Зикенова А.З.Какимова Г.Д
Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы
«№39 ЖОББМ » КММ бастауыш сынып мұғалімдері
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіедегі көркемдік талғамын қалыптастыру,қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз — елдің көркі » ( ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Мирас: Құрметті ата-аналар!Біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Аружан: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілейміз!
Мирас: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы -2018» сыныбымыздың қыздар байқауына қош келдіңіздер!
Аружан: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі»деген сөзі,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
Мирас:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып басып.
Аруларын сйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
1)Ай секілді өзі де,
Сыңғыр-сыңғыр сөі де.
Айым деген арудың
Әдемі ғой көзі де
2)Қуанттады білімімен бізді Нұрай
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз
Білімің серік болсын талабына
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
3) Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын
Жансая деген арудың,
Кезі келді алтын алқа тағатын.
4) Сабағынан қалмайды,
Жалқаулыққа бармайды.
Мөлдір бүгін сайыста
Ән мен жырын арнайды.
5) Құлпырған дала гүліндей,
Жүресің әр кез күлімдей.
Арманыңа аңсаған Аяжан
Ақниетпен жет, сүрінбей.
Аружан:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
(Әділқазылар алқасымен таныстырып өтіледі)
Мирас:
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1-шарт. «Сәлем сөздің атасы»-деп аталады, әр ару өзін-өзі таныстырады.
2-шарт. «Өнерлі өрге жүзер»,әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, жыр, мәнерлеп оқу қолөнерлер)
3-шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
4-шарт. «Сәндік өнер», яғни қыздар өз киімдерінің сән үлгісін көрсетеді.
5-шарт. «Ою ойғанның ойы ұшқыр»(қағаздан ою ою)
6-шарт. «Ас мәзірі» (таныстырып, түсіндіреді қалай жаслғаны туралы)
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға қош келдіңіздер деймін!
Аружан: Келесі кезек қыздарымыздың реттік нөмірін анықтап алайық!
(Әркім өздері келіп таңдап алады)
Мирас: Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, -дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастайды.
Ендеше 1бөлім «Сәлем сөздің атасы» таныстыру.
(Әділқазыларымыздың берген бағалары айтылып, жазып отырады.
Аружан:
2-бөлім.
Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер жырға түсер өлеңімен.
Ал біздің қыздар шығып ортамызға
Дарынын танытады кезегімен.
Өнер сайысы
(Әділқазыларымыздың берген бағалары айтылып, жазып отырады)
Мирас.
3бөлім
«Білімді мыңды жығар»сұрақ-жауап
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты-дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
(Әділқазыларымыздың берген бағалары айтылып, жазып отырады)
Мұғалім: Аналарға құрмет. Аруларымыз келесі сайысқа дайындалып жатқанда ұлдар аналарына арнап өнерлерін көрсетеді.
- Балалар, ана деген сөзді қалай түсінесіңдер?
(Оқушылар төмендегі сөздерді айтып,қолдарындағы жүрекшелер мен сыйлықтарын бір –бірлеп апарып ұсынады)
Ақжол: Ана-үйдің жылуы,
Аслан: Ана-болашағың,
Тілеуберген:Ана-бақытың,
Темірлан:Ана-қорғаның,
Шыңғыс:Ана- әр үйдің күні,
Ғабит: Ана-байлығың,
Нұрсұлтан: Ана-тірегің,
Арнур:Ана-қамқоршың
Нұрислам: Ана-ақылшың,
Жанжігіт:Ана-ақылшың,
Алим:Ана-жанашырың,
Мырза:Ана-тыныштығың!
4-бөлім.
«Сәндік өнер»
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз сәндік өнер.
(Әділқазыларымыздың берген бағалары айтылып ,жазып отырады)
Мирас:
5-бөлім.
«Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ояды)
(Әділқазыларымыздың берген бағалары айтылып ,жазып отырады)
Аружан:
6-бөлім.
«Ас мәзірі» (қыздарымыз үйден дайындап әкелген астарымен таныстырады)
«Ас мәзірі» (таныстырып, түсіндіреді қалай жасалғаны туралы)
Мирас:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымызда да аяқталып келеді.Ал қазірәділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен , ойнайық!
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық-дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.
Аружан:
Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
Мирас:
Өнер-білім серігің, адам-атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тәмам болды.
Бәрін аман болыңдар,жамағатым.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер.Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз.Осындай іс-шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп-көп алғыс айтамыз, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!