Home » Жаңалықтар » Инновациялармен қамтамасыз ету

Инновациялармен қамтамасыз ету

«Өрлеу» БАҰО филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-да біліктілікті арттыру курсы аясында  «Мектепке дейінгі ұйымдар жағдайында инновациялық технологияларды пайдаланудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті. Семинар Рудный қаласының №13 балабақшасында (директоры А.В. Гриценко) өткізілді.

Семинарда балабақша әдіскері А.К. Унгарова мектепке дейінгі балалардың ерте жастан дамыту «Калейдоскоптағы инновациялар» технологиялары бойынша әңгімелеп берді. Ең басты маңыздылығы бірнеше жылдан бері балабақша педагогтері жұмыс істеп келе жатқан жапон профессоры Макото Шичиданың технологиясы болды. Макото Шичиданың ертеден даму технологиясына сәйкес, яғни балалар болашақта белгілі ғалым, спортшы болуы ғажап емес. Балалар тез өсіп, тез есейеді, ата-аналардың ойлағанындай бола бермейді. Макото Шичиданың педагогикасы мынандай принциптерге құрылған:

  • барлық бала данышпан боп туады;
  • ата-аналар мен бала арасында мықты байланыс болу маңызды;
  • оқу үшін кішкентай балалардың оң жақ миының жарты шары көп жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
  • балаларды жетелеуде органның бес мүшесі арқылы өтуі тиіс;
  • қайталау және бірізділік оқу жетістігінің кілті болмақ.

Балабақшаның тәрбиешілері Т.Б. Давыденко және  И.Е.Юрина ересек жастағы балалармен Макото Шичиданың технологиясы бойынша практикалық қызметтерін көрсетті.

Технологиялар бойынша дидактикалық материалдар көрмесі тыңдаушыларға мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үрдісіндегі инновациялардың түрлерін көруге және қолдана алу мүмкіндіктерін байқатты.

Семинар курс тыңдаушыларын мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялармен қамтамасыз етті.

 

С.П. Ионова

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

 Қостанай облысы бойынша ПҚ

БАИ МББОТТ кафедрасының аға оқытушы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.