Израильдік стартап технологиялар мен мектеп кәсіпкерлігі жөніндегі «Моментум» халықаралық жобасының жабылуы аясында Астанада сегіз инновациялық жоба ұсынылды.
«Моментум» – бірегей білім беру жобасы, ол Қазақстанда Тель-Авив университетіндегі Достар ассоцияциясының бастамасымен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында атқарылды. Үш ай ішінде елорданың Зияткерлік және жалпы білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушылары өздарінің бизнес-жобаларын, венчурлік қорларын және мұқият стартаптың қазіргі заманғы үлгісін құру мен ілгерілету, яғни дамыту жолдарын оқыды. Оқушылардың бизнес-ойлау қабілеттерін қалыптастыру, инновацияның экожүйесін құру, зияткерлік жобаларды экономиканың нақты секторына енгізу тақырыптарында белгілі тренерлердің мастер-класстары ұйымдастырылды. Олар – Тель-Авив университетіндегі Кәсіпкерлік орталықтың негізін қалаушы Елена Донец, Duco компаниясының менеджері Марина Цимблер, Тель-Авив университетінің профессоры, қазіргі флеш-карталардың құрастырушысы Семен Лицын, табысты әлемдік стартаптардың негізін қалаушы Игорь Нусинович, сондай-ақ қазақстандық жас кәсіпкерлер – Арслан Даримов, Мұхтар Қуанышбайұлы, Бағдат Уапов және Дагар Даулетов. Бизнес-идеяларды алға жылжыту, бизнес-жобаларды экономиканың нақты секторына енгізу мәселелеріне баса көңіл бөлінді.
Оқушылар уоркшоптарда әзірлеген өз жобаларын ұсынған уақыттан бастап «Моментум» ақиқатқа айналды. Бұлар – Қазақстан бойынша туристтік маршруттар құру, бөлмеішілік декоротивтік өсімдіктерден энергия алу, белгілі шетелдік заттарды жеткізу және оларды бізің елде орнату, қуатты снэктерді жеткізу және сату, белгілі шетелдік тәтті тағамдарды іске асыру. Интернетте инновациялық әзірлемелерге арналған үш жоба салынған – инвестерлер мен стартапшыларды біріктіретін онлайн-платформа, сондай-ақ өзін-өзі ынталандыру мен тайм-менеджмент бойынша мобильдік қосымшалар.
Жас кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын Тель-Авив университетіндегі Достар ассоцияциясының президенті Александр Машкевич өте жоғары бағалады. Жоба қатысушыларына бейнеүндеу арқылы сәлемдеме жолдаған Александр Антонович өз сөзін былайша түйіндеді:
– «Сіздер осындай керемет ел – Қазақстанда өмір сүрудесіздер, мұнда өскелең ұрпақ үшін өзін-өзі дамытудың барлық мүмкіндігі бар. Кәсіпкерлік қызмет тек сырттан ғана әдемі әрі оңай болып көрінеді. Шын мәнінде ол дегеніміз тынымсыз еңбек, үлкен тәуекел, жоғары жауапкершілік, мүмкіндіктерді табу мен іске асыру тапқырлығы. Мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басшылығына сіздерге кәсіпкерлікті оқу және қабілеттілікті қалыптастыру үшін жасап жатқан қамқоршылығына ризашылығымды білдіремін. Бүгінде төртінші өнеркәсіп революциясы ғасырында жүздеген кәсіптер жойылып, жүздеген жаңа кәсіптер пайда болуда. Сіздер Қазақстанның келешегін, экономикасын, саясаты мен мәдениетін қалыптастырушылар ретінде әлемде болып жатқан өзгерістерге нақты әрі жылдам икемделіп үйренулеріңіз
қажет. Мен сіздерге үлкен-үлкен табыстар тілеймін, себебі Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда».
Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Ануар Жанғозин, Тель-Авив университетіндегі Кәсіпкерлік ассоциациасының вице-президенті Сания Арапова, Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің директоры Жұлдыз Сүлейменова, «Атамекен» ҰКП адам капиталын дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев, «Astana Innovations» АҚ маркетинг департаменті директорының орынбасары Жасұлан Кенжеғалиев және Rocket Study оқыту орталығының негізін қалаушы Арслан Даримовтар байқауға төрелік етіп, жоба жеңімпаздарын анықтады.
Зияткерлік мектептердің Анель Бекжігіт, Сания Мұханова, Богдан Берлов және Ернар Надырбаев сынды оқушылары байқау жеңімпаздары болып танылды.
Бірінші пилоттық сатыдағы жетістік халықаралық жобаны одан әрі дамыту мен ауқымын арттыру үшін қолданылады. Тель-Авив университетінің Кәсіпкерлік орталығымен қазақстандық оқушылар үшін арнайы әзірленген барлық методикалар Зияткерлік мектептерге берілетін болады. Астанада оқудан өткен оқушылар мен оқытушылар израильдік технология бойынша стартаптар саласында тренер болады деп күтілуде.
«Моментум» аясында еліміздің барлық өңірлеріндегі жалпы білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушыларын стартап экожүйесі мен негізгі кәсіпкерлік қабілеттерін арттыруға оқыту жоспарлануда.
Альбина Елеуова