Home » Жаңалықтар » ЗИЯТКЕРЛЕР ЕЛБАСЫ ТАҒЫЛЫМЫН ТАНИ ТҮСТІ

ЗИЯТКЕРЛЕР ЕЛБАСЫ ТАҒЫЛЫМЫН ТАНИ ТҮСТІ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: өмірбаяны мен жасампаз идеялар» тақырыбында  семинар-тренинг өтті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Қызылорда облысында бастау алған  «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында өткізілген шараға  7-11 сынып оқушылары мен мектеп қызметкерлері қатысты.  Тыңдаушылар Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлері әзірлеген Ұлт Көшбасшысының өмірі мен қызметін зерттеу туралы «Елбасытану» элективті курсынан әлем мойындаған тұлға туралы қызықты деректерді білді.

«Нұрсұлтан Әбішұлының сыныптастарымен,  еңбек жолындағы әріптестерімен кездесіп, Елбасы туралы жарияланбаған қызықты ақпарат жинақтадық. Құнды деректердің барлығы арнайы көрмеге қойылып, қазіргі таңда көшпелі жоба аясында ел тұрғындарына таныстырылуда», – дейді кітапхананың жетекші ғылыми қызметкері Ләйлә Омарова.

Семинар барысында оқушылар  көшбасшы болудың негізгі қағидаларымен танысып, лидерлік қасиеттерді дамыту бағытында білімдерін жетілдірді. Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкері Асия Оспанова зияткерлерге көшбасшыға тән имидж және оның негізгі ұстанымдары жайында ақпарат беріп, аудитория алдында сөйлеу, өзін-өзі көпшілік алдында ұстай білу ережелерін түрлі белсенді әдіс-тәсілдер арқылы көрсетті.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихында ойып тұрып орын алатын тұлғалардың бірі. Өзінің өмірін еліміздің дамуымен байланыстыра білді. Оның қолға алған әрбір бастамасы халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызы зор. Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектептерін ашу туралы шешімі де біздің сапалы білім алуымызға жол салды», – дейді 10-сынып оқушысы Бақнұр Амангелді.

Семинар соңында курс тыңдаушыларына Елбасы кітапханасының сертификаттары мен «Біздің Президент» атты кітабы табысталды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.