«Интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту, диалог арқылы үйрету.
Интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады. Осы қағиданы ұстанған мұғалім оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтып, сабақтарында оқушы бойындағы идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруды талап етеді.
Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:
• Орта қалыптастыру
• Әрекет арқылы үйрету
• Өмірмен байланыстыру
• Өзінділікпен дербестікке баулу
Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Интербелсенді оқудың әдістері:
• Интербелсенді лекциялар мен семинарлар;
• Броундық қозғалыс
• Пікірталастар ;
• Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.);
• Тренингтер;
• Оқытудың компьютерлік технологиялары.
• Жұптасып жұмыс істеу.
• Сұрақтар қоюда ынталандыру(СТО — ға үйрету);
• Шағын топтармен жұмыс
• Аяқталмаған сөйлем.
• Есептеу ағашы.
• Өз атынан сот.
• Рөлдік /іскерлік/ ойын.
• Өз позицияңды ұстан.
• Дискуссия.
• Дебаттар.
Сауат ашу – сөз сабағы, көбінде сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Біз өз технологиямызда оқушылардың дербес ізденісі, жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлеміз. Осы сауат ашу да қолданылатын әдістердің бірі: «Миға шабуыл» әдісі – қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, оқушыларға проблеманы шешуде жауап нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады. Оқушылардың шығармашылығын дамыту осы кездерде нақты жүзеге асады өйткені мұғалім осы әдісті пайдаланып оқушыны жан-жақты ойлануға жетелей алады.
Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты жоспарлауы тиіс: — бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың интербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану; — оқушылар үшін тақырыпты игерудің «кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу; — әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу; — бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану. Интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылған сабақ сегіз кезеңнен тұрады: 1.Мотивация. Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту қажет. 2.Мақсат қою. Оқушыларға мақсаттарды хабарлау әрекетті мақсатты бағытталған етуге мүмкіндік береді.Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын қоюды үйретеді. 3.Жаңа ақпарат беру. Бұл кезең оқушылар нені білетінін, ненің таныс емес және түсініксіз екенін таңдап алуға мүмкіндік береді.Бұл кезеңді миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Бұл сөз Сізде қандай ассоциация тудырады?», «Бұл сөзбен қандай ұғымдар байланысты?». Интербелсенді жаттығулар. Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын топтардағы жұмыс ұсынылады. Әрбір топ қысқа және неғұрлым ақпаратты түрде сөйлеуі тиіс.
Ал топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты, әрі танымды тәсілін мұғалім білуі керек.. Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл үшін мұғалім топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты, әрі танымды тәсілі олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады, шығармашылық ойлауын жетілдіреді. Топпен жұмыс істегенде уақытша болса да бастарын біріктіреді, араларында бір-біріне деген жылы сезімдер орнайды, пікір алмасып ойын нақтылайды.
Сабақта баланы қадағалау, үнемі сұрап, қозғап отыру арқылы жаман әдеттен арылту. Бұл тәсілдерді сабақта да, сабақтан тыс тәрбиелік шараларда да үнемі қолданса мұғалім жетістікке жетеді деп ойлаймын.
— сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қызық жұмыс түрлерін жүргізу;
— әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс, интеллектуалдық сайыстар өткізіп, алған әсерлерін байқау;
— балаларға арналған «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Айгөлек» журналдарын үнемі сабақтан тыс уақытта үзбей пайдаланып отыру.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушылардың білімін көтеруге , шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, баланың өз бетімен ізденуіне зор ықпалын тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылықпен дамуына жол ашу дегенді білдіреді. Жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенсіділікке ынталандыруда жалпы білімін көтеруде интербелсенді әдістердің маңызы зор.Қай пәнде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ынтасын дамыта түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. «Мұғалімге арналған нұсқаулық», екінші (негізгі) деңгей (үшінші басылым) Астана, 2012 жыл (4-110 б.);
2. «Жаңаша оқыту – заман талабы» Ғ.Сұлтанова, З.Сатқаева, Алматы, 2011 ж. (7-17б.);
3. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, Қарағанды, 2011 ж. (45-б.);
4. «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» «Қазақстан мектебі» журналы №3, 2012 ж. (18-б.);
5. «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» Н.С.Байжуманова «Білім әлемінде» журналы № 5.
Самарканова А.А.
«Өрлеу»БАҰО» АҚ АОБПҚБАИ
«Басқару және білім сапасы»
кафедрасының
аға оқытушысы