

Тәсілі:  Топпен   және  жеке  жұмыс.
Негізгі дереккөздер: География  Дүние жүзіне аймақтық шолу. Әдістемелік  ұсынымдар. Интернет  желісі.  Баспасөз  материалдары

 

Көрнекі-құралдар:Дүние жүзінің саяси  картасы,  слайдтар (АКТ), плакаттар, маркерлер, бағалау парағы, суреттер, буклеттер, дәптер, оқулық

 

 Кезеңдері:Мұғалімнің  іс-әрекетіОқушының  іс-әрекетіКүтілетін нәтижеУақыт

(минут)

 Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

 

1.Сәлемдесу, түгендеу,

2.ҚР Әнұраны

3.Психологиялық ахуал қалыптастыру.

3. Оқушыларды 1,2,3  реттік   сандары  бойынша бөлу

Топтар:

1. «Экономика»

2. «Табиғат»

3. «Халық»

 

Ынтымағы жарасқан жылы жұмыс атмосферасы қалыптасады.

 

5
  «Сиқырлы әріптер»Сиқырлы әріптер жазылған түрлі-түсті қағаздарды тарату.Өзін топта ұстай білу дағдысы қалыптасады. 
  Тапсырма: Миға  шабуыл:Қолдарыңызға берілген әріптерден сөздер құрастырыңдар.

Сөздердің тақырыпқа қатынасы бар ма?

Мұғалімнің сұрақтарына өз ойлары,өздерінің пайымдаулары бойынша жауап береді.Логикалық ойлау қабілеті артады.2
 Үй тапсырмасы:

(алдыңғы оқу)

«Интервью» әдісі  арқылы  өтілген  тақырыпты  еске  түсіру

1. Сұрақтар  мен  тапсырмалар

2. «Сөзжұмбақ»

Өткен сабақ бойынша сұрақтарға  жауап  береді.

 

Диалогтық қарым-қатынас жасап  үйренеді.8
 Жаңа сабақ:Мәтінмен  жұмыс.   «Джигсо» әдісі

1-топ: Италияның ЭГЖ-ы

2-топ: Табиғат  жағдайлары мен ресурстары

3-топ: Халқы

Оқушылар мәтінмен танысады,топтаса отырып ойланады,талқылайды,меңгерілген ақпаратты  сыныптастарына түсінікті етіп жеткізу, тұжырымдамалық  картаны қорғау.Диалогтық қарым-қатынас жасап  үйренеді,ЖАДА дамиды.

 

Көшбасшы

лыққа ұмтылады.

     20
   «Дәптермен  жұмыс»

Термин  сөздер мағынасын анықтау

(Глосарий)

«Республика»

«Парламенттік Республика»,

«Табиғи  қорлар»

«Халық»

Оқушылар жеке жұмыс жасай

отырып,тапсырманы орындайды.Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады.

Белсенділігі артады.       3
 Сабақты  қорытындылау:

«Ия  және  жоқ » әдісі

1. Ел  аумағында қандай   екі тәуелсіз мемлекеттер  орналасқан.

2. Италия  мемлекеті  президенттік  республика.

3. Ең  биік  жері  Монблан.

4. Пайдалы  қазбалары: көмір, алтын, күміс,  боксит.

5. Халқының  саны  жөнінен  үшінші  орында.

6. Итальяндардың тілі  үш  диалектіге  бөлінеді.

7. Климаты  қоңыржай.

8. Ұлттық  ақша бірлігі – еуро.

9. Мемлекеттік  тілі-италия тілі.

10. Астанасы – Рим.

11. Италия  әкімшілік-аумақтық жағынан  30  облыстан  тұрады.

12. Жер  бедері бойынша  таулы  және  қыратты.

13. Елді  премьер-министр  басқарады.

14. Елдегі  өзендер  көбінде  ұзын.

15. Италияда  400 ден  аса  құстар  мекендейді.

16. Италия – аса ірі  туризм  орталығы.

17. Қазақстан  мен  Италия  арасындағы  дипломатиялық  қатынас  1992  жылы  12  шілдеде  орнады.

18. Екіжақты  бірлестіктегі  алғашқы  байланыс 1993 жылы  басталды.

19. Республикамызда  Италияның  бірлескен  97 кәсіпорыны  бар.

20. Қазақстаннан  табылған «Алтын  адам» экспонатының  көрмесі  1999  жылы Италияның  қалаларында  өтті.

 

 

3

 

 

Үйге тапсырма:1.     Мәтінмен  жұмыс:

Италияның  ЭГЖ, табиғаты мен ресурстары, халқы туралы толық  түсініп  оқу.

2.     Дәптермен  жұмыс:

Халықтың  жас  ерекшелігінің сандық  көрсеткіштерін  пайдаланып, шеңберлі  диаграмма  сызу.

3.   Картамен  жұмыс:

Кескін  картаға пайдалы  қазба кен  орындарын  түсіру.

4.   Шығармашылық  тапсырма:

1.«Италия  өнер  ордасы» деген  тақырыпқа хабарлама  дайындау.

5.   Эссе

 Италия  мен Қазақстан қарым-қатынастары

 

Оқушылар  үй тапсырмасын  күнделіктеріне жазып алады.

 

2

 Бағалау: «Матрица» әдісі арқылы бағалауМадақтау  арқылы бағалауӨзара бағалауды үйренеді.      2
 Кері байланыс:

 

  «Б-Б-Б» кестесі

(«Білемін-Білдім-Білгім  келеді»)

Кестемен  танысып, бағандарды  толтырады.Өзін-өзі бағалау1

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.