«Ұлттық интеллектінің діңін құру қажет, халықаралық бәсекеге түсе алатын эрудициялы адам керек» деп елбасы атап өткендей,бүгінде интеллектуалдық дағдыны қалыптастыру арқылы оқушылардың логикалық ой ұшқырлығын жетілдіру маңызды. Бұл орайда жастарға ғылымды әр қырынан тану қажет. Зияткерлік әлеуетті әлдендіре отырып дамыған технология заманында көштен кейін қалмау басты мақсат. Осы бағытта Қарағанды мектептерінде бәсекеге қабілетті, білімді, білікті, дарынды, интеллектуалды, ұлт қалыптастырушы оқушыларды тәрбиелеу мақсатында Қарағанды қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «№102 мектеп – гимназиясында» физика математикалық «Интеллектуал – 2018» турнирінің І -айналымы өткізілді. Турнирге Қарағандының негізгі және орта мектептерінің 5 – 8 сынып аралығындағы қазақ тілінде оқытылатын оқушылар қатысты. Іріктеу барысында ІІ- айналымға №41, №81, №86, №18, №12, №8, №34 жалпы білім беретін орта мектептерінен құралған командалар өтті. ІІ айналым 29 наурыз күні №35 жалпы білім беретін орта мектебінде өткізіледі.
ІІ айналымға 7 команда өтіп, осы командалар 2 топқа бөлінді.
«Интеллектуал – 2018» турнирінің қорытындысы бойынша: Бас жүлдеге №34 ЖББОМ, І орынға № 18 ЖББОМ, ІІ орынға № 41 ЖББОМ, ІІІ орынға №81 ЖББОМ оқушыларынан құралған командалар ие болды. Сонымен қатар белсене араласқан №12 ЖББОМ 7 «Ә» сынып оқушысы Жеңіс Наргиз грамотамен марапатталды.
Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»