Home » Мақалалар » Информатика пәні бойынша берілетін ICDL халықаралық сертификатына сай оқушылар мен студенттерді дайындаудың тиімді жақтары

Информатика пәні бойынша берілетін ICDL халықаралық сертификатына сай оқушылар мен студенттерді дайындаудың тиімді жақтары

ICDL халықаралық сертификатымен таныстыру: ICDL(International Computer Driving License) — халықаралық қабылданған компьютерлік біліктілік стандарты. Бұл стандарт Еуроодақтың демеуімен Еуропа профессиональды компьютерлік кеңесі болып табылатын CEPIS (Council of European Informatics Societies) қоғамы негізінде құрылған. Азия құрлығындағы орналасқан мемлекеттерді компьютерлік құзырлылықпен сертификаттайтын бірден бір сертификат болып табылады. ICDL (ECDL) сертификаттарын әлемнің 156-дан астам мемлекет мойындаған.

ICDL халықаралық сертификатын енгізудің мақсаты: оқушылардың, студенттер мен мұғалімдердің білімінің өнімділігін растайтын бірден бір мүмкіндік беру болып табылады; мекеменің білім сапасын көтеру.

ICDL сертификатының оқушыларды дайындаудағы өзектілігі:

  1. Мемлекеттік ЖОО мен мектепдердің түлектерінің білімнің бәсекелестікке тұра алуы;
  2. Әлемдік компьютерлік құзырлықты маман болу мүмкіндігі мен шексіз әдістемелік өсулерге мүмкіндік беруі;
  3. Көптеген елдерде қабылданғанына байланысты қайта тапсырудың қажетсіздігі;
  4. Жұмысқа орналасу барысындағы артықшылықтары;
  5. ЖОО деңгейінде оқытылатын болса ИТ маманы ретінде қайта қабылдануы мүмкіндігі;
  6. Сертификат иегері халықаралық студенттік алмасу бағдарламаларына немесе шетелдік оқу грантын ұтып алуға қатысуға ие болуы;
  7. ICDL сертификаты студенттер мен оқушыларға өз күшіне сенумен қатар өзін өзі дамытуға түрткі бола отырып, айтарлықтай біліктілікті арттыру мен ақшалай сыйақылар алуға мүмкіндік береді.

ICDL сертификатының мекемеге әкелетін тиімділіктері:

  1. Жұмыскерлердің білімдері әлемдік деңгейге көтеріледі, осының арқасында мекеменің білім сапасы жоғарылайды;
  2. Жұмыс берушілер сертификаттың деңгейіне байланысты жұмыскерлерге объективті жауапкершіліктер тағайындайды;
  3. АТС-бекітілген тестілеу орталықтары халықаралық стандарттарға сай келетін біліктілікті көтеру курстарын онлайн түрде ұйымдастырып береді, өз кезегінде үздіксіз білім алудың бір көзі болып табылуы;
  4. Білікті мамандар мекеменің имиджін көтеріп қоймай, мекеме жұмысының өнімділігін арттырады.

Махамбетова Марал Жұманазарқызы

Шымкент қаласындағы физика-математика

бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.