Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жетім балаларға тәлімгер болғысы келетін үміткерлермен ақпараттық-түсіндірме кездесуі өтті. Кездесуде Атабек (тәлімгерлер) болғысы келетін 80-нен астам адам қатысты.
Үміткерлермен кездесу барысында жобаның мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, бейнероликтер ұсынылды және жоба туралы ақпараттық буклеттер таратылды.
Сонымен қатар, үміткерлер үшін балалар үйі бойынша саяхат ұйымдастырылып, олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қалай өмір сүріп жатқандарын көрді.
Іс-шара соңында білім беру бөлімінің басқарма басшысының орындасары Роза Аканова балалар үйлеріндегі балалардың тағдырына көңіл бөлгендері үшін үміткерлерге алғыс білдірді.
Айгүл Молдаш,
Павлодар қаласы