Home » Мақалалар » Инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру

Инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру

2017 жылдың 23 қарашасы күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты» Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушы Ж.А. Жунусованың ұйымдастыруымен институт базасында «Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді іске асыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Іс-шараға Іле, Қарасай, Көксу, Панфилов, Ескелді, Кербұлақ, Жамбыл аудандары және Қапшағай, Талдықорған қалаларынан мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс жасайтын жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, психологтары, дефектологтары мен логопедтері қатысты.

Облыстық семинар жұмысын «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы ашып, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді жүзеге асырудағы нормативтік-құқықтық құжаттардың мазмұнына тоқталып, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар біздің елімізде білім алудың тең мүмкіндіктеріне ие екендігін атап өтті.

        Жұмыс барысында қатысушылар Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді іске асыру жолдары, инклюзивті білім беру жағдайындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумның құжаттарының мазмұны, жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының мазмұны, оқушыларды мектепке оқуға психологиялық-педагогикалық даярлау жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, бірқатар ұстаздар баяндама жасап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:

  • Каламкасова Л.Б., Жамбыл ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі және Райменова Г.Ж. Жамбыл ауданы, Қарғалы №3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: «Оқушыларды мектепке оқуға психологиялық-педагогикалық даярлау»;
  • Назирова М.И., Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының педагог-дефектологы: «Инклюзивті білім беру жағдайында арнайы білім беру ұйымдарының атқаратын рөлі»;
  • Мырзахметова М.М., Талдықорған қаласы, №21 орта мектебінің педагог-дефектологы: «Инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру»;
  • Бекетаева З.Ш., Талдықорған қаласы, №22 орта мектебінің педагог-дефектологы: «Инклюзивті үдерісті жүзеге асыруда психологиялық-педагогикалық консилиумның рөлі»;
  • Алімбекова Г.П., Жамбыл ауданы, Үлгілі ауылындағы орта мектебі, Ақдала бастауыш мектебінің педагог-психологы: «Заманауи мектептердегі инклюзивті білім берудің ерекшеліктері»;
  • Курамаева Г.А., Ескелді ауданы, Шестаков атындағы орта мектебінің педагог-дефектологы «Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының мазмұны»;
  • Жунисова М.Д., Жамбыл ауданы, Қарғалы №3 орта мектебінің педагог-психологы: «Үйден оқытылатын оқушылармен жүргізілетін психологиялық түзету жұмыстары».

Жалпы іс-шара көздеген мақсатына жеткендігін атап өту қажет. Педагогтармен бірлесе отырып облыстық семинар нәтижесі талқыланды, қажетті ұсынымдар беріп, алдағы іс-шаралардың негізгі бағыттарын анықтады, мұның өзі кемтар оқушыларды оқыту үдерісінде мұғалімдердің дағдылары мен қабілеттерін дамытуға оң әсерін тигізді.

Айгүл НҰРАҚБАЕВА,

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы

 бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,

 Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бас маманы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.