Home » Жаңалықтар » ИНСТИТУТ ТАРИХЫ БЕТТЕРІН ЖИНАҚТАУ

ИНСТИТУТ ТАРИХЫ БЕТТЕРІН ЖИНАҚТАУ

2018 жылдың 29 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері БАИ 70 жылдығына арналған іс-шара аясында Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына барды.

Бару сапарының мақсаты – Институт тарихымен байланысты, архивтік материалдар жинақтау бойынша Мұражай қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізу.

Экскурсия барысында Мұражай залдары арқылы қызметкерлер халқымыздың қиын-қыстау кезеңдегі басынан кешкен тауқымет тағдыры туралы тарих бетін айқындайтын әртүрлі экспозициялармен танысты. Мұражай қызметкерлері 1958-1960 жылдары Институт директоры қызметін атқарған Л.Я. Дворкинаның өміріне қатысты архивтік құжаттар ұсынды.

Мұражай қорымен танысу, Филиал қызметкерлеріне өткен және бүгінгі тарих арасындағы ажырағысыз байланысты сезінуге мүмкіндік беріп, болашақ ұрпақтар үшін архивтік материалдарды жинау және сақтау қажеттігіне көз жеткізді.

Разбеков А.А.,
Сыздыков Ж.А.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша
ПҚ БАИ қызметкерлері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.