Қоғамның ең маңызды, ең құнды тетігі – білім. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласында білімнің құндылығы мен салтанат құруына былайша тұжырым жасайды: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».
Аталмыш құндылықтарды іске асыру мақсатында Екібастұз қаласының Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мекетебінде 26 қаңтар күні Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша
«Сатылай кешенді оқыту технологиясы – оқушыларды табысты және сапалы оқытудың негізгі жолы» атты облыстық семинар өтті.
Семинарға Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, РЖ ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, Астана қаласының №74 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Мақұлбекова Бибігүл Жансейітқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ тренері Эртісхан Өміргүл, Екібастұз қаласының білім бөлімінің әдіскері Ташенева Қарлығаш Қырыбайқызы мен қала мұғалімдері қатысты.
Семинардың бірінші кезеңі «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша шеберлік сынып өткізді. Пән мұғалімдерімен практика жүзінде іске асырылды. Жұмыс барысында мұғалімдер әр пән бойынша сатылай талдап, өз жұмыстарын қорғады. Нәтижесінде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы сабақ барысында қолдануға өте тиімді екеніне көз жеткізді. Семнарды мектеп директорының орынбасарлары Дәуітбекова М.К., Калыкова К.М., пән мұғалімдері Сағитаева Ү.К., Рахметова С.К., Омарбекова А.К., Балтабаева С.К., Айтжанова А.К. өткізді.
Семинардың екінші кезең қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Шыныкулова К.А., Алгамбарова Б.Е. «Жаңартылған білім мазмұны мен сатылай кешенді оқыту технологиясының үйлесімділігі» атты тақырыппен жалғасын тапты. Тәжірибесімен бөліскен биология пәнінін мұғалімі Нығметова Р.Қ., жаңартылған білім мазмұны мен сатылай кешенді оқыту технологиясы биология сабағында қалай іске асырылғанын көрсетті.
Қорыта келе, мектеп директоры С.К. Алгамбарова әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. «Адамның адамшылдығы ең алдымен жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай мектептің сапалы білім, саналы тәрбие беріп, алдыңғы деңгейден көрінуі ұстаздарға тікелей байланысты.
Р.К. Ныгметова,
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы,
А.Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектептің
Биология пәні мұғалімі