Home » Білім және өнер » ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІКПЕН ЫҚПАЛДАСУ АРҚЫЛЫ ТЕҢДІК ҚАЛЫПТАСАДЫ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІКПЕН ЫҚПАЛДАСУ АРҚЫЛЫ ТЕҢДІК ҚАЛЫПТАСАДЫ

Инклюзивті білім беру жүйесін енгізу арқылы оқушыларды рухани адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, адалдыққа ішкі және сыртқы жан дүние тазалығына тәрбиелеу арқылы теңдік қалыптастыру. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да мына өмірде алатын білімі мен тәрбиесі адамдық жеке тұлға ретінде тең дәрежеде оқу үдерісін қалыптастыра аламыз.

Инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ . Толеранттылық елді, жерді өзіңді және өзгені сүю басқа ұлттардың салт — дәстүріне сый көзбен қарауға үйрету. Өзін — өзі тәрбиелеу арқылы ата – ана, достары және ұстазының көмегі арқылы оқу үрдісін жақсартуға мүмкіндік жасау.

Инклюзивті оқыту үдерісінің маңыздылығы теренде жатыр. Тең дәрежені ұстана отырып, оқыту барлық адам пікіріне, ойына баса назар аударған жөн.

Себебі әр адам пікірін тыңдай отырып, бір қортынды және нәтижелі іс – әрекет жасауға немесе оқу процессін жақсартуға септігін тигізетіні анық деп нақты айта аламын. Өйткені бұл менің күнделікті іс-тәжірибемде жиі нәтиже береді. Бүгінгі таңда білім сапасын көтерудің көптеген үрдісі ұсынылып отыр. Соның ішінде баса назар аударатын инклюзивті оқу барлық жақтан тиімді және көптеген мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін қажетті бағыттың бірі болмақ. Инклюзивті білім беру немесе «білім беру баршаға» бағдарламасы — барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ата – аналардың да ынтасын балалардың да көңіл күйімен өмірге деген құштарлықтарын арттыруға ықпал етіп қана қоймай

өмірге деген көзқарастарында түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. Бейіміне қарай оқу өзінің бойындағы сенімділігін, жігерін анықтай алады. Білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері:

1.Адами құндылық, қабілеттілігімен жеткен жетістіктері арқылы мүмкіншіліктері анықталады.

2. Әрбір бала ойлауға , сезуге қабілетті.

3. Балалар теңдік қарым — қатынасқа өз пікірін ортаға салуға талдауға, талқылауға құқылы.

4. Жан — жақтылық , бір — біріне көмектесу адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

5.Балалар құрбы – құрдастарының, ата — аналарының, ұстаздың қолдауын қажет етеді.

6. Әрбір оқушы жетістікке жету үшін өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асырады.

7. Инклюзивті оқыту — оқушылардың тең құқығын анықтайды.

8. Оқушылар гиперактивті белсенді болу қажет.

9.Оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Тәрбие болған жерде білімде болатыны анық. «Тәрбиесіз алған білім адамзаттың қас жауы» — деп бекерге айтылмаса керек. Адамгершілік адам өміріндегі ең маңызды құрал немесе қажетті азық деп түсінуге де болады. Рухани адамгершілігі төмен қоғамда білім де адами жеке тұлғаныңда өмір сүру деңгейі сана – сезімі, көзқарасы төмен болады. Сондықтан да адамкершілік бүгінгі өмірдің талабы деп те айтуға болады. Адам өмірдегі өз орынын білімін, сана – сезімін , көзқарасын, рухани жан дүние тазалығын қалыптастыра отырып, өмірдегі көптеген жетістікке жеттетіні анық. Қоғамның яғни қазіргі таңдағы адамдардың көзқарасы мен сана — сезімі өзгерістерге ұшырауда бұған себеп болып отырған мәселе жетіп артылады.

Атап айтатын болсақ мысалы:

Ата –ана өз отбасымен жұмыс жасамауы нақты айтатын болсақ отбасына назар аудармау немесе уақыт пен көңіл бөлмеу;

Баланың жеке қалуы, зерігуі қоғамдық жағымсыз ақпараттар, интернет желісі арқылы қол жетімді тиімсіз ақпаратың әлемдік өрмектін зияны;

Қоғамдық ортадағы адамдардың сіз бен біздің жүріс — тұрыс сөйлеу

мәдениетіміз ескерілмегендіктен жағымсыз іс – әрекеттердің салдары;

Орта қалыпыптастыру үшін жақсы ортаны ажырата алмауы сана –сезімнің таяздығы;

Өмірдегі шындық пен өтіріктің айырмашылығы, адамның қоғамға құнсыздануы;

Сенім мен серпін жоқтың қасы екенін байқамау, жіберген қателікке мойын ұсынбау;

Өзін –өзі тәрбиелеуге жеке тұлға ретінде үлес қоспауы;

Мен – мендік пен өзім білем қазіргі жастар бәрін біледі деген құнсыз пікірдің арқасында қоғамда адамгершілік өте таяздап кетті десем артық айтпаған болармын.

Мектеп өміріндегі күнделікті білім беру үдерісінде тәрбиелей отырып, оқыту рухани адамкершілік пен инклюзивті білім берумен ұштастырудың себебі де сонда. Білім беруде тең дәрежеде білім алу және тәрбиелеу. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да адамкершілігін ескере отырып, қоғамда өз орындарын дұрыс таңдауға ықпал ету біздің бүгінгі міндетіміз. «Рухы биік елдің ұлты биік» деген сөз бар. Рухани жан дүниесі таза адамдардың таңдаған еңбегі де, өмір жолы да таза болатыны анық. Себебі, ол адамның ішкі жан дүниесі, әлемі де таза сана – сезімі көзқарасы , ойы , пікірі таза. Тазалық болу үшін адам өз жан дүниесін тазарту керек.

Үнемі кез –келген іс-әрекетте жаксы ой- ойлап, адамдардың жақсы — жағын көру өз бойына қажеттісін түртіп алу арқылы жақсы орта жақсы қоғам білімді ұрпақ қалыптастырамыз деген үміттеміз. Білім беру тек оқу мен ғана шектелмейді.

Адамдардың жас өспірімдер мен оқушылардың өмір жолын қалыптастыратын бірден бір фактір ол тәрбие. Адамдардың өзін – өзі тәрбиелеуі, өзін — өзі тануы, сенім мен төзімділігі, табандылығы мен қырағылығы, ойы мен санасы, пікірі адамдық борышы қоғам алдындағы міндеттері мен мүмкіндігін естен шығармаған адам өзін -өзі тәрбиелей алады.

Инклюзвті білім беру астарында көптеген тәжірибе мен тәлім бар екені анық. Қоғам біреу сондықтан да мұқтажы жандардың жанын түсіну кемістігіне мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан оларда қоғам алдында тең дәрежелі тұлға екенін естен шығармай олардыңда жан дүниесін түсіну арқылы қоғамға қалыптастыра отырып білім беру біздің басты мақсатымызбен міндетіміз екені айдан анық.

 

Мухатай Марта

Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кентінің №15 ЖББМ КММ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.