2019 жылдың 21-25 қаңтар күндері аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
Курс жетекшісі «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға-оқытушысы Шилденова Тажикен Калымовна.
Білім алушылардың ерекше оқыту қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін арнайы жағдайды ұйымдастыру мен құру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында өтіп жатқан курсқа 29 педагог қатысуда.
Білім беру бағдарламасы инклюзивті білім берудің педагогикалық-ұйымдастырушылық негіздерін, психологиялық-педагогикалық қолдауды, түзете отыра дамыту және үйде оқыту технологияларын пайдалануды, әр балаға оңтайлы педагогикалық бағытты жобалау бойынша жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған курс барысында педагогтар дәрістер тыңдап, тәжірибелік сабақтар, тренинг, шағын сабақ, пікірталас, семинар сабақтары арқылы біліктіліктерін жетілдіруде.
Қаленова Г.С.
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ