Home » Жаңалықтар » Зияткерлік марафоны өтті

Зияткерлік марафоны өтті

Қарағандыда  Ахмет Байтұрсынұлының ақталғанына 30 жыл жыл толуына және Астананың 20 жылдығына арналған дәстүрлі «Алаштану» III қалалық зияткерлік марафоны өтті.Дәстүрлі шара №41  жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратында өткен болатын.

9-10 сынып оқушылары арасында дәстүрлі түрде өткізілетін «Алаштану» зияткерлік марафонының бұл жолғы ерекшеліктерінің бірі — шараға орыс тілді білім алатын оқушылардың қосылуы болды.
Бұл марафонның басты мақсаты — Алаш ардақтыларын ұлықтап,  мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметін зерделеу арқылы оқушының  зияткерлік және зерттеушілік қабілетін дамытуға қолдау жасау болып табылады. Жалпы үшінші рет өткізіліп отырған марафонға бұл жолы Қарағанды  мектептерінен жиналған 49 оқушы қатысып өзара кім мықтыны анықтады.

Аталмыш марафонның деңгейі жылдан-жылға артып келе жатыр деуге болады. Себебі алғашқы марафонға 20 мектеп келген болатын. Екінші марафонға 30 мектеп оқушылары қатысса, бұл жолғы марафонға 35-ке жуық мектеп қатысып отыр.17 оқушы орыс тілінде білім алатын сыныптан келіп отыр.

Марафон қорытындысы бойынша 9 -сыныптар арасында №81 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Тілеубергенова Диана жеңімпаз болды. 10- сыныптар арасында осымен қатарынан екінші рет №76 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Зекенова Орал Жаңғазықызы жеңімпаз атанды.

 

 

Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.