«Тәрбиеде әсер беретін нәрсе — өскен орта, ата-ананың тәрбиесі»,
«Сүтпен кірген сүйекпен кетеді», бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдеттен қалмайды.
Мақсаты:Бала-адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың парызы мен міндеті екенін ұғындыру.
Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екені әр дайым айтылады.Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бала білуге құмар, көргеніне еліктегіш, түсінбесе сұрағыш, көкірегі таза, сыншыл және шыншыл болады. Баланың бойындағы осы қасиетін сақтау үшін оған тура шыншыл, адамгершілік тәрбие керек. Қазіргі уақытта балалардың телевизор, компьютердерден көретіні ұрып -соғу, жан-жануарларды жәбірлеуді көреді. Осыны көрген бала іштей ненің дұрыстығын, ненің бұрыстығын түсіне бермейді. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол.Тәрбиеге әсер ететін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, балаға кері әсер етеді.Тәрбие дегеніміз ата-ана баласына қандай үлгі көрсетеді,өзі балаға қандай үлгі бола алады тәрбие содан басталады,үлкендердің өзіндік тәрбиесінен . Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы балаға үлгі-өнеге алатын басты нысанасы болмақ.
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан бойынша мектепішілік іс-шаралар өткізілуде.Адамға жасынан бұлақ суындай мөлдір, айнадай таза болып өмір сүруге машықтандыру үшін аса үлкен тәрбие керек.Нәресте сөйлей алмасада бәрін түсінеді. Сондықтан оның қасында келеңсіз жағдай жасауға , былапыт сөйлеуге, айқай-шу көтеруге болмайды.Әр ата-ана баласын жақсы адам болса екен деп армандайды. Алайда, ол тез арада тамаша адам бола қоймайды. Ол үшін өздері арасын сыпайы қатынасып мәдениеттілік танытумен қатар, оғаш мінез шығармауы қажет. «Балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі»-деген аталы сөз содан қалған.
Сондай-ақ баланы мән-мағанасыз еркелететін ата-аналарда жиі кездеседі.Еркеліктіңде жөні бар. Көп еркеліктен бала өз білермендігімен кетеді де,әрі әке-шешесінің тілін ала бермейтіндігі кездеседі. Қандай да бір жағдайға төзімсіз, тентек болып кететіндер де бар. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала қандай ортада тәрбие көрсе, сондай ортаға үйренісіп, сіңісіп, өз дегенінде дәл ата – аналардың қателіктерін қайталайды, яғни келесі келер ұрпақ та зорлық – зомбылық ортада тәрбиеленеді.Ендеше, баланы сеніммен тәрбиелеу – зор нәтиже береді деп ойлаймын. Су жұмсақ, тамшылап тұрып, тасты теседі. Әке-шеше ретінде қоқаңдап, өз ойыңды тықпалай берсең, баланың тұлғалық қасиеттері ашылмай қалады. Бетінен қақпа, бірақ белін буып жолға сал. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.Сонымен В.А.Сухомлинский «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.»
Максимова И.Б.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектеп,
мектеп психологы