Home » Ашық сабақтар » Зерттеу-жобалау жұмысы «Таңғажайып аспан әлемі»

Зерттеу-жобалау жұмысы «Таңғажайып аспан әлемі»

Мақсаты: балалардың аспан әлемі туралы алған білімдерін бекіту. Аспан әлемі туралы алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсету.

— Балалар, бүгінгі біздің ғылыми зерттеу тәжірибемізді көріп қатысуға көптеген қонақтар   келіпті Ендеше, барлық қонақтармен  сәлемдесіп алайық.

-Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер!

Здраствуйте, добро пожаловать!

Hello, welcome!

Тамерлан

1-тәжірибе:«Күндізгі жұлдыздар»

Мақсаты: жұлдыздардың күндіз де жанып тұратынын көрсету.

Қорапшаны бір жағын бірнеше жерден тесеміз

Қорапшаның ішінен жарық жағамыз

Қорапшаның сыртынан жарық түсіреміз

Нәтижесінде мол жарықтың әсерінен қорапшаның ішіндегі жарық бізге көрінбейді.

Жұлдыздар да сондай кундіз күннің мол жарығынан бізге жұлдыздар көрінбейді

Ибрагим                                                 

2-тәжірибе:«Күн мен түн»

Мақсаты: Күн мен түннің ауысатындығын тәжірибе арқылы көрсету

Қараңғы бөлменің ішінде шам жарығын жағамыз және жарықты глобусқа қарай бағыттаймыз.

Түсіндіру: «Шам жарығы – бұл күн, ол жарығын жерге түсіреді, жердің жарық жанған бөлігі  — бұл  күндіз, ал жарық түспей тұрған жағы түн»

Қорытынды:

Таңғажайып аспан әлемінде болып жатқан құбылыстарды тәжірибе жасау арқылы көре аламыз.

Келіп тамашалағандарыңызға алғысымызды айтамыз.

 

  Жалимбетова Айнагүл
Қызылорда облысы, Арал қаласы
«Алтын балық» бөбекжайының тәрбиешісі

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.