Өнерлі отбасы
Мақсаты: Ата – аналармен тығыз байланыс орнату, балаларды өнерге баулуға ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығына көз жеткізу.Балалардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, музыкалық үн таспа, Музыкалық аспаптардың суреті, карточкалар.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер! Сәттілік тілей отырып, бүгінгі іс-шараны бастауға руқсат етіңіздер. Құрметті қонақтар, әріптестер,балабақша бүлдіршіндері және өнер сүйер қауым! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында имандылық сана-сезім қалыптасқан мәдениетті дені сау ұрпақ өсіру. Отбасының, балабақшаның міндеті екені баршамызға мәлім. Болашақта халыққа қалаулы, еліне елеулі, ата-ананың мақтанышы, білімді, өнерлі ұрпақ өсіру жолында біздің балабақша ұжымы да аянбай жұмыс жасап келеді. Міне, бүгін бізде айтулы мереке, балабақшамыздың
ашық есік күніне орай өткізгелі отырған «Өнерлі отбасы» атты отбасылық өнер сайысына қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Берекеде осында,
Мекрекеде осында
Болып жатыр той думан,
Қырандардың қасында.
Көніл қойып қараңыз,
Жалындап тұрғой баламыз.
Жарасқан кәне отбасын
Қол соғып қарсы аламыз
Олай болса жарасқан қатысушы отбасыларын қарсы алайық. (музыка залына
көңілді әуен сазымен ата-аналар балаларымен шақырылады)
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенеген
Өнерге баға беріңіз
Жарысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Жүргізуші: Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін. Сайыс 7 турдан тұрады.
1. Өзін өзі таныстыру
2. Әуенді тап
3. Қазақ халқының музыкалық аспаптары (ұяшық таңдау)
4. Ойымды жалғастыр (мақал мәтел)
5. Ұлттық би сайысы (әр ұлтың биін билеу)
6. Ситуациялық жағдай
7. Өнерпаз болсаң арқалан (ән, би, манолг)
Сайыстың әр турында әділ қазы алқалары «3», «4», «5» деген ұпай сандарымен бағалап отырады.
Отбасылар сайыстың шарттары түсінікті болса реттік сандарыңызды білу үшін әділ қазы алқаларының алдындағы жасырын тірған бір санды таңдап аласыздар.
Ал олай болса іске сәт сайысымызды бастаймыз.
І – тур
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дуға.
Қызып келген қырандай керіледі
Әдеппенен, ізетпен танысуға (әр бір отбасы өздерін таныстырып өтеді)
ІІ – тур
Ал енді әнге деген құмарлықтарыңызды «Әуенді тап» сайысы арқылы сынап көрейік.
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айтады оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екенін,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді.
Қазір үнтаспадан әуен ойналады, әуенін тыңдап алып, сөзін жалғастырып, әннің атын атап бересіз.
ІІІ – тур
Жүргізіші: Дыбысы оның мың сырлы,
Бал бұлақтай күмбірлі
Ынта қойсаң рахат ақ
Ол аспаптың бір түрі дей келе келесі сайысымыз «Қазақ халқының музыкалық аспаптары» деп аталады. Экранда аспап жасырылған ұяшықты таңдайсыздар. Қандай аспапшықса сол аспапты атап неден жасалатынын айтып отесіздер.
IV – тур
Жүргізуші: Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында дей келе келесі сайысымыз «Ойымда жалғастыр» мақал мәтел сайысы. Мен өнер туралы бір мақалдың басын оқимын сіздер шапшандық танытып, қол көтеру арқылы ары қарай сол мақалдың жалғасын айтуларыңыз керек.
V – тур
Жүргізуші: Жақсы биге өнеге
Сегіз қырлы бір сырлы
Өнерді үйрен бір бірлеп
Биде биле талпынып – деп келесі кезекте «Ұлттық би» сайысына береміз. Тағыда экранға назар аударамыз. Экранда әр ұлттың биі жасырылған ұяшықты таңдап сол биді, нақышына келтіре билеу қажет. (қазақша, орысша, сыған, өзбек, үнді, лезгинка)
VІ – тур
Ситуациялық жағдай
VІІ – тур
Жүргізуші: Өнерімен тәнті еткен дүйім жұртты,
Өнерлі адам жеңеді қиындықты,
Бізге келген өңкей жақсы
Әнші, биші, күйшілер жиналыпты – дей келе, келесі кезекте «Өнерпаз болсаң арқалан» деп аталатын өз өнерін көрсету сайысына береміз. (ата-аналар балаларымен бірге өз өнерлерін көрсетеді).
Ересек «Темірқазық» топ балаларының орындауында «Испан» биін қабыл алыңыздар.
Ересек «Темірқазық» топ тәрбиеленушісі Әуезхан Сымбаттың орындауында «Мен қазақтың қызымын» әні.
Ортаңғы «Еркетай» топ балаларының орындауында «Аяз ата мен ұлпа қарлар» биін тамашалаңыздар.
Балабақша психологы Балабаева Гүлзираның орындауында «Әке мен ана» әні.
Қорытынды жеңімпаздарды марапаттау.
Иманходжаева Салтанат Абдугаппарқызы,
ОҚО, Кентау қаласы,
«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы
саз жетекшісі