Home » Жаңалықтар » Игіліктің нышаны

Игіліктің нышаны

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенттері   1-наурыз күні Мичурино балалар үйінде болып, алғыс айту күніне арналған «Игілік сыйлаймын» — «Благо дарю» атты шара өткізді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ПМПИ студенттерінің көптен күткен кездесулері үміттерін ақтады. Студенттер түрлі бағдарлама ұйымдастырды. Балалар оригами, зен-арт, өзін-өзі қорғау, сән, би, дәм құпиялары бағыттары бойынша дайындалғандықтан «Саған бір құпия сыйға тартамын» атты шеберлік сыныбына қатысып: оригами құпиясын Әсем Бегіметова, зен-арт құпиясын Айзада Ғани, өзін-өзі қорғауда Мақсат Рүстемхан мен Рүстем Байтемір, ал сәннің құпиясын Динара Жүсіпова, Ақмарал Махан және Аида Шалабай; би өнерінің құпиясын Меруерт Бейсембаева; дәмнің құпиясын Самал Төкенова, Гүлнара Жауханова, Дана Арымбаева, Ольга Максакова ашып таныстырып берді.

Бағдарлама әрі қарай «Мейірімді іс» жәрмеңкесімен жалғасты. Онда Махаббат Жағыпарова, Гүлнәфис Есбай, Аделия Қайырбекова, Валерия Сироткина, Жадыра Асаинова, Есімгүл Болатхан аса белсенділік танытты. Кафедра оқытушылары мен студент жастарының қолынан шыққан печенье салынған қораптар игі істің айғағы болды. Кездесудің соңы балалар, студенттер және үлкендерді біріктіретін флешмобпен аяқталды. ПМПИ атынан балаларға сыйлық ретінде үш доп және тәтті тағамдар таратылды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.