Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы
Талдыбұлақ ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кәрібаева Үміт Сайлауқызы
Білімділік мақсаты: Ислам діні, имандылық жөнінде білімдерін кеңейту.
Бір-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастыру. Білім-білік дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: имандылыққа, Алланы тануға, ислам шарттарын
білуге, адамгершілікке, сыйластыққа, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: түсініп оқу, сөз астарына үңіліп, мағынаны түсіну, түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу. Ойларын еркін жеткізе білу және қиялын дамыту. Шығармашылық ізденісін арттыру.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, слайд суреттер, «Зәмзәм»
интернет роликтері, үлестірмелі материалдар.
Тақырыпты ашу үшін пайдаланылатын оқыту стратегиялары:
топтастыру, «Жылы лебіз», «Жинақтау» кестесі, «Ыстық орындық» ойыны, «Жүйрік жады» ойыны, «Таразылау»кестесі, «Шартараптан» ойыны.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу, тарих, математика.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру. а) Оқушыларды түгелдеу.
ә) Зейінін сабаққа аудару. «Жылы лебіз» стратегиясы
Эпиграф: «Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын» Н.Ә. Назарбаев
Тәуелсіздік тақырыбында жазған шағын шығарма, өлеңдерің барма?
Кім оқиды? Ұлпан шығарма, Жұлдыз өлеңін оқыды. — Жақсы, рақмет.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сыныпты 2 топқа бөлу: «Мейірім», «Сабыр»
Үйге «Сымайыл» әңгімесі берілген.
«Ыстық орындық» стратегиясы. Ыстық орындықта отырған оқушыға оқушылар сұрақ қояды.
Сұрақтар:
- Алла кім?
- Құранда неше сүре бар?
- Адамды Алла қалай жаратты?
- Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?
- Сымайыл өмірге қалай келді?
- Сара қандай сезімде болды?
- Ибраһим неге Сара өтінішін орындады?
- Ибраһим кімдермен қай қалаға келді?
Үй тапсырмасын қорытындылау.
«Миға шабуыл» ойыны арқылы сұрақтар беру. Интербелсенді тақтада біртіндеп жұлдыздар ашылып, сұрақтар шығады:
- Зәмзәм суы деген не?
- Бес парызды білесің бе?Діни секта дегенді қалай түсінеміз?
- Зәмзәм суын ішіп көрдіңіздер ме?
- Хиджаб кию деген не?
- Кімнің ата-әжесі қажылыққа барды?
Сымайыл әңгімесінен кейін біз бүгін «Зәмзәм» тақырыбымен танысамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ. Кітаппен жұмыс. Потер құрау, қорғау. Зәмзәм. бойынша жаңа тақырыпты оқушыларға бөліп беремін, сол бойынша түсінік шығады. Өзім толықтырып түсіндіремін. «Зәмзәм» жөнінде толық мәлімет беремін.
Жаңа сабақ жоспары:
- Ибраһим Аллаға тәуекелін берік ұстауы.
- Ажар тағдыр тауқыметіне сабырмен көнуі.
- Бала шырылы.
- Алланың шексіз мейірімі.
Интербелсенді тақтада картадан Сауд Арабиясы мемлекеті мен Мекке мен Мәдинаны көрсету. Мекке, Қағба және Зәмзәм суреттеріне шолу жасау. (Мұхаммед Пайғамбар жерленген жері, Сафа, Марва тауларын, Замзам шығып жатқан жері, қажылыққа баратындар, 2016 жылы Қазақстаннан 3000 адам барғандығы, Зәмзәм суының «Біз білмейтін қасиеттері» туралы айтып өтемін)
Қазіргі уақытта басқа діни секталарға кетіп, арты қайғылы жағдайға душар болғаны, хиджаб мәселесі туралы айтамын.
Сергіту сәті «Сандар сөйлейді»
Сымайылдың өкшесінен су шығып жатқан Б.Байділдаевтың суретіне тоқталу. Оқушылардың ойын білу.
Сөздік: Зәмзәм – зәм-зәм (араб) – жиыл-жиыл, тоқта-тоқта.
Екі топқа: «Жинақтау» кестесі.
Ибраһим | Сара | Ажар | Сымайыл |
Пайғамбар. Бала сүйді. Алланың әмірін орындады. Шариғат заңымен жүрді. Аллаға шүкіршілік етті. | Ибраһим әйелі. Бала көрмеді. Қызғанды. Қорланды. Күйеуін үгіттеді. Айтқанын орындатты. | Күң. Кейін Ибраһим әйелі. Ұлды болды. Елсіз жерде қалды. Қиналды. Алла шапағатын көрді. Аллаға разылығын жаудырды. | Бала. Шөлдеді. Шырылдады. Әлі кетті. Кенезесі кеуді. Алла мейірімін көрді. Суға қанды. |
«Кім жылдам» стратегиясы.
(Мақал-мәтелдің жалғасын табу)
1.Су ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
- Сусыз өмір жоқ,
Отсыз темір жоқ. - Су сағасы — бұлақ,
Сөз сағасы — құлақ. - Су бергеннің сауабы бар,
Су төккеннің жауабы бар.
«Себеттегі жұмбақтар» ойыны
І топқа
- Жылт-жылт етеді,
Жылғалардан өтеді. (Су)
2. Сылқ — сылқ күлед,
Аяғы жоқ жүреді. (Су) - ІІ топқа
Еш тесiкке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (Су)
4. Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бiрақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң – қорын тек,
Барша тiрлiк қурайды. (Су)
Оқушылар шығармашылығы. Өз ойларын өлеңмен, қара сөзбен, т.б. беру.
- Қорытындылау.
- Мекке, Медине қандай қалалар?
- Зәмзәм суының артықшылығы неде?
- Құран Кәрім кімнен, кімге, кім арқылы түсті?
- Зәмзәм суы қайда екен? Т.б. сұрақтар қойылады.
Интербелсенді тақтадан «Зәмзәм» тақырыбында бейне көрініс (видеороликтер) көрсету.
- Бағалау. Оқушыларды, белсенді топты бағалау, марапаттау
- Үйге тапсырма беру.«Зәмзәм» әңгімесі. Б.Байділдаевтың суретін салып келу.
Бағалау парағы
І топ «_____________»
№ | Оқушының аты-жөні
| Үй тапсырмасына қатысуы
| Постер құрау, қорғау | Мақал-мәтелдің жалғасын табу. Жұмбақтар шешу | Жинақтау кестесін толтыру | Қорытынды баға |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 |