Искакова А.А.
№ 30 мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мен не үйрендім? Денсаулық – зор байлық
Мақсаты:
Білімділігі: Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту
Дамытушылығы: Модуль бойынша берілген қазақша мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға,ізденуге жетелеу.
Тәрбиелігі: Тілдік коммуникация барысында саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру,кезең-кезеңмен тапсырмаларды орындау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар,тақырыпқа қатысты суреттер, желім қағаздар,суреттер,А4,А3 парағы,түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезені
Сыныпты 3 топқа бөлу. 1 мин
1-топ. «Дәрумен»
2-топ. «Дәрігер»
3-топ. «Денсаулық»
Әр топ үй тапсырмасына «Денсаулық-зор байлық»
Тақтада. Денсаулыққа не пайдалы, не зиян?
Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.
Үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін,
спорт сыныбы дене шынықтыру жаттығуын жасайды 2 мин
ІІ. Жаңа сабақ
М: — Балалар,бүгінгі сабақтың тақырыбы: Мен не үйрендім? Денсаулық-зор байлық.
М: — Сабақтың мақсаты: «Денсаулық-зор байлық» тарауы бойынша не үйрендік,осы тараудан қандай білім жинадық осының бәрін бүгінгі сабақта тапсырмаларды орындау арқылы көрсетеміз.
Бүгінгі сабақ кезең-кезеңмен, тапсырмаларды орындау арқылы өтеді. Әр топты сабаққа белсене қатысуын сұраймын. Әр дұрыс жауап үшін 1-ұпаймен бағаланып,кімде ұпай саны көбейсе сол топ жеңімпаз, «Тарау білгірі» атағына ие болады.
-Сонымен 1-кезең.
Ең бірінші байлық-денсаулық деп атап өттік. Одан да басқа қандай байлық түрлерін біз ажырата білеміз?
1-тапсырма. Диаграмманы толтыр. 3 мин.
Адами байлық
Табиғи байлық
Материалдық
Берілген сөздер: Үй,мұхит,ақша,ата-ана,денсаулық,мұнай,өсімдік,туыс,туған жер,дүние-мүлік,білім,таза ауа,тау,дене мүшелері,өмір.
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.Қай топ тарау бойынша көп сөз тақтаға шығып жазады. 2 мин
3-тапсырма. Семантикалық картаны толтыр. 3 мин.
4-тапсырма. 2 мин
-Балалар,әр топқа жұмбақ жасырамын.
1. Медбике мен дәрігер
Таң сәріден жұмыс істейді.
Бар көмегін аямай
Ауруларды емдейді.
Кім айтады
Бұл қай жер?
2. Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың
Бұл не?
3. Іш ауырса, тіс ауырса
Анам дәрі береді.
Барлық ана,барлық бала
Оны жақсы көреді.
Ол кім? Қандай мамандық?
5-тапсырма. Мәтін жаз. 7 мин
Осы тарауда біз грамматикалық тақырыпты өткенбіз. Тапсырма бойынша әр топ берілген үстеулерді қолданып 5 сөйлем құрастырып тақтаға жазады.
6-тапсырма. Емханада сырқатыңа байланысты кімге баратының туралы сөйлемді толықтырыңдар. 5 мин
1.Жүрегің ауырса, … көрін.
2.Тісің ауырса, … бару керек.
3.Тұмауың болса, … бару керек.
4.Көзің ауырса, … бар.
5. Құлағың ауырса,… бар.
6. Дәрі керек болса,… бар.
7. Емделсең,… жазыласың.
8.Жазылсаң … шығасың,сабаққа барасың.
Қажетті сөздер: кардиологқа,терапевтке,лорға,дәріханаға,тіс дәрігеріне,окулистке,жұмысқа,тез.
7-тапсырма. Сөздік диктант.Сөздердің аудармасын жазамыз. Қарсы топ тексереді. 7 мин
Рухани-
Емхана-
Тексеру-
Жүрек-
Қан тапсыру-
Дәрігерлік кеңес-
Ауырады-
Шикі-
Жеңіл қорыту-
Жартылай дайын өнімдер-
Сақталу мерзімі-
Тез бұзылады-
Сапа-
Артық салмақ-
Сабақты қорыту:3 мин Рефлексия. Желім қағаздармен тақтаны толтырады.
Тақтада. Денсаулыққа не пайдалы, не зиян?
Сабақты формативті бағалау
Үйге: Диалог «Дәріханада»