Home » Жаңалықтар » ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕН ГАРВАРДҚА: СЕЛІМЖАННЫҢ ГРАНТЫ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕН ГАРВАРДҚА: СЕЛІМЖАННЫҢ ГРАНТЫ

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Селімжан Чалышкан Гарвард университетінің білім грантына ие болды.

Селімжан Чалышкан – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ең талантты оқушыларының бірі. Оқушы биологиядан Қазақстан олимпиадалық командасының құрамына кіреді. Селімжанның қоржынында – Тегерандағы International Biology Olympiad – 2018 сайысының қола медалі, сондай-ақ республикалық алтын және қола медальдар бар. Ғылыми жетістіктерінен бөлек инновациялық жобалар жасаудан табысты тәжірибелері көп. 2017 жылдың аяғында Селімжан Чалышкан Любовь Дудченкомен бірге «Әлеуметтік маңызды инновациялар» жобасымен республикалық NURINTECH республикалық жастар конкурсында бірінші орынға ие болды. Олардың «Оqyp kör» атты өнертабысы мәтіндерді Брайль қарпінде камера арқылы көрсететін құрылғысы зағип жандардың ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Селімжанның наградаларының тізімінде мейкатон жеңімпазының «ТОМ:АLMATY» және Kazrobotics – 2018-дің дипломдары бар. Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы еріктілік қызметімен айналысып, «Қаланың эко-батыры» шеніне ие сонымен қатар ASU жасыл ел қозғалысын қолдағаны үшін, халықаралық IT-стартап Astana Hub технопаркінің ашылуында балалардың оқу-роботототехникасының дамуына белсенді түрде қатысқан.

SAT Subject Tests халықаралық емтиханынан жоғарғы көрсеткіші мен жетістігі – әлемнің ең беделді оқу орнына оқуға мүмкіндік берді. Гарвардттың қабылдау комиссиясының өкілдері үміткердің «кешенді» білім алу саясатын ұстанады. Айталық, өткен жылы Гарвардтта оқуға ниет еткен 43 000 үміткердің тек 2000 ғана сынақтан сүрінбей өтіп, шақырту алған.

Айта кету керек 2018 жылдың соңында Алматы физика-математика бағытындағы Назарбаев мектебінің оқушысы Ақназар Қажымұрат та Гарвард университетіне тегін оқуға шақырту алған. Ол SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында ең жоғарғы – 36/36 және 2400/2400 ұпай жинады.

Сондай-ақ Селімжан оқуға түсу талаптары ең жоғарғы оқу орындарының бірі Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің 100 пайыздық грантына ие болды. Ғылыми-зерттеу университетіне түсуге ынталы студенттердің тек 3% -ы ғана өз арманына қол жеткізеді. Мұнда әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған талапты балалар оқиды. Наурыз айында университеттің шақыртуымен қазақстандық жас талант оқу ордасымен және оның ұжымымен танысты.

– Қазіргі таңда оқитын университет пен мамандығымды таңдаған жоқпын. Ата-анама және мектебіме мені қолдап, сенгендері үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бірінші сыныптан үздік оқыдым. Бірақ НЗМ-де баға үшін емес, өзің үшін және білім үшін оқу керектігін түсіндім, – деп ағынан жарылды Селімжан Чалышкан.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.