Home » Балабақша » «Интеллектуалдық даму» кластері бойынша «БИТВА ИНТЕЛЛЕКТУАЛОВ» тақырыбындағы серіктес балабақшалардың ата –аналармен өткізілген брейн –ринг сайысы

«Интеллектуалдық даму» кластері бойынша «БИТВА ИНТЕЛЛЕКТУАЛОВ» тақырыбындағы серіктес балабақшалардың ата –аналармен өткізілген брейн –ринг сайысы

Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
В. А. Сухомлинский
Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстаз -ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім  алады.
Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейту  мақсатында 2019 жылдың 18 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №53«Мерей» балабақшасында «Интеллектуалдық даму» кластер бағыты бойынша серіктес балабақшалардың ата –аналармен «Битва интеллектуалов»тақырыбындағыбрейн –ринг сайысы өткізілді.  Брейн- ринг сайысына серіктес №80«Ботақан», №83 «Жансая», №53 «Мерей», №20 «Арайлым», №14 «Ақбөпе» балабақшаларының  ата –аналары қатысты.
Сайыстың  ашылуында   балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерін ортаға салса, ал балабақша психологі ата – аналармен   психологиялық сәт ұйымдастырды.
Сайыс  5 кезеннен тұрды :
1.«Өнер әлемінде» кезеңі (қатысушылар пазлдан әйгілі суретшілердің суретін құрастырып, суреттің атын және авторын атады.
2.
«Мен интеллектуал» кезеңі (қатысушылар Кьюзинер таяқшаларын қолдану арқылы берілген үлгіге суретті құрастырды)
3.«Ертегілер әлемінде» кезеңі  (қатысушылар  доңгелекті айналдыру арқылы, берілген сан бойынша видео — сұрақтарға жауап берді)
4.«Әуенді тап»кезеңі. (қатысушылар  әртүрлі әундерді тыңдау арқылы,әуеннің атауын айтып берді)
Ата – аналар кезеңдерден сүрінбей өтіпойын барысында өздерін шапшаң, белсенді, жан –жақты екенін көрсете алды.  Жүргізушілер әр кезең сайын аналарымыздың  ұпай сандарын беріп, отырды.
Байқау бағдарламасының қорытындысы бойынша ұпай арқылы жүлделі орындар  анықталды:І – орынды№83 «Жансая»балабақшасының ата — анасы Турганбекова Асель Кулакайевна иеленсе, ІІ орынға №20 «Арайлым» балабақшасының ата – анасы Баймаганбетова Айгуль Галимовна  ие болды.

ІІІ орынды №14 «Ақбопе « балабақшасының ата –анасы  Маканова Асель Оразбаевна иеленді. Ал №53 «Мерей», №14«Ақбопе», №80 «Ботақан» балабақшаларының ата – аналары «Знаток искусства», «Умница, разумница»,«Волшебная сказочница»номинацияларына иеболды. Брейн – ринг сайысының жүлдегерлеріне дипломдар табыс етіліп, сыйлықтар таратылды. Қатысушылар тарапынан  ұйымдастырушыларға алғыс айтылып, жылы лебіздер білдірілді.

 

А.С.Талипова,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№53 «Мерей» балабақшасының әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.