Мектеп: Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі коммуналдық-мемлекеттік мекемесі | Пән мұғалімі: Оралова Актолкын Капбаровна | Пәні: информатика | Сыныбы: 11 «А» | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Интернет үшін ақпараттық нысандарды құру құралдары. | ||||||
Сілтеме: | Оқулық: §22. 269-273бет. Қосымша мәлімет: Bilimland.kz ресурсы. | ||||||
Мақсаты: | Оқушылардың интернет үшін ақпараттық нысандарды құру құралдары жайлы түсініктерін HTML, сайт конструкторы көмегімен қалыптастыру, бағдарлама интерфейсімен, нысандарымен таныстыру, тәжірибе жүзінде шығармашылық дағдыларын қалыптастыру. | ||||||
Түйінді идеялар
| Интернет үшін ақпараттық нысандарды құруға арналған HTML, сайт конструкторының интерфейсімен және нысандарымен танысады, тәжірибе жүзінде шығармашылық жұмыс жасау арқылы дағдыланып, түініктері қалыптасады.
| ||||||
Күтілетін нәтиже (табыс критерийі): | Барлық оқушылар: Интернет үшін ақпараттық нысандарды құру құралдары туралы түсініктері қалыптасады, сайт құрудың маңызын біледі | Кейбір оқушылар: Интернет үшін ақпараттық нысандарды құру құралын дұрыс таңдай алады, интерфейсін, батырмалар мен тегтердің қызметін меңгереді.
| Жекелеген оқушылар: HTML, сайт конструкторының интерфейсін меңгереді, батырмалар мен тегтерді тиімді қолдана отырып, өз сайттарын көрнекі етіп құра алады. | ||||
Әдіс—тәсілдер: | Сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру. Топпен, жұппен жұмыс істеуін дағдыландыру. Танымдылық белсенділігін арттыру. АКТ-ны қолдану. | ||||||
Ресурстар: | Bilimland.kz, ДК, интерактивті тақта, презентация, бағалау парағы, оқулық, дәптер, таймер., «Жетістік» баспалдағы. | ||||||
Сабақ кезеңдері: | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||
Ұйымдастыру кезеңі 3 мин
Өткенді пысықтау 6 мин
Қызығушылықты ояту 1 мин
Сабақтың мақсаты, жоспары 2 мин
Жаңа сабақ 14 мин
Сабақты бекіту. Тәжірибелік тапсырма. 8 мин
Қорытынды 6 мин
Үйге тапсырма
Бағалау
Кері байланыс | 1. Сынып оқушыларын түгендейді, оқушыларға сәттілік тілеу арқылы психологиялық ахуал жасайды: Сәлеметсіздер ме оқушылар. Бүгін бізде ерекше сабақ: біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қысылмай өз ойларыңызды, білімдеріңізді еркін жеткізуге сәттілік тілеймін! 2. Оқушыларды орындыққа стикерлер жабыстыру арқылы 2 топқа бөлу. Топ ережесі, бағалау парағы таныстырылады.
«Сергіту баспалдағы».
Біз Web-бағдарламалау деген үлкен тарауды бастадық. Мынаны айтыңыздаршы, сайтты кім құра алады? Сайт құру үшін міндетті түрде бағдарламалаушы болу керек пе? Ал сіздер сайт құрудың қандай әдістерін білесіздер? Сабақтың тақырыбын айтады.
1. Топ аттарына назар аудартады 2. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтайды. 3. Сабақтың жоспарымен таныстырады 1. Ұйымдастыру (3 мин) 2. Өткенді пысықтау (6 мин) 3. Қызығушылықты ояту (1 мин) 4. Сабақтың мақсаты, жоспары (2 мин) 5. Жаңа сабақ (14 мин) 6. Сабақты бекіту. Тәжірибелік тапсырма (8мин) 7. Қорытынды (6 мин)
Топтық жұмыс. 1.bilimland.kz сайтынан видео көрсетіледі (3.28 мин) 2. Әр топ өз тобының атына сайкес оқулықтағы мәтінмен таныстырады, топта талқылату (5 мин) 3. Әр топтан 2 оқушы шығып интерактивті тақтадан тақырыбын басқа топтарға түсіндіреді. (5 мин) Топтар бір-бірін бағалайды.
Жұптық жұмыс. 1-топ: Сайт конструкторы. Сайт конструкторын қолдануға арналған нұсқаулық. 1. Жұмыс үстелінен «Конструктор сайтов» бағдарламасын іске қосыңыз. 2. Файл-жаңа жоба 3. Шаблон таңдау – алға 4. Жобаның орналасу орнын таңдау (бума атын көрсетіп, ОК басу) 5. Мәзір құру: 6. Бетті толтыру 7. HTML-ге түрлендіру 8. Жобаны сақтау. 9. Project1 бумасындағы Index.htm құжатын Internet Explore броузері арқылы ашу. 2-топ: Сайт құруға арналған бағдарлама арқылы нұсқаулық бойынша өз веб-беттерін құрады құрады. Тапсырма №1 <HTML> <HEAD> <TITLE>Менің сыныбым</TITLE> </HEAD> <BODY BGCOLOR=“green”> <FONT SIZE= “7” FACE= “Times New Roman”> Осы жерге өзіңіздің сыныбыңыз туралы қысқаша ғана жазыңыз </FONT> </BODY> </HTML> Тапсырма №2 <HTML> <HEAD> <TITLE> Дербес компьютер архитектурасы </TITLE> </HEAD> <BODY BGCOLOR=“brown”> <FONT SIZE= “7” COLOR= “white”> Компьютердің архитектурасы – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы. <BR>Компьютерлердің көпшілігі Джон фон Нейман принципіне негізделген және құрастырудың модульдік принципін пайдаланады. </FONT> </BODY></HTML> Тапсырма №3. Осы білімді пайдаланып, бетті түрлендіріп көріңіз.
Жеке жұмыс. bilimland.kz сайтынан жаттығуларды орындап, тест сұрақтарына жауап береді. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
§22. «Интернет үшін ақпараттық нысандарды құру құралдары» тақырыбын оқу. Бақылау сұрақтарына дайындалу.
Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалайды
«Жетістік» баспалдағы беріледі. Оқушылар өздерін бағалайды. | 1. Оқушылар сабаққа дайын екендерін білдіреді. 2. Оқушылар стикерлер бойынша 2 топқа бөлінеді. Топ мүшелері сайланады. 1-топ. HTML 2-топ. E-Publish Бағалау парағымен танысады.
Оқушылар берілген түйінді сөздерге қатысты не білетіндерін айтады.
Сұраққа өз ойлары бойынша жауап беру
1. Топ аттарының не себепті осылай аталуын туралы өз ойларын білдіріп, сабақтың мақсатын мұғаліммен бірлесе қояды. 2. Сабақтың жоспарымен танысады.
1. Видеоны мұқият көреді, керек мәліметті түртіп алады. 2. Оқулықтан берілген мәліметтерге көз жүгірте отырып, керек жерлерін дәптерлеріне жазып алады, білімін толықтырады, жинақтайды, мағынаны ашуға дайындалады. Топта бірігіп талдайды. 3. Әр топтан 2 оқушыдан таңдайды, таңдалынған оқушылар тақырыбын басқа топтарға таныстырады.
Оқушылар нұсқаулық бойынша өз веб-беттерін құрады.
bilimland.kz сайтынан жаттығуларды орындап, тест сұрақтарына жауап береді. Өзін-өзі бағалайды.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады
Оқушылар бағалау критерийлерімен өзін-өзі бағалайды
«Жетістік» баспалдағы арқылы өздерін бағалайды. | |||||
Оралова Актолкын Капбаровна,
Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды балаларға арналған
№9 «Зерде» мектебі коммуналдық-мемлекеттік мекемесі