Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) » Зияткерлікке жол бастар – тиімді бағалау үдерісі

Зияткерлікке жол бастар – тиімді бағалау үдерісі

 «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін

 ең алдымен азаттық пен білім қажет».
Шоқан Уәлиханов.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы ширек ғасыр 25 жыл толып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы кешегі хас батырларымыз Қабанбай мен Бөгенбайлар, бертін келе азаттықтың туын желбіреткен Амангелді мен Махамбеттер, Кеңес одағы тұсында «Алашорда» құрамы деп қуғын-сүргінге ұшыраған Ахмет, Мағжан, Міржақыптардың аңсаған армандарын орындап, еліміздің тәуелсіз, дербес өмір сүруінің кепілі болып табылады. Алғашқы күндерден-ақ Қазақстанды басқаруда сарабдал саясат ұстанып, «Ең әуелі экономика, одан кейін саясат»,- деген бағытты ұстанып, халықтың әл-ауқатын жақсартып, өзекті мәселелерді шешіп, ішкі саясатты сыртқы саясатпен үндестіре, үйлестіре отырып еліміз толағай табыстарға қол жеткізіп отыр.

Білім беру саласы да орасан өзгеріске ұшырап отыр. Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ жанындағы Педагогикалық шеберлік орталықтары тарапынан елімізде мұғалімдерді деңгейлік бағдарламалар бойынша ұстаздар қауымының «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында біліктілігін арттыру» курстары жүзеге асырылуда. Оңтүстік өңірде 2012-2013 жылдары «Физика-математика бағытындағы Назарбаев ДББҰ» және «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ» сынды бірегей оқу ордалары ашылып, жаңартылған білім беру бағдарламасымен жұмыс жасай бастады. Аймақтардағы жалпы білім беретін мектептердің барлығы дерлік кең жолақты интернетке қосылып, материалдық-техникалық базасы жаңартылуда, үш ауысымдағы мектептерге жаңа ғимараттар салынып, ескі ғимараттар қайта жөндеуден өтіп, оқушылардың толыққанды жұмыс жасауына мүмкіндіктер жасалуда.

Бүгінгі таңда балаларымыз «5» деген бағаны алғаннан кейін Нені оқу керек? Қай бағытта жұмыс жасау керектігі жөнінде ақпарат алмайды. Ертеңгі күннің тақырыбына қатысты ақпарат іздемеуі де мүмкін. Сонымен қатар балаларымыз дәстүрлі оқытудағы тәсілдерді қолданатын мұғалімдеріміз қойып жүрген бағалау үдерісінің салдарынан оқуға деген ынтасын жоғалтып алуды. Себебі «5», «4» деген бағаны балалар не үшін алғанын түсінбейді. Мысалы бастауыш сыныпта «Әдебиеттік оқу» деген пәннен бір оқушы белгілі бір өлеңді жатқа айтқаны үшін «5» деген баға қоямыз, ал келесі оқушы өлеңді жатқа айтады әрі буын санына қарай талдау жасайды мұғалімдеріміз ол оқушыға да «5» деген баға қояды. Немесе физика пәнінен бір бала тартылыс заңының ережесін жатқа айтады оған «5», ал ережесін айтып әрі тәжірибе жүзінде дәлелдеп берген оқушы да «5» деген баға алады. Үлгерімі төмен оқушыларға көп жағдайда үштік бағалар дәптерге ережелерді жазып немесе оқып бергені үшін қойылуы мүмкін. Осы тұста бағалауды тиімді ету үшін еліміздегі білім беру саласына критериалды бағалау жүйесі ендірілуде.

Нақтырақ айтқанда Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы менеджерлерімен «Критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру курсының
білім беру бағдарламасы» бойынша облысымыздағы мектептердің 1060 оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арнайы курстан өтті. Олар өз кезегінде мектептерінде 2016-2017 оқу жылында 1-сынып оқушыларына алдағы уақытта кезең кезеңімен барлық сыныптардың бағалау жүйесіне енгізілген өзгерістің ерекшеліктерін мектеп мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді деп күтілуде.

Оқушылардың белгілі бір кезеңдегі білім деңгейін анықтау үшін ең әуелі білім алушылардың оқу жетістігін бағалау үдерісі  мен критериалды бағалау үдерісімен жұмыс жасаймыз. Ол үдерістерке төмендегіше анықтама беруге болады.

Оқу жетістігін бағалау — білім алушының кері байланыс арқылы оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижесін белгілеу үдерісі.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

Критериалды бағалау жүйесінде екі үдеріс өте маңызды болып табылады. Бірі қалыптастырушы бағалау екіншісі жиынтық бағалау деп аталады.

Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.

Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрі

Қалыптастырушы бағалау үдерісінде балаларымыз күнделікті тапсырманы қай деңгейде меңгергенін біліп қана қоймай, ол қателерді дер кезінде түзетуге мүмкіндік алады. Мұғалім оқушыларға кері байланыс беру арқылы жетістіктері мен ұсыныстарын білдіре алады. Қалыптастырушы бағалау балы ресми тіркелмейді.

Жиынтық бағалау үдерісі ұалыптастырушы бағалауға қарағанда біршама ерекшелігі бар. Нақтырақ айтқанда балалардың белгілі бір оқу кезеңіндегі (І-ІVтоқсандарда немесе оқу жылы) білімінің қай деңгейде екенін көрсетуі қажет. Жиынтық бағалау бөлімдер санына байланысты бірнеше рет «Бөлім бойынша жиынтық бағалау»өткізіледі. Ал тоқсан соңында бір рет балдық жүйемен тоқсандық жиынтық бағалау өткізіледі. Бұл нәтижелер біріктіріліп, ресми түрде тіркеліп, бағаға айналдырылып қойылады.

Оңтүстік Қазақстан ғана емес Республика мұғалімдеріне «Критериалды бағалау жүйесін» сабақтарға қалай ендіру қажет, тапсырмаларын әзірлеп, ерекшелігін таныстыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептері Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қалалық филиалы және барлық филиалдар бар күш-жігерін салып жұмыс жасауда. Алдағы уақытта бұл өзгерістер жаңа бағдарлама, критериалды бағалау жүйесіенің ендірілуі өз оң нәтижесін береді деген сенімім мол.

 

 

Нуржаутов Сакен Даутбекович

Назарбаев Зияткерлік мектептері

ПШО Шымкент қаласындағы филиалының тренері

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.