Home » Мақалалар » Зорлық зомбылықсыз — балалық шақ

Зорлық зомбылықсыз — балалық шақ

Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.

Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби.

Сол себептен білім саласында «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» бағытындағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлінеді.

Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатында 7 «ә» сынып және 8 «ә» сынып жасөспірімдер арасында тәрбиешілер Б.Б.Айнагулова мен Н.М.Амирова «Балалық шақ зорлық-зомбылықсыз» атты сынып сағатын ұйымдастырып өткізді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін ұстануға, тәртіпті тұлға болуға тәрбиелеу.

Балалар сынып сағатына белсенді қатысты. Сынып сағатының барысында «Бала құқығы» ағашын жасай отырып, өзара пікір алмасты, зорлық-зомбылық туралы өз білімдерін постерға салып, қорғады. Қиын жағдайлардан шығу жолдарын қарастырды. «Бақытты өмір сүру дегеніміз не?» — деген сұраққа жауап іздеу барысында тәрбиешілер оқушылардың жағымды көзқарастарын қалыптастыруды қөздеді.

 

 

Айнагулова

Бинур Балтабаевна

 

Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының тәрбиешісі,

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.