Home » Мақалалар » Инклюзивті білім беру жағдайларындағы мұғалімнің әлеуметтік біліктілігі

Инклюзивті білім беру жағдайларындағы мұғалімнің әлеуметтік біліктілігі

«Ақыл – парасат  адамның  ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр – сырын  ұғуына, жақсылық пен жаман қылықтың аражігін ашуына көмектесетін күш»

Әбу насыр әл – Фараби

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»   Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттеріне:  білім  бағдарламаларын  меңгеру  үшін  жағдайлар жасау  және  жеке  адамның  шығармашылық   рухани  және  дене  мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілікпен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру  жеке  басының  дамуы  үшін  жағдай  жасау  арқылы  парасатты  байыту»  деп   атап  көрсеткен.

Осыған  байланысты  қоғам  алдында  оқушының  жеке  басын  үйлесімді  дамытуға  бағыттайтын  міндеттер  қойылып  отыр.

Қазіргі  уақытта алға қойған  білім  беру  жүйесінде  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  айрықша  орын  бөлінген.  Бұл  жас жеткіншектерге  қатысты  біздің  алдымызда  тұрған  негізгі  міндет – олардың  әлеуметтік  ақталуы  мен қоғамға тез арада  бейімделуіне,  қоғамда  болатын толыққанды  өмірге  дайындалуына  жағдай  жасау  және толығымен көмек  көрсету.

Қазақстан  Республикасы ТМД  елдерінің  арасында  алаш  рет  «Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік  және  дәрігерлік-  педагогикалық  тұрыдан  қолдау»  туралы  заңды  қабылдады.

Білім беруді дамытудың  2011-2010 жылдарға арналған  мемлекеттік  бағдарламасында «Балалардың  мектепке  дейінгі  сапалы тәрбие және  оқытумен толық қамтылуын, олардың   мектепке даярлауға арналған әрқилы мектепке дейінгі тәрбие және  оқыту «инклюзивті білім  беру  жүйесін  жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі таңда дамуында  ақауы бар балалар саны артып отыр.Оларды  оқыту ,психологиялық тұрғыдан өмірге деген көзқарасын кеңейту , түзету қолдау технологиялары  жетілдіруде . Инклюзивті  білім беру  ерекше балаға білім беру саясатының  бір түрі болып табылады. Қазіргі таңға   дейін инклюзивтік білім беру мен  мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе, инклюзивті білімге  жағдай  жасаған, осы балалардың жағдайын ойлаған  мектеп үлесі 30-ға  жету керек.

Осындай қамқорлықтан кейін білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың  өз-өзіне сенімі  артады, қоғамға деген  көзқарасы өзгереді, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін  сезінеді,бұл баланың  өзін – өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды  мүшесі сезуіне жол ашады, осы сенімділіктерін дамыта түсуде   педагогтың біліктілігі көрінеді.Оқытудың

бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай , ата- анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға  мәжбүр  болмай, тұрғылықты жерде білім алып, қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан  бейімделеді. Ата –анасы  осындай мүмкіндіктерден кейін  баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене араласып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері  артады.Педагог  ата –анамен тікелей байланыста болып, баланың білім алуына өте үлкен үлес қосады.

Инклюзивті  оқытудың негізгі  принциптері:

  1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне  қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
  2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
  3. Әрбір адам  қарым –қатынасқа  құқылы
  4. Барлық адам бір- біріне қажет
  5. Білім шынайы  қарым –қатынас шеңберінде жүзеге асады
  6. Барлық адамдар құрбы –құрдастарының қолдауы мен достығын  қажет  етеді
  7. Әрбір оқушы үшін  жетістікке  жету-  өзінің мүмкіндігіне  қарай орындай алатын әрекетін  жүзеге асыру
  8. Жан – жақтылық адам өмірінің  даму  аясын  кеңейтеді

Даму мүмкіндігі  шектеулі балалармен   педагогтың,психологтың  жұмыс жасаудағы ерекшелігі.

  1. Мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік- адамгершілік жағымды мінез – құлық қалыптастыру
  2. Оқуға  қызығушылығын дамыту
  3. Жеке тұлғалық ерекшеліктерін  дамыту (оқу белсенділігі, өз бетімен  жұмыс істеу т.б.) арқылы оқудағы қиындықтарды жою
  4. Жалпы  интеллектуалдық  біліктілігін  жас ерекшелігіне қарай дамыту( салыстыру, қарым –қатынас, практикалық топ, ойлау т.б.)
  5. Жалпы  даму деңгейін көтеру  және жеке дамуындағы ауытқушылықты түзету.
  6. Өз жасына сәйкес баланың  жалпы  дамуын және  біліктілігін дағдыларын  нығайту үшін жағымды  әлеуметтік  орта қалыптастыру

Күтілетін нәтиже:

* Оқу барысындағы  негізгі  қиындықтары  жойылады;

* Әлеуметтік – адамгершілік қасиеттері  дамиды,  жағымды  мінез – құлық қалыптасады;

* Өзіне   деген сенімділігі артады, көзқарасы өзгереді;

Инклюзивті білім беру саласында педагогтардың ролі ерекше. Мектептерде  Даму мүмкіндігі  шектеулі  балалармен педагог  көптеген  жұмыстар жүргізуге мүмкіндік туады.Бұл саладағы  оқушылар  ерекше  назарда болады.  ДМШ балалардың  кейбіреулерінде өзіндік қабілеті, ерекшелік  бар. Мысалы  кейбіреулері  би  билеуге,  спортқа, сурет салуға қызығады, осындай қызығушылығы мол  балаларды  әрі қарай дамыту әрбір мұғалімнің міндеті.

Инклюзивті  білім  беру   —  барлық  балаларды жалпы білім  үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік  бейімдеуге, жынысына, шығу  тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балалардың бойындағы қорқынышты  жоюға, ата –аналарын мұғаліммен қатар жұмыс жасауға, белсенділікке  шақыруға, баланың   – педагогикалық  және  әлеуметтік қажеттіліктерін  арнайы  қолдау,   қоршаған ортаның  балаларды  жас  ерекшеліктеріне  және  білімдік   қажеттіліктеріне  бейімделуіне   жағдай  қалыптастыру,  яғни жалпы білім беру   сапасы  сақталған  тиімді оқытуға  бағытталған  мемлекеттік  саясат. Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  жалпы   білім  беретін  мектептерде  басқа  балалармен  тең  жағдайда  бірдей  білім  алуына  жағдай  жасайды.

Инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын  жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасты   қамтамасыз  ету,  сонымен   бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру.  Тәжірибе  көрсеткеніндей,  қатаң  білім  беру  жүйесінен  балалардың  бір  бөлігі  шығып  қалады,  өйткені  қалыптасқан  жүйе  мұндай  балалардың  даралық  қажеттілігін  қанағаттандыра  алмайды.  Инклюзивті  бағыт  мұндай  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін  қалыптастырады.

Инклюзивті  оқыту – барлық  балаларға  мектепке  және  мектеп  өміріндегі тыныс-тіршілігіне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  береді,  оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжымда болып жатқан  іс-әрекеттерге  қатысуға,  адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді.

Инклюзивті  оқыту  балалардың   оқу  үрдісіндегі керекті  қажеттіліктерін  қанағаттандырып,  оқыту  мен  сабақ  бердің  жаңа  бағытын  өңдеуге  талпындырады.  Егер  инклюзивті  оқытудың  оқыту  мен  сабақ  беруге  енгізілген  өзгерістері осы балаларға тиімді  болса,   онда бұл балалардың да ерекше жақсы жағына қарай  жағдайлары  да  өзгереді.

Инклюзивті  білім  беруді  ұйымдастыру  үшін  қандай  арнайы  жағдайлар  қажет?

* Ең  алдымен, даму  мүмкіндігі  шектелген  балалармен  жұмыс  жасай алатын  мамандар  даярлау.

* Екіншіден,  архитектуралық  кедергілерді  жою.

* Білім мекемелерін  арнайы  тұтқалармен,  парталармен, үстелдермен  және  басқа  да  компенсаторлық  құралдармен  жабдықтауды,  көтергіш  қондырғылар,  пандустар,  санитарлық  бөлмелердің  арнайы  қондырғыларын  орнататын  іс-шаралар  кешенін  бастау  қажет.

Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік   бағдарламасында  инклюзивті  білім  беруді  жетілдіру  мақсатында  төмендегідей  мәселелерді  қарастырады.

2015  жылға  қарай  аталған  міндетті  шешу  үшін  қажетті  нормативтік  құқықтық  база  құрылды:

* инклюзивті  білім  бер  шеңберінде  жалпы  және  арнайы   білім  берудің  өзара  әрекетінің  тетігі  әзірленді;

* мүмкіндігі  шектелі  балаларды  біріктіріп  оқытудың  модульдік  бағдарламалары  әзірленді;

* жалпы  білім  беретін  ортада   мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  біріктіріп  оқытудың  тәртібі  әзірленді,  дамуында  әр  түрлі  бұзушылықтары  бар  балалар  үшін  біріктірудің  нысаны  анықталды;

* мүгедек  балаларға  қашықтықтан  білім  беруді  ұйымдастырудың  тәртібі  әзірленді.

Инклюзивті  оқыту  дегенді  қалай  түсінуге  болады?

Иклюзивті  оқыту  «барлық  адамдарға  бірдей  білім  беру»  деген  мағынаны  білдіреді.  Инклюзивті  оқыту   негізінде  балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын   жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасты  қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға арнайы  жағдай  қалыптастыру  идеологиясы  жатыр.  Тәжірибе  көрсеткеніндей,  қатаң  білім  беру  жүйесінен  балалардың  бір  бөлігі  шығып  қалады,  өйткені  қалыптасқан  жүйе  мұндай   балаларды  оқуда   жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін  қалыптастырады.

Инклюзивті  оқутудың  негізгі  принциптері:

  1. Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен, жеткен  жетістіктерімен  анықталады.
  2. Әрбір   адам  сезуге  және  ойлауға  қабілетті.
  3. Әрбір  адам  қарым-қатынасқа  құқылы.
  4. Барлық  адам  бір-біріне  қажет.
  5. Білім  шынайы  қарым-қатынас  шеңберінде  жүзеге  асады.
  6. Барлық  адамдар  құбы-құрдастарының  қолдауы  мен  достығын  қажет  етеді.
  7. Әрбір  оқушы  үшін  жетістікке  жету- өзінің  мүмкіндігіне  қарай  орындай  алатын  әрекетін  жүзеге  асыру.
  8. Жан-жақтылық  адам  өмірінің  даму  аясын  кеңейтеді.

Инклюзивті  оқыту- барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеретін, ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ететін  жалпы  білім  үрдісінің  дамуы.   Инклюзивті  оқыту  балалардың  оқу  үрдісіндегі  қажеттіліктерін  қанағаттандырып,  оқыту  мен  сабақ   берудің  жаңа  бағытын  өңдеуге  талпынады.  Егер  инклюзивті  оқытудың  оқыту  мен сабақ  беруге  енгізілген  өзгерістері  тиімді  болса,  онда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  жағдайлары  да  өзгереді.  Инклюзивті  оқытуды   ашқан  мектепдерде  оқыған  балалар  адам  құқығы  туралы  білім  алуға  мүмкіншілік  алады,  өйткені  олар   бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауға,  танып  білуге,  қабылдауға  үйренеді. Мектептерде инклюзивтік білім беруді енгізе отырып,әр адам ойлануға, күнделікті осы оқушылармен жұмыс жасау кезінде сезінуге, осы оқушылармен қарым-қатынас жасауға,олардың бұл дүниеде жалғыз еместіктерін, сүйеніш болатын адамдардың бар екенін сездіруге, мейірімділікке баулиды.Осылайша мұғалімдер егемен еліміздің толыққанды мүшелерін, алда өте көптеген асулар бар екендігін дәлелдей отырып тәрбиелеуге өз үлестерін қосады.Осы балалармен жұмыс істеген әрбір ұстаздың көңілінде болашаққа деген сенім ұялайды.

 

Лисота Фатима Тауасаровна
№13 ЖББОМ,Жезқазған қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.