Home » Жаңалықтар » Инклюзивті білім беруді дамытудағы инновациялық тәжірибе

Инклюзивті білім беруді дамытудағы инновациялық тәжірибе

2018 жылдың 24 қазанында «Өрлеу «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «ТжКБ-да нклюзивті білім беру үздік педагогы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурстың басты мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалармен жұмыс істеуде ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, өз қызметінде интерактивті цифрлық технологияларды қолдануды жандандыру, инклюзивті білім беруді дамытудағы үздік инновациялық тәжірибені жалпылау және кеңінен тарату.

Инклюзивтік білім беру осы жағдайда неғұрлым жан-жақты болып көрсетілетін оқытушы рөліне баса назар аударады: педагог білім алушылармен белсенді қарым-қатынас жасайды, олардың әрқайсысы туралы көбірек біледі, білім беру мекемесінен тыс социуммен байланысты белсендіреді.

Конкурстың облыстық кезеңіне ТжКБ 5 педагог қатысты, олар өздерінің «Бейнесабақ», «Менің жетістігімнің тарихы», «Жобаны қорғау» конкурстық тапсырмаларын қорғады.

Жүлдегерлер:

  1. I дәрежелі Диплом – Разманова Ольга Владимировна, арнайы пән оқытушысы, «Қостанай тұрмыстық сервис колледжі» КМҚК;
  2. II дәрежелі Диплом – Никулина Анна Владимировна, өндірістік оқыту шебері, «Қостанай тұрмыстық сервис колледжі» КМҚК;
  3. III дәрежелі Диплом-Маукилов Сагындык Арстанович, өндірістік оқыту шебері, «Денисов кәсіптік — техникалық колледжі» КМҚК.

 

Облыстық кезеңде бірінші жүлделі орын алған Разманова Ольга Владимировна «ТжКБ-да инклюзивті білім берудің үздік педагогы» конкурсының республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылды.

Оған осы конкурста жарқын сәттер, жаңа тәжірибе алып, жаңа педагогикалық идеяларды, республикалық деңгейде табыстар мен жүлделі орындарды көрсетуді тілейміз!

 К.Т.Ибрагимов
«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ,
ИДӘҚБ басшысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.